Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Басты мақсатымыз - мемлекетіміздің болашақ ұрпағын, жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту -

Басты мақсатымыз - мемлекетіміздің болашақ ұрпағын, жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 995 | Размер: | Автор: Публикатор
. НАРМЕТОВА САХАБАТ МАМУРЖАНОВНА
Сайрам ауданы,
Манкент ауылы,
№6 негізгі орта мектеп- интернаты
бастауыш сынып мұғалімі

ЭССЕ
Ел болам десең, бесігіңді түзе.

Басты мақсатымыз - мемлекетіміздің болашақ ұрпағын, жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту
Еліміз тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы аз уақыттың ішінде Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміздегі адам факторы бағытында орасан көп игі жұмыстар жасалды деп айтуға болады. Еліміздегі бала мәселесі, олардың тәрбиесі білім алуы мен денсаулығы, ел саясатының маңызды бөлігі ретінде Үкімет жұмыстарында басымдыққа ие болып отыр. Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы келе жатқан жас ұрпақта» екенін нақты атап көрсеткен болатын. Осыған орай мемлекетіміздің болашақ ұрпағын, жаңаша әдіс-тәсілдермен оқытып, олардың дамуына оң ықпал ету, біз мұғалімдердің басты мақсатымыз екендігі белгілі.
Кембридж бағдарламасы бойынша оқытуда жас мамандардың білімін әрі қарай жетілдіру, олардың мақсатқа жетуі үшін өз ықпалын тигізетіндігі анық.Расында да , бұл курстың ерекшеліктері ,мұғалімдерге берері көп екендігіне көз жеткіздім.Бұл бағдарлама мен танысқаннан соң мұғалімнің болашақтағы іс- әрекетіне өте жауапкершілікпен қарау, оқушыларды «қалай оқу керектігін үйретуді» соның нәтижесінде ұшқыр ойлы, сана сезімі жоғары, өз пікірін ашық айтып дәлелдей алатын тұлға ретінде қалыптастыру. Мен осы жаңаша әдіс -тәсілдерді , сабағыма модульдерді кіріктіре отырып, оқушыларымның қалай өзгергендігін тәжірибе кезінде сынақтан өткіздім. Өзімді де жаңаша мұғалім болып жатқанымды сезіндім. Жаңалықтарды өзімнің бойыма сіңіріп жатқанына қуана қарап одан да көп әдістер үйренуге ұмтылатын болдым. Баланың келешегі оның өмірде өз орнын табуы тікелей ұстазбен және оның берген біліміне байланысты екендігі хақ.Алайда баланы бесіктен бастап тәрбиелеу керек деген сөздің түбінде қанша мағына жатыр.Болашақ ұрпақты өскелең заман деңгейіне сай білім-білік дағдыларымен қаруландыру, келешекте өз отанына көмегі тиетін ауқымды жұмыстарды атқара алатын, шығармашылық пен биіктерден көрінетін, білімді де, жауапкершілігі мол, асқан шебер оқушылар тәрбиелеу және білім беру ұстаздардың міндеті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.