Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білім беру процесінде ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары -

Білім беру процесінде ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1291 | Размер: | Автор: гость
. Білім беру процесінде ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді
жолдары

Айдарбекова Гүлназат Сейткалиевна

Ордабасы ауданы,С.Сейфуллин жом,тарих пәні мұғалімі

“Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ,
шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Мұғалім
әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне
сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек”
А.Байтұрсынов
Мақсатым:
Сапалы білім беруде жаңа ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру.
Міндетім:
1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу.Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Жоғары мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталғанын» атап көрсетті. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану.
Тақырыптың жаңашылдығы:
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына » қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.
Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары . Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Тақырыптың тиімділігі:
Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады.
• Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.
• Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
• Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.
• Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
• Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.
• Оқушының ой - өрісін , дүниетанымын кеңейтеді.
• Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
• Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді.
• Алған білімін талдап,жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Ақпараттық технология дегеніміз не?

Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Ал барлық тәсілді бірге қолдану баланың есте сақтауын 80%-ға арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет » - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым:
- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.
- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.
- Проблемалық зерттеу , аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
- Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақты екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудағы мұғалімнің ерекшелігі неде? Мұғалім формулаларды жинақтап, суреттерді қойып жаңа материал жасауға бейім екенін ескерейікші. Егер мұғалім осы мақсатта интерактивті тақтаны компьютерлік слайдты көрсетуге қолданатын болса, онда мұғалім әр слайдты периодты түрде біртіндеп көрсеткеннің өзінде ол оқушыға дайын түрде беріледі. Егер мұғалім тақтада тұрып бейнелерді жылжытып, формулаларды жасырып, графиктерді сызып және т.с.с іс-әрекетті орындаса, онда бұл сабақққа оқушының қызығушылығы арта түсетіні анық. Ал тақтаға баланың өзі шығып осы іс-әрекеттерді орындаса бұл сабақты бала жақсы есіне сақтайды.
Физика және математика мұғалімдеріне кабинетте үнемі график сызу үшін тақта жетіспейді, ал мұнда график сызуға қолайлы өріс бар. Біз мұнда графикті өз қалауымызша сыза аламыз. Бұл тіпті бір түзудің бойында жатпайтын нүктелер бойынша график тұрғызуда да ыңғайлы. Лабораториялық жұмыстар жасағанда, мысалыға изопроцестерді, балқу, қатаю процестерін түсіндіргенде графигін сызып көрсету ыңғайлы және бұл сабақты кейінгі сабақтарда да қайта ашып қайталау мүмкіндігі бар. Тіпті нашар оқитын баланың өзі де үлгіге қарап график тұрғызуды үйренеді.
Тақтада сондай-ақ электронды перденің көмегімен сабақтың екінші бөлігіне қажетті материалды, есептің жауабын жасырып қоюға болады. Тақтаны қарайтуға, жарықтандырыуға, сиқырлы қаламды (түзу сызып өткен соң жоғалып кетеді) қолдануға болады. Бұл тәсілдердің барлығы да оқушының оқу процесіне деген ынтасы мен қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.
Сонымен, интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен,
« Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Осы зерттеу жұмысын жүргізгенде эксперимент топтағы оқушылардан байқағаным компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашты. Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болды.
Осы тәжірибені қолданбаған топпен салыстырмалы түрде қарағанымда тәжірибеге қатысқан топ оқушыларында өз бетінділік, даралық, ойлау қабілеті шапшаң, шығармашылық қабілеті жоғары, есте сақтау мен қабылдау қабілеттері жоғары, интеллектуалды дамыған, сабаққа қызығушылығы жоғары, өз ойын еркін айта алатын және жеткізе алатын іскерлік пен дағдылардың қалыптасқанына көз жеткіздім.
Оқушылар физиканы оқу арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын танып біледі. Әрине, физиканы оқудың міндеті физикалық ғылыми білімдер жиынтығын жай есте сақтап, жинай білуде ғана емес. Оқушылардың заттар мен құбылыстар жөніндегі диалектикалық көзқарастарын, ұғымын қалыптастыру, дүниені танудың ғылыми әдісін үйрету, өз бетімен шығармашылық ойлау, пайымдау қабілетін дамыту. Білімді жай есте есте сақтаудан гөрі, оны эксперимент жүзінде көрсету әлде қайда қиын жұмыс екендігін ескеруіміз тиіс.
Мен көрсетіп отырған осы әдістемелік кешен мынадай мүкіндіктерді береді:
Біріншіден, жаңа материал түсіндіру барысында бұл кешенді физикалық практикум ретінде қолдануға болады. Оқушы компьютерде отырып практикалық тапсырмаларды орындайды, үй тапсырмасын алады. Сондай-ақ демонстрациялық тәжірибелерді көре алады. Ал мұндай тәсілдер оқушылардың тақырыпты түсінуін жақсартады да, олардың пәнге деген қызығушылығын тудырады. Мұғалім оқушылардың «Егер былай болса, қалай болады?» деген сұрағына «ал ендеше көрейік...» деп жауап бере алады.
Екіншіден, бұл сабақтарды компьютерлік сыныпта өткізген дұрыс. Себебі әр оқушы өзінің қалаған тақырыбын қайталауға, есптерін шешуге, тарау бойынша білімдерін тексеруге мүмкіндігі бар. Ал виртуалды зертханалық практикумдарға оқушылар алдын ала теориялық дайындықпен келуі, олардың эксперименттік қондырғылармен саналы түрде жұмыс істеуіне және олардың пәнді тереңірек түсінуіне әсерін тигізеді.
Үшіншіден, осы бағдарламаның негізінде жобалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Бағдарлама теориясы мектеп бағдарламасының аумағынан шығатын күрделі физикалық процесстер мен құбылыстарды зерттеугі мүмкіндік береді.
Төртіншіден, дайын бағдарламаны пайдаланып оқушылар білімін тексеретін тест сұрақтарын дайындауға болады.
Осы жұмыстың орындауын қорыта келгенде мынадай тұжырым жасауға болады:
1.Оқу процесін интенсификациялауға қатысты жүйелі тәсілдемені теориялық зерделеу, инновациялық технологиялардың тиімді әдістерін жүзеге асыру арқылы мақсатқа жету орындалды.
2.Оқушылардың өзіндік жұмыстарында көкейкесті мәселелері теориялық және эксперименталды зерттеліп, оқу процесін интесификациялауға қатысушылардың өзара әерлесулерінің нәтижелері зерттелді.
3.Оқытудың инновациялық интенсивті әдістемелік оқу құралы электронды оқулық түрінде жасалды.
Жаңа ғасырдағы мектептің алдындағы міндет- Егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта тәрбиелеу. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш-мектеп партасында отырған оқушылар»,-деп Елбасы бекер айтқан жоқ. Себебі Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал, жас ұрпақты жан-жақты етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы оқушыға білімді терең игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, ақпараттық технологиялар көмегіне сүйеніп оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнен терең біліктілік талап етіледі.
Шығармашылық әр баланың табиғатында туылғаннан пайда болады. Ал оның дамуы өскен ортасына, алған біліміне, дүниетанымына байланысты болатынын күнделікті өмірден көріп жүрміз. Сондықтан «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, мұғалімнің міндеті оқушының бойындағы жасырын мүмкіндікті ашу.
Пайдалынылған әдебиеттер:
1. «Ұстаз нұры» газеті, №10, 31.05.2008
2. «ХХІ ғасыр оқытудың жаңа технологиясы» М.Жанпейісова
3. «Деңгейлеп оқыту технологиясы» Ж.Қараев
4. СТО бағдарламасы бойынша қосымша мақалалар
5. «Оқу тәрбие үрдісін технологиялау» Р.Зекенова
6. «Сабақта дамыту оқыту технологиясын қолдану» Л.Занков
7. «Физика және математика» әдістемелік журналы, 2007-2009 жж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.