Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білім беру үрдісінде  ақпараттық  – коммуникациялық технологияны тиімді  пайдалану  арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалып -

Білім беру үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалып

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1670 | Размер: | Автор: гость
. Білім беру үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Идрисова Нодира Муратовна-Шымкент қаласы К. Қасымұлы атындағы №82 жом ағылшын тілі пәні мұғалімі
Алданова Жадра Тажибаевна-Шымкент қаласы К.Қасымұлы атындағы №82 жом ағылшын тілі пәні мұғалімі
Жүнісбекова Сайраш Әлібекқызы-Шымкент қаласы К. Қасымұлы атындағы №82 жом ағылшын тілі пәні мұғалімі
Оразбекова Ақнұр Ануарбековна- Шымкент қаласы Фурқат атындағы №37 жом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отыруы қажет. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізіп, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың ойынан шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны жаңашыл педагог қалыптастыра алады. Еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Осы бағытта ұстаздар алдында жаңа технологиялар мен ақпараттық технологияны қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі туындап отыр. Өйткені кез-келген адамның үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету жүйесі ақпараттандырумен тығыз байланысты. Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері адамның интеллектуалдық, шығармашылық потенциялының даму мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс. АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқушының кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындап, кез-келген проблеманы қойып, оның шешімін тауып, білімін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың бойында мынадай құзіреттіліктер қалыптасады:
- электронды почтаны қолдана білу;
- слайд, презентация жасау;
- графикпік сызбалар түсіру;
- мәліметтер қорымен, әдебиеттермен жұмыс;
- интернеттен қажетті ақпараттар алу,өңдеу,сақтау;
- электрондық оқулықпен жұмыс;
Дәстүрлі оқытуда оқытушы дайын, толық ақпаратты берген болса, оқушы тек соны тыңдап, ақпаратты мұғалім арқылы қабылдап отыратын. Сабақта көбіне репродуктивті әдістер, лекция, баяндау, әңгімелеу, мазмұндау және т.б. қолданылды. Егер дәстүрлі оқытуда оқу тәрбие үрдісінде басты рольді мұғалім атқарса, педагаогикалық технологияның көптеген түрлері қамтылған қазіргі жағдайда белсенді қызметті оқушы атқарады, яғни өзі ізденеді, өзі оқып, өзі үйренеді. Ал мұғалім сабақты ұйымдастырушы, кеңес, бағыт-бағдар беруші. Ол үшін мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі, теориялық білімі, ұйымдастырушылық қасиетінің жоғары деңгейде болуымен қатар, құнды жасалған көрнекілік, электрондық оқулық, аудио, бейнетаспалардың болуы да қажет. Электронды оқулыққа ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек сигналдар арқылы оқыту,тест тапсырмалары т.б.жинақталған. Электронды оқулықтарда көптеген қосымша материалдар беріледі, алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс істеп, ақпаратты таңдап, талдап, өңдеп, сақтап үйренеді. Оқулықта материалдар – мәтін, сурет, кесте, кескін, эссе, интерактивтік тапсырмалар, сарамандық жұмыстар, терминдік сөздіктер, т.б арқылы беріледі. Білім алушының оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.Сондай-ақ, электронды оқулықтағы оқыту, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы тіл үйретуде жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Олар жинақы, ыңғайлы түрде алынады, өйткені электрондық оқулық – бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Оны пайдалану барысында төмендегі мақсаттар жүзеге асырылады:
- тыңдау арқылы қабылдауға, есте сақтауға, дұрыс оқуға дағдыландыру;
- оқылым арқылы мазмұндап, өз ойын айтуға үйрету; оқу жылдамдығын арттыру; оқу арқылы мазмұнын меңгерту;
- жазылым арқылы берілген түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы тіл үйренушінің сауаттылығын арттыру; қойылған сұрақтарға жауапты жазбаша жазуға үйрету;
- көру арқылы берілген тақырып бойынша материалды пысықтау;
- әртүрлі тапсырмалар, тест арқылы тіл үйренушінің білімдерін тексеру.
Толассыз ақпараттар ағымын бүкіләлемдік Интернет жүйесі, спутниктік каналдар, теледидар, ұялы байланыс арқылы көріп, естіп қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың азаматына ең керегі – сандық бейне, анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. компьютерлік технологиялар. Осылардың бәрін қолдануға мүмкіндік беретін қазіргі мультимедиялық бағдарламалар тіл үйретуді жеделдетуге, оқу уәждемесін көтеруге, сөйлесім әрекетін дамытуға зор әсерін тигізеді. Қорытындылап айтсақ, ақпараттық технологияның кез-келген түрінің бүгінгі күні қарқындап өсуі, оның тиімділігі сапалы білім берудің бірден-бір қайнар көзі екендігі және оны әсіресе тіл үйретуде пайдалану – тіл үйренушінің ең басты құралы болып отырғандығы шындық. Ендеше келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімнің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі сапалы білімнің жемісі болмақ. Сондықтан балаға тілді оқытуда дайын өнімдердің жетістіктерін есепке ала отырып, мультимедиялық технологияларды қолданып, ақпараттық оқыту бағдарламаларды әзірлеудің теориялық, әдістемелік мәселелерін терең саралау арқылы оны жетілдіре түсу біздің басты мақсатымыз болмақ. АКТ-мен жұмыс оқушының танымдық қабілетін дамытып, өркениетті елдер жайлы мәліметтерді жинап, жаңа ақпараттық , статистикалық мәліметтермен танысуға жағдай жасайды. Мұғалім мен оқушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасып, оны шапшандыққа, ізгілікке, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйретеді, оқушының ойлауына, қабілетіне әсерін тигізіп, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамытады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.
2. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –Алматы. 2005.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.