Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Батырлар жыры туралы түсінік -

Батырлар жыры туралы түсінік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6382 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О.А.Жаутыков атындағы
жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Асанова Индира Мукаевна

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры туралы түсінік
Қамбар батыр жыры
Сабақтың мақсаты:
а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту, Қамбар батыр жырының мазмұнымен таныстыру,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау , топпен жұмыс,талдау, деңгейлік тапсырмалар т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, АКТ құралдары (интерактивті тақта) маркер, плакат, слайдтар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырма: Аңыз әңгімелердің негізгі түрлері қандай? Аңыз кейіпкерлері жайлы қандай мәлімет бере аласың?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Батырлар жыры туралы не айтар едің?
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елін сүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.
Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.
Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер бойынан осы қасиеттерді айқын танимыз.
Қазақтың батырлар жырының көбі Шоқанның айтуынша, "Алтынорда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда XIV, XV—XVI ғасырларда жасалған сияқты".
Батырлық дастандарда батырлар тек ерен ерлігімен ғана емес, адамгершілік қасиеттерімен де, жан ізгілігімен де көрінген. Олардың ата-анасына, бауырларына деген мейірімінен, жарына деген адалдығынан мұны айқын аңғарамыз. Тапсырма № 1

Батырлар жырының басты тақырыбы

БАТЫРЛЫҚ ЕРЛІК ЕЛДІ СЫРТҚЫ ЖАУЛАРДАН

ҚОРҒАУ
Тапсырма № 2 Постер қорғау
I топ
«Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған...»
II топ
«Қазақ эпостану ғылымы»
III топ «Эпостық жырлардың көркемдік болмысы, зерттелуі»

Бағалау мөлшерлері:Мазмұнын дұрыс жеткізуі
Дәйектемелерді нақты келтіруі
Мағынаның толық ашылуы

«Қамбар батыр» жыры
Тапсырма №3 «Ойлау баспалдағы»
I топқа
«Қамбар батыр» жыры туралы жалпы мәлімет
II топқа
Кейіпкерлер әлемі
III топқа
Негізгі оқиғалар тізбегі
Баяндау жоспары
1.Қамбардың дүниеге келуі
2.Әзімбайдың байлығы мен Назымның сұлулығы
3.Назымның жар таңдауы
4.Қамбардың елге қамқор болуы
5.Назымның айласы
6.Алты ағаның Қамбарға қарсы шығуы
7.Алшыораздың ақылы
8.Қалмақ ханның елшісі
9.Қалмақ ханы Қараманның Әзімбай еліне жетуі
10.Қамбардан жәрдем куту
11.Жекпе-жек
12.«Ерлікпен жетті мұратқа-Қамбар сынды еріңіз»

Тапсырма № 4 «Қолдану тапсырмалары»
I деңгей
Қораз,Дараз,Алшыораз, Қайдасың,-деді,-Қарымсақ?
Қорлағаны емес пе, Жалаң пяқ жарлының?- кімнің сөзі?
II деңгей
Ноғайлы елі Қамбар батырға елшілікке жіберген кісі
III деңгей
Қамбар мінген тұлпар қалай аталады
Осы тапсырма бойынша қорытынды баға шығару

Тапсырма №5 «Тұжырым кестесі»
Жырдағы кейіпкерлер Іс-әрекеттері Ой қорытындысы
Алшыораз

Қараман

Қабыршақ


Тапсырма №6 «Талдау тапсырмалары»

Ер қанаты -…………
........................,қол батыр.
Аяз ............ , құмырсқа............біл.
...........туса ел ырысы.
Әке - ........ тау, ........... – шалқар көлің.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау: Бағалау өлшемдері жазылған қағаз бойынша оқушылар өздерін бағалайды. Мұғалімнің тексеру і(өлшемдер бойынша)
Үйге тапсырма: «Қамбар батыр мен Қобыланды батырдың бейнелерін салыстыру.

Қарқаралы қаласының Академик О.А.Жаутыков атындағы жалпы білім беретін №1қазақ орта мектебі КММ

Қарқаралы қаласының Академик О.А.Жаутыков атындағы жалпы білім беретін №1қазақ орта мектебі КММ

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

«ҚАМБАР БАТЫР» ЖЫРЫ




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Асанова И.М.



2015-2016 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.