Меню
Назад » » »
Білгенге - маржан
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «Білгенге - маржан»
Сабақтың мақсаты:
1/ «Мектеп» тақырып бойынша білімдерін пысықтау;
2/ оқушылардың ауызекі тілін дамыту;логикалық ойлау қабілетін, ой шапшандығын дамыту.
3/ оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, мектебіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс-сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, ойын әдісі.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
І сайыс: «Асыл қазына» / Кім тез жауап береді?/
1* Сен қай мектепте оқисың? 2* Мектеп қай көшеде орналасқан?
3* Мектепте нелер бар? 4* Мектеп неше қабатты?
5* Қандай кабинеттері бар? 6* Сен неше жастасың?
7* Қазақ тілі кабинеті нешінші қабатта? 8* Қай сыныпта оқисың?
9* Сенің үйің қай көшеде орналасқан? 10* Сыныпта неше оқушы бар?
11* Бүгін қазақ тілі нешінші сабақ? 12* Асхана нешінші қабатта?
13* Тарих кабинеті нешінші қабатта орналасқан? 14* Мектеп қандай?
15* Мектепте қандай кабинеттер бар? 16* Сен нешінші партада отырасың?
17*Бүгін неше сабақ болады? 18* Бүгін қазақ тілі нешінші сабақ?
19* Кеше неше сабақ болды? 20* Ертең неше сабақ болады?
21* Мектепке сағат нешеде келесің? 22*Оқушылар кітапханада не істейді?
23* Мектеп туралы қандай мақал білесің? 24*Оқушылар асханада не істейді?
25*Оқушылар спортзалда не істейді?

ІІ сайыс. «Шешендік »
- Бұл кезеңде мақал- мәтелдердің бірінші жолын мен өзім айтамын, соңын оқушылар толтырады.
Мақал- мәтелдер:

1* Оқусыз – білім жоқ,
білімсіз күнің жоқ.
2* Күш – білімде,
білім – кітапта.
3* Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
4* Еңбектің наны тәтті,
жалқаудың жаны тәтті.
5* Ата- бәйтерек,
бала- - жапырақ.
6* Мектеп-кеме,
білім- теңіз.
7* Білекті бірді жығар,
білімді мыңды жығар.
8* Ақыл азбайды,
білім тозбайды.
9* Жақсы сөз-
жарым ырыс.
10* Оқу- білім бұлағы,
білім – өмір шырағы.
11* Өнерлі бала
сүйкімді.
12* Оқу- білім азығы,
білім- ырыс қазығы.


ІІІ сайыс. «ШЫН» немесе «ЖАЛҒАН» ойыны . Дұрыс және бұрыс сұрақтар қою арқылы оқушылардың сабақтағы білімдерін тексеру, өз ойларын дәлелдеу.
Берілген сөйлемдер:
1* Сен 1-інші мектепте оқисың. 2* Мектеп Мир көшесінде орналасқан.
3* Мектеп бес қабатты. 4* Мектепте тарих кабинеті жоқ. 5* Сен он бес жастасың. 6* Қазақ тілі кабинеті екінші қабатта. 7* Сен 4-інші сыныпта оқисың. 9* Сыныпта жиырма үш оқушы бар.
9* Сенің үйің Батыр Баян көшесінде орналасқан.
10* Бүгін қазақ тілі 1-інші сабақ. 11* Сен екінші партада отырасың.
12*Бүгін алты сабақ болады.

ІV сайыс. «Концептуалдық кесте толтыру»
Көп нүктенің орнына не мақал, не тақырыбын жазасыңдар.
Мақал- мәтелдер Тақырыптары
1 Кітап – алтын қазына
.....
2
...... Мектеп туралы
3 Отан оттан да ыстық
......
4 ..... Білім туралы

5 Денсаулық – зор байлық
.....
6 ...... Отбасы туралы

7 Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. .....
8 .......
Еңбек туралы
9 Досы көпті жау алмайды
........
10 Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. .........

V сайыс. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
І топ - мұражай ; ІІ топ- мұғалім; ІІІ топ – бұйымдар .
/ топтың бір оқушысы тақтада жазады/
VІ сайыс . «Кезекші» , «Отбасы» өлеңдерін немесе «Менің мектебім» мәтінін жатқа айтып беру.
VІІ сайыс. « Аудармашылар сайысы »
1- топқа : Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. / ***** /
2- топқа: Қырық екі аты бар,
Танысаңдар айтыңдар. / ****** /
3- топқа: Бір үйде көп бала,
Біреу - көк бала, Біреу - қара бала,
Біреу - қызыл бала, Біреу - сары бала.
/***** ***********/

VІІІ сайыс . «Айтайық, жаңылтпаштан жаңылмайық, «5»- деген бағадан да қағылмайық!» деген едік. Қане, балалар, бес алатын оқушыларды ортаға шақырамыз. Жаңылтпаш айтып жарысамыз.

1-топқа Сыныпта ақ бор бар
Көк бор бар,
Көп бор бар.
2-топқа Тақпақ жатта,
Жатқа жатта.
3-топқа Айналайын, ағалар,
Ағалардың еңбегін інілері бағалар.

ІХ сайыс. «Мектебім, аяулы мектебім» өлеңін үйрету.
1. Мектебім, аяулы мектебім
Өзіңсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын.
Арманға көктегі.
Мектебім, келеміз тағы да,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына.
Қайырмасы: Мектебім, аяулы мектебім
Бағыңда гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып , келемін.
2. Келеміз, қуанып біз дайын,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Ай қара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзіңді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Білгенге - маржан можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 302 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar