Меню
Назад » » »
Бауыржан - Қазақтың нар перзенті
загрузка...

загрузка...
Шымкент қаласы, №2 колледж оқытушысы Тайбек Гүлнұр Сейілханқызы

ТАҚЫРЫБЫ: Бауыржан - Қазақтың нар перзенті
МАҚСАТЫ: Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын атап өтуде аты аңызға айналған қазақтың нар перзенті, батыр ұлы - Халық қаһарманы Б.Момышұлының өмірі мен ерлігін таныту.
Тәрбиелігі: Құрыштегі Намысұлы Бауыржанның ерлікке толы өмірін үлгі ете отырып отансүйгішттікке, ерлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Б.Момышұлы туралы слайд , кітаптар көрмесі, суреттер.
1 – жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар ! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай қазақ халқының батыр ұлы Б.Момышұлына арналған «Бауыржан - Қазақтың нар перзенті»
атты тарихи кешімізге қош келіпсіздер.
2 –жүргізуші: Жеңіс күні – халық аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Кешегі неміс фашист басқыншыларымен болған соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Ана, жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан
айырылып жетім атанса, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай тынбай жұмыс істеді. Отан үшін кеудесін отқа тосқан қазақ халқының батыр ұлдары қаншама десеңізші. Сол батыр ұлдарының бірі - Б.Момышұлы туған жерді қасиет тұтып, Отан қорғауда үлкен өшпес ерлік көрсетті. Қазақтың нар перзентінің ерлік істерін ешкімде, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Ән: «Священная война»
1 - жүргізуші:
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫ БІР СӘТ ЕСКЕ АЛАЙЫҚ ! (1 минуттық үнсізді)

2 жүргізуші: Отан соғысының алғашқы күндерінің бастап – ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқышыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Мәскеу үшін шайқаста И.В. Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табындылық пен қаhармандық көрсетті. Дивизия жаудың төрт есе басым күшіне қарсы кескелескен ұрыстар жүргізді.
Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы отан соғысының аты аңызға айналған қаhарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жаушы Б. Момышұлы былый деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйспеншілік».
1- жүргізуші:
Барсам да қай континент, қай аралға,
Заманнан аз хабары бар адамда
Білмейтін Бауыржанды жан көргем жок,
Мен бұған қуанам да, таңданам да» - деп Сәбит Мұқанов жырлағандай батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айырбастағанын білеміз. Қазақ халқында мынадай сөз бар : «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді» – дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері ел аузынан сақталып жүр.
Атап айтқанда: (Оқушылар бір-бірлеп айтып шығады)
1. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі .
2. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!
3. Отан үшін отқа түс – күймейсің.
4. Опасызда Отан жоқ.
5. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.
6. Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!
7. Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.

2 - жүргізуші: Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы деректі фильм тамашалаңыздар. (Бейнефильм көру).

1 - жүргізуші: Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
2 - жүргізуші: Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Б.Момышұлы өзгелерден даралап тұрған айрықша қасиеті – оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Мысалы 1943 жылы ажалмен арпалысып жүргеніне қарамастан, ол Қазақстан басшыларына майданнан хат жазып, онда қазақ тілінің мүшкіл жағдайын баяндап, туған тілімізді тұғырлы етуге қатысты нақты ұсыныстар жасайды.
1 - жүргізуші: Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастро Бауыржан Момышұлы атамыздың «Артымызда Москва» кітабын сүйіп оқитын болған. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері, ерекше қаһармандық танытқан батырдың ерлігі үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылады.
2 - жүргізуші: Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ беріледі.

Көрініс: Бауыржан Момышұлының жаралануы. (Ә. Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы бойынша)
Жүргізуші: Жарақаттанға Бауыржанды полк дәрігеріне жеткізеді.
Дәрігер: Бұл кісіні дереу госпитальға жіберу керек. ( есін жиғаннан кейін)
Бауыржан: Сонша не болды?
Дәрігер: Омыртқаңызда оқ қадалып тұр, жолдас капитан.
Сізді дереу госпитальға жөнелтуіміз керек.
Жүргізуші: Бауыржан қолын әрең омыртқаға жеткізіп, арқасын сипалап расында оқ бар екеніне көзі жетті.
Бауыржан: Скальпелің бар ма?
Дәрігер: Жоқ.
Бауыржан: Өткір бәкің бар ма?
Дәрігер: Жоқ
Бауыржан: Ұстараның жүзі бар ма?
Дәрігер: Бар.
Бауыржан: Ендеше соны спиртпен шай да, оқ тұрған жердің етін кес!
Дәрігер: Олай етуге болмайды, жолдас капитан …
Бауыржан: Неге болмайды? Болады! Бұйырамын! Орындамасаң – атамын!
Жүргізуші: Дәрігер дереу Бауыржанның айтқанын істеуге
кірісті. Арқасын кескілей бастағанда Бауыржан пистолеттің
сабын сындырардай тістеп жатты .
Дәрігер: Мінеки жолдас капитан, оғыңыз!
Жүргізуші: Жараны таңдырып алып, жаумен ауыр жұмыс жүргізіп жатқан полкке қайтадан оралды. Бірнеше күн қатарынан жаумен жағаласып, жан ұшырып жүрген Момышұлы арқасындағы жараны ұмытып та кетті. Ол бірде суланып , бірде қара қотырланып, бірде қыши бастап, өзінен- өзі жазылып та бітті.

1- жүргізуші: Бауыржан – қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғалардың заңды жалғасы, түйіндей айтсақ,
ұлттық рухтың 20 ғасырдың басындағы айқын көрінісі.
2 жүргізуші: Құрметті біздің тарихи кешімізге қатысушы қонақтар,
әйгілі ақындардың Б.Момышұлына арналған өлеңдерімен танысыңыздар.
МҰХТАР ШАХАНОВ: «Жеңіліп тұрып жеңілмеу немесе Бауыржан Момышұлының кешірім сұрауы», КЕҢШІЛІК МЫРЗАБЕКОВ: «Бауыржан Момышұлымен қоштасу», ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ: «»Найзағайы намыстың», СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН: «Момышұлына сәлем бере барған төрт шайыр жайлы хикая», ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ: «Бауыржан», МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ: «Бауыржан Момышұлына», ҒАЛИ ОРМАНОВ: «Батырдың тұлғасы», ҚАЛИЖАН БЕКҚОЖИН: «Томаға киген тау бүркіт».

Мұғалімнің сөзі: құрметті кешімізге қатысушы қонақтар! Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдангер аталарымыздың жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат ету - біздің борышымыз. Сіздерді Ұлы Отан соғысының 70
жылдығымен құттықтай отырып,
«Құлай сүйген жусан иіс даласын,
Сүйіп өткен Отан атты Анасын.
Намысымның найзағайы секілді,
Даралардың ішіндегі дарасың» - дей келе Б.Момышұлының өмірі мен ерлігін танытуға арналған кешіміз аяқтаймыз.
Жеңіс күні құтты болсын!!! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бауыржан - Қазақтың нар перзенті можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 301 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar