Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біліктілікті жетілдіру жүйесі арқылы мұғалімнің әдістемелік құзіреттілігін дамыту -

Біліктілікті жетілдіру жүйесі арқылы мұғалімнің әдістемелік құзіреттілігін дамыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1747 | Размер: | Автор: гость
. Жаңабатырова Гүлнара Жанәбілқызы
Алматы облысы, Райымбек ауданы
«№3 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» КММ-нің
жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

Біліктілікті жетілдіру жүйесі арқылы мұғалімнің әдістемелік
құзіреттілігін дамыту

Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру , жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.Біздер, әрбір педагог қоғамның дамуынан, қазіргі заман өзгерістерінен қалмау үшін әр адам жасына, қызметіне қарамай, үнемі білім алу қажеттілігін арттыра түсуіміз қажет.
Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де «өмірлік білімнен- баршаға өмір бойы игерілетін білім ұстанымына» өту болып отыр. Мектепте оқыту мен тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру педагогтардың әзірлік деңгейіне тікелей байланысты. Бұл деңгей және үнемі өсіп отыруы да қажет.Сондықтан, мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіру әрекеттерінсіз біліктілікті арттыру бағытындағы әр түрлі курстар, семинарлар мен конференциялар тиімді нәтиже бере қоймайды. Өздігінен білім жетілдіру кез келген мамандықтағы өз ісіне шығармалықпен және жауапкершілікпен қарайтын әрбір маман үшін қажеттілік болып қалыптасып отыр. Бұл әсіресе, моральдық және әлеуметтік тұрғыдан жоғары жауапкершіліктегі ұстаздық, мұғалімдік кәсіпке алдымен тән жағдай.
ҚР-ның «Білім туралы » Заңының 4 бабында «ҚР Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады» деп атап көрсетіледі. Біліктілікті жетілдіру жүйесі мазмұн, әдіс, форма және оны игерудің мерзімі, кез келген білім белсенділігін, тыңдаушылар бастамасын қолдау, барлық мамандарды даярлауды жүзеге асырудың негізі болып табылады
Мұғалімнің біліктілігін жетілдірудің негізгі 3 түрлі жолдары бар:
- Білім жетілдіру курстарынан өту;
- Өздігінен білім жетілдіру;
- Қазіргі ақпараттық технологияларды меңгере отырып, қашықтықтан оқыту арқылы білім жетілдіру.
Педагогтың өздігінен білім жетілдіруі
Мұғалімнің өздігінен білім жетілдіруі- кәсіптік қызметіне тән қажетті шарт. Қоғам мұғалімге қашанда жоғары талаптар қойып келген, әлі де солай, келешекте де солай болады.Өзгені оқытып- үйрету үшін басқалардан көп білуге тура келеді.Мұғалім өз пәнін білумен және оны шәкірттер санасына жеткізудің методикасын игерумен қатар, оған жақын ғылым мен әр түрлі қоғамдық салалардан, қазіргі саясаттан, экономикадан хабары болуы керек. Мұғалім бәрін де тұрақты түрде оқып-біліп отыруы тиіс, өйткені оның алдындағы оқушылармен бірге уақыт кезеңдері де жыл сайын өзгеріп отырады.Әлем туралы түсінік те тереңдеп, өзгеше сипатқа ие болады.Білім жетілдіру қабілеті дипломмен бірге келмейді. Ол әрбір мұғалімнің өзіндік психологиялық және интеллектуальдық ерекшеліктеріне байланысты, ақпарат көздері арқылы жұмыс жүргізу, өз қызметі мен әріптестер қызметіне талдау жасау секілді дербес еңбек үрдісінде қалыптасатын қасиет.Дегенмен, мұғалім өздігінен білім жетілдіруге қаншалықты қабілетті болғанымен, бұл процесс практикада жүзеге аса бермейді. Мұғалімдер мұның негізгі себептері ретінде уақыттың жоқтығын, ақпарат көздерінің жеткіліксіздігін, стимулдың болмауын және басқада жәйттерді алға тартады.Бұл ой енжарлығы мен жалқаулығының көрінісі десе де болады, өйткені өзін-өзі жетілдіру әрбір педагогқа тән ажырамас қажеттілік болуға тиіс.
Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін қажеттіліктер құрамы мынадай:
- күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу.Мұғалім сабаққа, сөз сөйлеуге, ата-аналар жиналысына, сынып сағатына, жалпы мектептегі шараларға, олимпиадаға дайындау барысында жаңа ақпараттар іздестіру;
- шығармашылықпен жұмыс жүргізу. Шығармашылықты қалайтын адам сарғайып кеткен баяғы сабақ жоспарларын немесе сценарийлерді парақтап отырмайды, заман ағымына сәйкес жұмыс жүргізу;
