Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бердібек Соқпақбаев. Компас. -

Бердібек Соқпақбаев. Компас.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2456 | Размер: | Автор: гость
. Алматы қаласы Білім басқармасының «№185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Турдыбаева Жазира Максутовна
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев. Компас.
Сабақтың мақсаты:
1.Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларға шығармасындағы негізгі түйінді ойды анықтауға , шығарма мазмұнын толық ашуға мүмкіндік туғызу.
2.Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын ,(РАФТ, Бес жолды өлең, ВЕНН диаграммасы, ЖИГСО, 6 неліктен?) , мәтінді сатылай кешенді талдау үлгісін және интербелсенді әдіс-тәсілдерді (рөлдік ойын, ыстық орындық) пайдалана отырып өзіндік пікір айту, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.Өзара шешім қабылдауға үйрету, шығармадағы оқиғаны өмірмен ұштастыра білуге үйрету.
3.Көрсеқызарлықтың, өтіріктің,алдап шындықты жасырудың түбі жақсылыққа әкелмейтінін ұғындыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Көрнекіліктер: үлестірмелер, постер,суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
1.Топқа бөлу (Оқушылар бой-бойымен сапқа тұрғызып,1-ден 4-ке дейін санату арқылы 4 топқа бөлу)
2.Психологиялық әзірлік
Бір-бірінің алақанына алақанын тигизе отырып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Үш әріп аттай отырып сөз құрастырыңыз.
РАСБДАГЕЖЫХРЙХАДМЕНІСАНБЧГУЕҢӘІКТЮЯСУЖАОӘҒУҚЭЪЯПЦЛУАЮСКҚЙФСБҢХУАЪЮЭЕҢҒЦВҮУҚКМЛБОТНСМЫДКПМШЩОПМИС
Жауабы: Бердібек Соқпақбаев. Компас
ІІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындық

ІҮ. Жаңа білімді меңгерту
1.Жигсо әдісі арқылы мәтінді бөліктерге бөліп оқыту.
-әр топ құрамында №1 №2№3№4 ұстаздар бар -№1 топ құрамында тек №1 ұстаздар бар
-№2 топ құрамында тек №2 ұстаздар бар
-№3 топ құрамында тек №3 ұстаздар бар
- №4 топ құрамында тек №4 ұстаздар бар -әр топ құрамында №1 №2№3№4 ұстаздар бар

2. «6 неліктен?» әдісі арқылы мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастыру
3.Топтық жұмыстар
№1 топ: Оқиға болған жерді әдеби тұрғыда сипатта.
№2 топ: Әңгімеге сатылай кешенді талдау жаса.
1 Авторы
2 Тақырыбы
3 Жанр түрі
4 Шығарманың негізгі идеясы
5.1 Шығарманың басталуы
5.2 Шығарманың дамуы
5.3 Шығарманың байланысы
5.4 Шығарманың шиеленісуі
5.5 Шығарманың шарықтау шегі
5.6 Шығарманың шешімі
6 Жағымды кейіпкерлер
7 Жағымсыз кейіпкерлер
8 Шығарманың негізгі түйіні
№3 топ: «Сау басына сақина тілеп» деген қандай мағына береді? Осы сөйлемді әңгімеге қатыстырып айтып көр.
№4 топ: Әңгімедегі оқиғаның қазіргі өмірмен байланысын анықта.
Ү. Жаңа білімді бекіту
«Сот отырысы» рөлдік ойыны. Берілген рөлдерді сомдап, сахналау
Судья:
Прокурор:
Адвокат:
Айыпталушы: Бодан
Жәбірленуші: Қанат
Жауап беруші: Боданның анасы, қарындасы
ҮІ. Қорытынды:
№1 топ: Рафт стратегиясы.Негізгі түйінді ойға өз көзқарастарын жазады
№2топ: 5 жолды өлең құрастырады
№3 топ: Әңгімені сен қалай аяқтар едің?
№4 топ: Венн диаграммасы арқылы Бодан мен Қанатты салыстыра сипаттайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма
Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, шығып, Боданға хат жазу.
ҮІІІ. Бағалау
р/с аты-жөні топтастыру Жигсо 6 нелік
тен? №1 топтық жұмыс Сот отырысы №2 топтық жұмыс ұпай саны бағасы







6 ұпай-5 5,4 ұпай-4 3 ұпайдан төмен-3
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.