Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бесік  жыры -

Бесік жыры

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1602 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: « Бесік жыры»

Мақсаты: Ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екенін түсіндіру, тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын дамыту.Өзіндік ой қосуға үйрету.
Сілтеме: Әдебиеттік оқулығы, Интернеттен «Бесікке салу»видео «Бесік жыры» аудиотыңдалым. Бесік құралдары суреттері
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Оқушылар жырды талдауды, Әр топ тапсырмалар арқылы постер қорғауды, оздігінен ой қосуды үйренеді.
Негізгі идеялар: «Бесік жыры» тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту,алған білімдерін саралау.
Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, АҚТ қолдану, СТО: «Блум таксономиясы»
Бағалау: Бармақ арқылы бағалау, бағдаршам.
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, дәлелдеу, талдау, қорытынды жасау.

Сабақ бойынша мұғаліммен оқушының әрекеті:

Ойлауды Блум бойынша жіктеу

Мақсат
Тапсырма түрі,түрткілер
Нәтиже, критерийлер.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сыныпты екі топқа бөлу. Сюжетті суреттер арқылы топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

«Білу.»

Үй тапсырмасын сұрау.

Уйге берілген тапсырманы айтады. Талдайды.

Бір-біріне сұрақ қояды.Сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды.

Бейнероликте не көрсетілген?
Бесікте кім жатады?
Бесік неден жасалады екен? Бесік туралы білетінімізді ортаға салайық.
Оқушыларға көрсетілген бейнефильмнен не коргендерін айту.
Оқушылар топта бесік туралы ойларын айту.
Сабақтың тақырыбына қызығушылық туғызу.
Тапсырмамен танысу, ойлану.

«Түсіну»
Оқулықта берілген жырды түсіндіру.
АҚТ-ны пайдалану.Бесік жырын тыңдату интертақтадан толық мәлімет беріп кету.


Бесік жырын тізбектей оқу.
Бесік жасау-жабдықтарын аттарымен танысу.
Түртіп алу; Дәптерге жазып алу.
Оқушылар зейін қойып тыңдайды.Алған мәліметті жүйелейді.
Дәптермен жұмыс істейді.Интертақтадан көрген мәліметті жүйелейді.

«Қолдану» Екі топқа «Ребус», «Сөзжұмбақ» беру Бесік жыры туралы неізгі ойларын постерге тусіру. Постер құрастыру арқылы топта ақылдасып ой бөлісу. Шешуін тауып негізгі ойларын постерге түсіріп қорғайды.Сұрақтары арқылы өздерінің жауаптарын толықтырып отырады.
«Сергіту жаттығуы» Оқушыларды сергіту. Оқушылар билеп,сергиді.

«Талдау» Видеоролик көру «Бесікке салу»«Өзің ойлап, өзің тап, өзің ізден».
Тақырып соңындағы сұрақтармен жұмысты талдау. Талқылау.
Бесікке байланысты тыйым сөздерді айтқызу. Осы тыйым сөздердің мағынасын ашу, қорғау.
Ана баласын қалай жұбатады?
Ана баласының өскенде кім болуын қалайды? «Бос бесікті шайқама».
Кейін бала болмайды деген сияқты өз ойларын топта талқылайды.
Ортада талқылайды.

«Жинақтау»
Ойын жинақтауға дағдыландыру. Постермен жұмыс. 1-топ Өлеңді толықтыр.
2-топ. Бес жолды өлең Өз ойларыннан өлең жолдарын толықтырып постерге жазып түсіреді.
Ортада қорғайды.

«Бағалау» -Бүгінгі сабақ ұнадыма? Бағдаршам арқылы бағалау.
Жасыл-өте жақсы
Сары-әлде де білімімді толықтыру қажет.
Қызыл- мүлде түсінбедім
Оқушылар өзіне тиісті бағасын алады.

«Кері оқылым»
«Бесік жырын»жаттау

Эссе жазу, жатқа айту

«Рефлексиялық кезең» Ой толғаныс. «Екі жұлдыз, бір тілек!» Бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикерге жазып ілу.
Оқушылар сабақта алған әсерлерін стикерге жазу арқылы көрсетеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.