- қоғам өміріндегі өзгерістер. Бұл өзгерістер бірінші кезекте оқушыларға әсер етеді, олардың дүние танымын қалыптастырады, соған сәйкес мұғалімді көбінесе «заманға лайықсыз адам» образында таниды;
- бәсекелестік. Көптеген ата-аналар балаларын мектепке әкелгенде оларды нақты бір ұстаздың, пән мұғалімінің немесе сынып жетекшісінің қарамағына табыстауды сұрайды.Егер мұғалім әкімшілікте, әдістемелік кеңесте, білім беру бөлімінде жақсы аталып жүрсе, оның сыныптарды, апталық жүктемелерді таңдауда құқығы жоғары болады;
- қоғамдық пікір. «Жаман мұғалім» болу мұғалім үшін өте ауыр.
- материалдық ынталандыру.Мұғалім категориясы, аттестаттау комиссиясының пікірі,марапаттар, үкіметтік наградалар да –бәрі-бәрі ұстаз біліктілігі мен шеберлігіне байланысты.Жаңа білімдерді тұрақты түрде игеріп отырмайынша, бұларға қол жеткізу екіталай.
- ынта-ықылас. Тұрақты түрде үнемі үздіксіз іздену.
Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің кәсіби өсуі мен жетілуіне байланысты бағдарлама әзірлеу болып табылады.Ол мына төмендегі аспектілер арқылы жүзеге асуы тиіс:
- кәсіби өсудің мақсаты;
- психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеуге уақыт бөлу варианттары;
- оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жолдарын белгілеу;
- консультациялар алу;
- туындаған проблемаларды әріптестермен бірге талқылау;
- бір-бірінің сабақтарына қатысу;
- алған білімді практикада сынақтан өткізуге байланысты жұмыстар;
- мектептің әдістемелік жұмыстарына қатысу;
- өз жұмыс нәтижесін өзі қорытындылау;
- өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісу.
Білім жетілдірудің құрамдас бөлігі болып табылатын процестер.
Егер білім беру саласындағы мұғалім қызметін іс-әрекеттер тізімі түрінде сипаттайтын болсақ, ол былай болып шығар еді: оқу, зерделеу, сынау, талдау,бақылау және жазу.Жаңа педагогикалық технологияларды, формаларды, оқытып-үйрету әдістері мен тәсілдерін зерделеп, қолданысқа ендіру керек. Ол үшін:
- әріптестер сабағына кіріп, өзара тәжірибе алмасу. Тоқсан сайын пән мұғалімдерінің өзара сабақтастықтары негізінде рейтингі жүйесі бойынша бағаланады.
- өз кәсіби қызметіне мезгіл-мезгіл өзі талдау жасау.Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізе отырып, талдау жасайды.
- қазіргі заманғы психология мен педагогика саласында өз
білімін жетілдіріп отыру. Үнемі әдістемелік және арнайы психология-педагогика негіздерін оқи отырып, жүзеге асыру.
- қазіргі заманғы экономика мен саясаттағы және мәдени өмірдегі оқиғаларды жүйелі түрде қадағалап отыру.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың елімізге ұсынатын жыл сайынғы Жолдауларын, үкіметіміздің экономикамызды дамытудағы бағдарламалары т.б.
- өз эрудициясын, құқықтық және жалпы мәдениетінің дәрежесін көтеру. Мұғалімдер жұмыстары қатысатын педоқу, түрлі кәсіби байқаулар, озат іс-тәжірибені тарату, баспасөз материалдары т.б.
Өздігінен білім жетілдірудің нәтижесі
Қандай қызмет болсын, нәтижесі өнім, табыс не жетістік құрауы тиіс. Әйтпесе ол қызметтің мәні жоқ. Мұғалімнің өздігінен білім жетілдіру жөніндегі жеке жоспарында белгілі бір мерзім ішінде қол жеткізілетін нәтижелер тізімі болу керек.Білім жетілдіру үздіксіз жүргізілетін процесс, бірақ оны кезең-кезеңімен жоспарлау керек. Атап айтқанда:
- пән бойынша білім сапасын арттыру,
- оқытып-үйретудің жаңа формаларын, әдіс-тәсілдерін жасау;
- дидактикалық материалдар, тесттер, көрнекі құралдар әзірлеу;
- мақалалар, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеулер , сценарийлер;
- баяндамалар, белгілі бір тақырыпта сөйлейтін сөздер;
- жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты әдістемелік ұсынымдар жасау;
- жаңашылдық технологиялар әзірлеу және сол бойынша ашық сабақтар өткізу;
- зерттелетін өзекті мәселе бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар, шеберлік сыныптарын өткізу, озат іс-тәжірибені тарату

Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» тарауына есептер шығарту.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың тұрақты электр тогы бойынша алған білімдерін жүйелеу, алған білімдерін тақырыптық есептер шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, жеке және топпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, кестелер.

