Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бауырсақ жаттығулары. Шымырбекпен бірге ертегі -

Бауырсақ жаттығулары. Шымырбекпен бірге ертегі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1272 | Размер: | Автор: гость
. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Білім беру саласы: Вариативті компонент
Тақырыбы: Бауырсақ жаттығулары. Шымырбекпен бірге ертегі
Бөлімдері: Шымырбектің денсаулық сатылары
Мақсаты: Балалардың шеңберден шеңберге секңре білулерін нығайту, аяқтың ұшымен тұруға, доғаның астымен өтуге, допты домалата білуге үйретуді жалғастыру. Жылдамдық сияқты қасиетін дамыту.
Қостілділік компонент: доп-мяч
Қолданылатын құрал-жабдықтар: жануарлардың бетпердесі, доптар

Өткізілу кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық- оятушылық кезең Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер жасап тұрып, бір-бірімен амандасады.

Тәрбиеші: Балалар, менімен де амандасыңдар, деген кезде, дауыс естіледі де сырттан Бауырсақ келеді.
Бауырсақ ертегісін есімізге түсірейік.
Шымырбек: Мен айтайыншы!
Тәрбиеші: Айта ғой Шымырбек, сен де келіп қалғансың ба?
Шымырбек: Иә.
«Баяғы заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне: - Маған бауырсақ пісіріп берші – дейді. Қараса үйде ұн жоқ. Сонда кемпірі қап түбінде қалған ұнды жинап алып, бауырсақ пісіреді де, оны суысын деп терезенің алдына қояды. Бауырсақ жатып-жатып іші пысады да, терезеден секіріп түсіп, жолмен домалап кете барады»
Сол бауырсақ сенсің ба?
Бауырсақ: Иә, менмін.
Бауырсақ кіреді.
Балалар бір-біріне қарап, қолдарын көтеріп: «Салем!» деп амандасады.

Ертегіні естеріне түсіріп, Шымырбекті тыңдайды.

Сәлем, Бауырсақ!
Ұйымдас-тырушы-лық -ізденушілік кезең Тәрбиеші: Ал, балалар, қонақтарымыз келген екен ауламызды таныстырайық.
Жүру және жүгірудің түрлері;
Ертегіні ары қарай жалғастырайық
Шымырбек: Сендер тек қана ертегіні тыңдап қана қоймай, сонымен қатар түрлі қимылдарды орындайсыңдар.
Бауырсақ үлкен ағаштар мен кішкентай шыршалардың арасынан домалап кете береді.
Бірінің артынан бірі жүгіру;
Бауырсақ: Жан-жағына қарайды, көзіне ешкім көрінбес пе екен деп.
Сол кезде оның көзі көптеген әдемі гүлдерге түседі. Гүлдерді иіскегісі келеді.
Қане, балалар, келіңдер, гүлдердің жұпар иісін иіскеп көрейік.
Тыныс алу жаттығулары;
«Гүлдерді иіскейміз»
Жалпы дамытушы жаттығулар;
Тәрбиеші: Балалар, біздің бауырсаққа оның достары – доптар келді. Олардың көптігі сонша бәрімізге жетеді. Мен сендерге бір-бірден ұсынамын.
1. Тұру. Бауырсақ мұқият жоғары-төмен қарайды.
(допты жоғары көтеріп, төмен түсіру)
2. Тұру. Ешкімді көрген жоқпын, сосын жан-жағыма қарауды ұйғардым.
(қолын алға созып, доп қолында оңға, солға бұрылу)
3. Тұру. Бұта астына да қарадым.
(отыру, доп тізе астында)
4. Аяқтары қосулы, қолында доп. Ешкім жоқ. Бауырсақ секірді, мұқият қарады.
(орнында тұрып секіру, доп қолында, допты кәрзеңкеге салады)
Бауырсақ домалап келеді, алдынан қоян шығады.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: Мені жеме, қоян. Мен де сен сияқты ширақ және ептімін, тез секіре аламын.
Жаттығудың негізгі түрлері;
1. Шеңберден шеңберге секіру, аяқтың ұшымен тұру.
2. Ұсақ тастардың үстімен жүру.
Қоян Бауырсақты жемейді, бауырсақ әрі қарай домалап кетеді.
Массаж жолмен жалан аяқ жүру;
Алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Мен тісім өткір сұр қасқырмын. Мен сені жеймін.
3. Бауырсақ: Мен саған ән айтып берейінші, ал балалар да менімен бірге айтсын:
Мен әжеден қаштым
Мен атадан қаштым
Мен қояннан қаштым
Мен өте тезбін
Және сенен жүйрікпін
Сен мені қуып жете майсың
4. Доға астымен өту;
Осылай Бауырсақ қасқырдан қашып, әрі қарай домалайды. Домалап, домалап бір кезде аюға жолығады.
Аю: Мен маймақ аюмын, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Сен мені жеме, мен сенімен сергіту жаттығуын орындаймын.
Сергіту жаттығуы: «Ормандағы аю»
Осылай бауырсақ аюдан да құтылды.
Домалап, домалап түлкіге кездеседі.
Түлкі: Қып-қызыл болып қайдан келесіңдомалап, мен сені жеймін.
Шымырбек: Түлкіжан, сен де көбірек шынықсаң мықты боласың, біздің бауырсақты жеме.
Түлкі: Жарайды, ал бүгін біз ойнаймыз ба?
Тәрбиеші: Әрине ойнаймыз. Сенің қолыңдағы не?
Түлкі: Шар
Тәрбиеші:Ендеше түлкімен бірге ойын ойнайық.
Балалар, шарға қараңдаршы, бауырсаққа ұқсайды екен дөп-дөңгелек.
Ойын: «Кім епті?»
Балалар екі топқа бөлініпқасыққа шар қойып, кім бірінші жетсе сол ұтысқа ие болады.

Бір қатарда жүріп, қолдарын кеудесіне қойып жүгіру. Аяқтың ұшымен жүру, қолды жоғары көтеріп жүгіру.

Бауырсақпен бірге көздеріне жаттығу жасап, жан-жағына қарайды.

Жалпы дамытушы жаттығуларды доппен жасайды.

Шеңберден шеңберге секіреді.

Массаж жолмен жалаң аяқ жүріп өтеді.

Сергіту жаттығуын қимылмен көрсетеді.

Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлекция-лық -түзетушілік кезең Жай қозғалысты ойын;
«Бауырсақ қайда?»
Біздің бауырсағымыз қайда екен?
Қане, бәріміз іздейік, біздің бауырсағымыз атас мен әжесіне кеткен ғой, бірақ бізге дәмді тамақ тастап кетіпті.
(Балаларға бауырсақ көрсетеді)
Қазір қолымызды жуып, топқа барып жейміз.
Сабақ ұнаса қолымызды шапалақтаймыз.
Кімге ұнамаса, аяғымызды тарсылдатамыз.

Бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасайды.
Балалар алақандарын шапалақтайды.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білді: жалпы дамытушы жаттығуларды доппен орындауды;
Меңгерді: бауырсақ кейіпкерлерімен бірге жаттығуларды орындай білу шарттарын;
Жасай алды: ойын тәртібін сақтап ойнау дағдыларын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.