Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БЕЙІНДІК ОҚЫТУДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН  ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСІ -

БЕЙІНДІК ОҚЫТУДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1656 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
Н.Тілендиев атындағы №80 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Таштенова Нурида Калмаханбетовна

БЕЙІНДІК ОҚЫТУДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН
ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСІ

Қазақстан Республикасының білім беру саласын 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында қойған басты мәселенің бірі «Білім беру мазмұнын негізгі білімнен сөйлеу дағдысына өзгерту».
Бейіндік оқыту бір немесе екі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жаратылыстану-математикалық;
- әлеуметтік-гуманитарлық.
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалімнің қандай кәсіби білімі мен іскерлігі болуы керек?
Ол:
- оқытудың тұлғалық-бағдарлық, жеке-даралық құзырлығының әдістемелік негізі мен оларды жүзеге асырудың механизмін
- базалық және бейіндік деңгейіндегі пән бойынша білім мазмұның,
- элективтік курстарды әзірлеу мен ұйымдастырудың әдістемесін;
- оқушылардың жобалық, ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың әдістемесін білуі керек;
- өзінің білімін жетілдірумен айналасу керек:
1. Педагогикалық әдебиеттердің жаңалықтарын, оқытатын пән бойынша қосымша ғылыми материалдарды оқып-қарастыру.
2. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды қарастыру, оның талаптары мен ерекшеліктерін анықтау.
3. Жұмыс дағдыларын компьютерде қолдану, сабақта оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.
4. Ғылыми-зерттеу тақырыбында жұмыс істеу.
Математиканы оқыту әрбір жеке сыныптарда мемлекеттік стандартқа сай ОҚУ бағдарламасын басшылыққа алу болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда қолданбалы, таңдау курстарын оқыту болып табылады.
Тандаулы, қолданбалы курстар, бейінді пәндерді таңдау, тұлғаны әлеуметтендіру және оқушы білімінің вариативтілігін іске асыруға бағытталады.
Математика пәнін оқыту физикамен, химиямен, биологиямен, географиямен, сызумен, информатикамен тығыз байланысты. Оқушылардың анықтама әдебиетпен, дидактикалық материалдармен жұмыс істеуіне, өздігінен ізденуіне, басшылық жасағанымыз жөн болады.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Математиканы оқыту әдістерін көптеп айтуға болады.
«Әдіс» - грек тілінен «бір іске жету жолы», «тәсіл».
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен байланысты. Педагогикалық технологияны жоғары деңгейде меңгергендікті педагогикалық шеберлік деп түсінеміз. Бір педагогикалық технологияны әр түрлі оқытушы қолдануы мүмкін. Сол технологияны жүзеге асыру ерекшелігінде оқытушының педагогикалық шеберлігі көрінеді.
Оқытушылар оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі дидактиканың мынандай жаңа технологияларын қолданады:
1) денсаулық сақтайтын технология;
2) коммуникативті шығармашылық технология;
3) жобалап оқыту технологиясы;
4) ақпараттық теле-қатынастық және қашықтықтан оқыту технологиясы;
5) оқытудың модульдік технологиясы;
6) интегралданған оқыту технологиясы;
7) дамыта оқыту технологиясы.
Соның ішінде тоқталатыным, жобалап оқыту әдісі.
Оқушыларға алдын-ала қорғалатын жобаның тақырыбы белгіленеді.Қажет ақпараттарды, түрлі ақпарат материалдары жинақталады.
Жобаға келесі бағыттарда жұмыс істейтін топтарды құру қарастырылады.
Зерттеушілер тобы математикалық терминнің шығу тарихын, қандай есептерде қолданылатынын, ғалымдардың еңбектері жайлы деректер жинайды.
Математикалық ұғымдар мен ережелерді түсіндіру барысында оған байланысты тарихи материалдарды қолданудың қажеттілігіне қазақтың белгілі ғалымдары О.Жәутіков, М. Исқаков аса назар аударған.
Бұл ғалымдардың айтуынша, егер оқушылар әрбір математикалық ұғымдар мен символдардың пайда болуының себебін біліп, олардың дамуының тарихы туралы мағлұмат алса, онда олардың математикаға деген ынтасы мен құштарлығы артады. Сонымен қатар оқушылар бұл материалдарды өздері іздегендіктен, ойында жақсы сақталады.
Оқушылар тарихи шолу жасағанда, тарихи мағлұматтарды айтуды математиканың қандай да бір теориялық немесе есептердің белгілі бір түрлерімен шығарумен байланыстырады.
Теоретиктер тобы сол тақырыптағы анықтамаларды, теоремаларды, олардың қасиеттері бойынша мәліметтерді жинақтайды. Практиктер тобы осы тақырып бойынша есептерді жинақтап, жинақ шығаруына болады. Тілшілер тобы көтерілген мәселелер бойынша газет бетіне мақалалар жариялауға ат салысады. жобаны қорғайды. Сарапшылар тобы жоба бойынша жұмыс барысында жобаны сараптап, проблеманы ашып, кемшіліктерін, жетістіктерін айтып, қорытындылайды.
Сабақ барысында тізбектің шегін қолданудағы әр түрлі есептер қарастырылды Оқушылар өздерінің дайындаған рефераттарын қорғады.
Тізбектің шегінің өмірде қолданылуын төмендегі мысалдармен дәлелдеді: тең бүйірлі үшбұрышқа іштей сызылған шеңберлер тізбегінің шегі, диаметрлер қосындысының тізбегінің шегі, шеңбердің ұзындығы, дөңгелектің ауданын табу. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы барлық шеңбер үшін бірдей тұрақты сан екендігі көрсетілді.
Жобалау әдісі бойынша өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді.
Бұл әдіс - келешекте оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысып, ақпарат жинау, шыққан нәтижені бейнелеп түсіндіру, өз зерттеу жұмысын қорғау дағдысын қалыптастырады.

Әдебиеттер:
1. «Математика және физика» журналы №1-2009, №2-2005, №2-2006, №2-011
2. «Мұғалім.kz-математика, информатика» журналы №5-2011
3. Наурызбайқызы «Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар» - Алматы-2001
4. Ж.У.Кобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру
5. А.Нұғысова. Математика мұғалімінің кәсіби-педагогикалық біліктілігі. Талдықорған-2006
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.