Сабақты өткізу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру:
1. Электр тогы дегеніміз не, қажетті шарттары қандай?
2. «Электр қозғаушы күші» деп нені айтады?
3.Ток күші деген не, қандай құралмен өлшейді және ток көзіне қалай жалғанады?
4. Электр кернеуі деп нені айтады?
5.Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңдар
6.Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?
7.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күші қалай өзгереді?
ІV.Есептер шығарту:
1. Егер тізбектегі ток күші 5А болса, онда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с ішінде қанша кулон заряд өтеді? (10 Кл)
2.Шамды ЭҚК-і 1,5 В тоқ көзіне қосқанда , тізбектегі ток күші 0,6 А. 1 мин ішінде бөгде күштердің атқаратын жұмысы неге тең? А= Еit (54 Дж)
3.Кедергілері 2 Ом және 6 Ом екі резистор параллель қосылған. Кернеуі 240 В болғанда ток күші неге тең? (16 А)
4. Өткізгіштің көлденең қимасынан 1 минутта 30 мкКл электр мөлшері өткен болса, ондағы ток күші неге тең? ( 0,5 мА)
5.Ұзындығы 2,5м фехралдан жасалған өткізгіш сымның көлденең қимасы 0,5мм 2 және кедергісі 5,47Ом. Фехралдың меншікті кедергісі неге тең? (1,094*10-6Ом.м)

Ү. Білімдерін бағалау. Үйге тапсырма беру


Физика –табиғат туралы ғылым
Сыныптан тыс жұмыс
7 сынып

Мақсаты:
Физика пәні бойынша оқушылардың ой-өрісі мен танымдық белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу, ұқыптылық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жарыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,плакаттар т.б.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

І. Таныстыру кезеңі
ІІ. « Бәйге»
1 топтың сұрақтары:
1. Физика пәні нені зерттейді?
2. Дененің массасын өлшейтін құралды не деп атайды?
3. 1 тоннада неше кг бар?
4. Күн жүйесінде неше планета бар?
5. Деформация дегеніміз не?
6.Күшті қандай әріппен белгілейді?
7. Дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, ол қандай қозғалыс болады?
8. Дененің температурасын өлшейтін құрал не деп аталады?
2 топтың сұрақтары:
1. «Физика» терминін ең алғаш орыс тіліне енгізген ғалым кім?
2. Астрономия нені зерттейді?
3.Уақытты өлшейтін құрал не деп аталады?
4. Деформацияның неше түрі бар?
5. Дене тең уақыт аралығында әртүрлі жол жүрсе, ол қандай қозғалыс болады?
6. Күш дегеніміз не?
7. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын білдіретін шама не деп аталады?
8. Жол және орын ауыстыру дегеніміз не?

ІІ. «Мықты болсаң тауып көр»

2 топқа физикалық жұмбақтарды шешуге беру

1. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты
Тағы да бір белгісіз шама шықты
Ол болмаса денелер қозғалмайды
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (жылдамдық)

2. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді.
(Күш)
3. Ол затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
(Масса)
4. Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(Күн)
5.Көп болса асықпайсың
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсың?
(Уақыт)
6. Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек.
(Тығыздық)

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»
Есептер шығарту
№1
Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 минут ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшінің жылдамдығын есепте. (5 м/с)
№2
Жүктің массасы 15 кг. Оған қандай ауырлық күші әсер етеді?
(150 Н)

№1
Ұшақ 72 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағ ішінде ол қандай жол жүреді? (432000 м)
№2
2 Н күш әсер еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.
( 50 Н/м)

ІҮ. «Ойлан, тап»

«Динамометр» сөзінен бірнеше сөздер құрау.

Ү. «Формулалар әлемі»

Белгісіз физикалық шаманы табу

V= St S= F= kx k=

F= mg m= P= m/v v=

Ғ= µH H= m /v= m /v m=

ҮІ. Ребустар шешу.

2 топтағы оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша берілген тапсырмаларын орындайды.

Қорытындылау.
2 топтағы белсенді оқушыларды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.