Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Берекелі, мерекелі « алтын күз» -

Берекелі, мерекелі « алтын күз»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1543 | Размер: | Автор: гость
. «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Тілеубекова Индира Берікбайқызы
Берекелі, мерекелі « алтын күз»
1-жүргізуші: Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім Оқу жылын бастайды.
2-ж:Екінші айы бұл күз дің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күз гі балын» мектептің
Қазан айында тойлаймыз!-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күз гі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-ж: Келді міне, алтын күз ,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз.
1-ж.: Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті
2 -ж.: Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз. Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт. Сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен топты таныстырады.)
2. Өз өнерін көрсету. (Күз мезгіліне байланысты болу керек. Мысалы, ән айтса – өзі немесе топ болып шығарған ән, би болса – сол биге ат қою, оның қойылымы болу керек. «Сары даладағы піскен бидай» биі дегендей)
3. Сән үлгісі (Киім үлгісі керек емес заттардан)
4. «Күз » тақырыбында үздік плакат байқауы
5. «Күз сыйы» – көрме. (Табиғи бұйымдар, икебана, т.б.)
Әділқазылар алқасын таныстыру:
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдасханова Динара Мейірбековна
2. Мектептің психологы: Рахимжанова Меруерт Салимовна
3. Бастауыш сынып мұғалімі:Бапинова Сания Салискановна
4. Бастауыш сынып мұғалімі:Суйеукенова Шолпан Шакеновна
5. Бастауыш сынып мұғалімі:Байжукенова Айнұр Жазылбековна
2-ж.: Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі
2-ж.: Әлсін-әлсін күркілдеп,
Ашу қысып, Зіркілдеп
Бұлт Оттығын шаға алмай,
Желп-желп етер шыр-пыр боп
Тырналардың тізбегі, -дей келе, топтарды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!

1.Топты таныстыру :
1 топ________________
2 топ________________
3 топ________________
4 топ________________
1-ж.: Алма пісті бағымда,
Пісті балдай қауын да.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,
Үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала
Құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді,
Жер жемісін тереді.
2.Кезекті сайысымыздың «Өз өнерін көрсету» бөліміне берейік.
4-топ бойынша
2-ж.:Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз .
Қала да, дала да
Жанның бәрі жарқын күз .

Балақайлар алақайлап,
Мектеп іші нұрланды.
Астық жыры, шаттық жыры
Қырман басы думанды.

Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Әр ісіне сүйсінді.
Ән тасқыны, жыр тасқыны
Ырыс болып құйылды.
3.Келесі «Сән үлгісі»бөліміне кезек берсек.
1-ж.: Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған,- деп ақын ағамыз жырлаған екен.
2-ж. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың? Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
1-ж. Олай болса біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. 4.Ал ол үшін кезекті «Плакаттар» байқауына берейік. «Күз » тақырыбындағы плакаттар байқауы.
2-ж.: Жер бетінде гүлдеді,
Жер бетінде түрленді.
Жасырылған көмбедей,
Жер астында – түйнегі…
Мұндай жеміс көрдің бе,
Жемістерін тердің бе?…

5.2-ж.: Олай болса, «Күз сыйы» атты көрменің де кезегі келіп қалды. (Әділқазылар көрмені аралап шығады)
1-ж.: Алтын күз де атырап
Аздап тыныс алыпты.
Жапырақтар қалтырап
Жерге түсіп қалыпты.
2-ж.: Алма-алмұрт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
Қауын- қарбыз балбырап,
Қамбаларға түсіпті.
Құрметті қонақтар, оқушылар! Әділқазылар алқасы бүгінгі байқауымыздың қорытындысын шығарғанша, жұмбақ жасыра тұралық
Бәрекелді, балалар, енді біз
«Жұмбақтар әлеміне» аттанайық
1. Тал басында Тундіксіз отау (құс ұясы – гнездо… – …)
2. Күндіз тіпті ұшпайды Түнде тышқан ұстайды (жапалақ –сова … – …)
3. Аласа ғана бойы бар, Тоғыз қабат тоны бар (пияз – лук… – …)
4. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпыртқы – … – …)
2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап, Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)
3. Ұя сап, балапан баспайды, Өз атын атап қақсайды. (көкек)

Бәрекелді, балалар, білімдерің жақсы екенін көрсеттіңдер.
Ал, енді әдіқазылар алқасына сөз берейік! (Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау,
1 өз өнері
2 сән үлгісі
3 үздік плакат
4 күз сыйы
2-ж.: Жемісімен мөлдіреген бағы бар, Сары күз дің саумал сазы танымал. Самал желмен баяу ғана толқиды Сары масақ, қауызында дәні бар.

Бүгінгі жеңіске жеткен топты орындарыңызбен құттықтап
Келесі кездескенше! Сау саламатта болыңыздар дейміз.
Жеңістерің құтты болсын!


1. Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт. Сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен топты таныстырады.)

2. Өз өнерін көрсету. (Күз мезгіліне байланысты болу керек. Мысалы, ән айтса – өзі немесе топ болып шығарған ән, би болса – сол биге ат қою, оның қойылымы болу керек. «Сары даладағы піскен бидай» биі дегендей)

3. Сән үлгісі (Киім үлгісі керек емес заттардан)

4. «Күз » тақырыбында үздік плакат байқауы

5. «Күз сыйы» – көрме. (Табиғи бұйымдар, икебана, т.б.)



№ Шарттары 2 «А» класс 2 «Ә» класс 2 «Б» класс 2 «Г» класс
1 Топты таныстыру
(Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт. Сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен топты таныстырады.)
2 Өз өнерін көрсету.
(Күз мезгіліне байланысты болу керек. Мысалы, ән айтса – өзі немесе топ болып шығарған ән, би болса – сол биге ат қою, оның қойылымы болу керек. «Сары даладағы піскен бидай» биі дегендей)

3 Сән үлгісі
керек емес заттардан
(Киім үлгісі)

4 «Күз » тақырыбында үздік плакат байқауы

5 «Күз сыйы» – көрме.
(Табиғи бұйымдар, икебана, т.б.)


Баллды қою тәртібі
Жоғары балл - 10
Төменгі балл – 3 белгілеу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.