Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ -

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1239 | Размер: | Автор: гость
. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Дулатбаева Гулжамила Бақтыбайқызы

Сарыағаш ауданы, № 26 Т.Өстеміров мектебі
бейнелеу өнерінің мұғалімі

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, «келешектің иесі – жастар». «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда: есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу; оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Халықтық педагогикамен төрт салада жұмыс жүргізуге болады. 1.Оқушылармен жүргізілетін жұмыс. Бұл жұмыс сабақтар арқылы, факультативті курстар арқылы, үйірмелер арқылы, Сыныптан тыс жұмыстар арқылы, дарынды оқушымен жұмыс арқылы, тәрбие сағаттары т.б. арқылы жүзеге асады.
2. Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс. Бұл жұмыс ашық сабақтар арқылы, баяндамалар арқылы, семинарлар арқылы, мектепішілік газеттер арқылы, әдістемелік бірлестіктер арқылы, авторлық бағдарламалар арқылы, баспасөз беттері арқылы жүзеге асады.
3. Ата-анамен жүргізілетін жұмыс. Бұл жұмыс ата-аналар жиналысы арқылы, отбасылар сайысы арқылы, мектепішілік мерекелер арқылы, кездесулер арқылы, баспасөз беттері арқылы жүзеге асады.
4. Жалпы жұртшылықпен жүргізілетін жұмыс. Бұл жұмыс Наурыз тойы арқылы, үйлену тойлары арқылы, ақындардың мерейтойлары арқылы, ардагерлерді зейнетке шығару арқылы, баспасөз беттері арқылы , ақсақалдар кеңесі арқылы, т б жүзеге асады. Міне осылай бұл педагогика іске асады.
Бұл бір күндік, бір айлық не бір жылдық жұмыс емес. Бұл – үздіксіз еңбек. Енді осыны таратып көрсек: Оқушымен жүргізілетін жұмыс: Ең алдымен, әрине, сабақ қой. Сабақта оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауы үшін жағдай жасау қажет. Сабақтың форма жағын да, мазмұн жағын да ойластыру керек, сабағықтың тақырыбына, мазмұнына, салмағына қарай оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспар құру қажет.Сабағымда ұлттық ойындар әдісі және іскерлік ойындар әдісін қолданған дұрыс. Ұлттық ойындардан «Қыз қуу», «Барымта мен қарымта», «Көкпар», «Бәйге», «Билер дауы», «Аударыспақ» , «Хан талапай», «Шертпек», т.б. ойын түрлерін пайдаланған жөн. Іскерлік ойындардан «Лоторея», «Жұлдызды сәт», «Жүрдек поезд», «Футбол»т б. бүгінгі заман талабына сай ойындар әдісін қолдан. Үшінші бір түрі ойынның ойлау әдісін де пайдаланып көрген дұрыс, «Сот-сабақ», «Сабақ-телехабар», «Пікірсайыс-сабақ» т б түрлеріне де кезек берген жөн. Менің ойымша, менің пәнім болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. Себебі бейнелеу өнері – өнердің күрделісі. Оны сахнаға қоюға, ән етіп айтуға, сурет етіп салуға болады. Яғни бейнелеу өнерін сүйген адам әнші, суретші, ақын, актер, архитектор, жазушы, диктор бола алады. Екіншіден, бейнелеу өнері – білім. Оның теориясы, өз салалары, өз ережелері, анықтамалары, түрлері, әдіс тәсілдері бар. Біздің пәнді тереңдей оқығандар мұғалім, дизайнер, архитектор, бола алады. Үшіншіден, бейнелеу өнері – тәрбие. Ондағы сұлу, сымбатты суреттер арқылы адамгершілікке, сұлулыққа, еңбекке, ұлтжандылыққа, яғни жан жақты тәрбие беруге болады. Төртіншіден, бейнелеу өнері – өмір. Ондағы сурет болып салынған дүниелер, тартыстар мен күрестер өмірден алынған. Өмірдің жазылмаған заңдылықтары, шарықтауы мен құлдырауы, ақ пен қара күресі, жамандық пен жақсылықтың алмасуы өмір заңын суреттейді. Сондықтан осы міндеттерді арқалап жүрген бейнелеу өнері ұстаздарының еңбегі қиын да қызықты. Егер оқушы жоғарыда көрсетілген мамандықтардың бірде-бірін қаламаса, басқа мамандық иесі болса да, біздің пәннің мәні зор. Себебі әрбір адам – мәдениетті, зиялы, тәрбиелі болу керек. Өзін мәдениетті, зиялы, білімдімін деп санайтын азамат жатық сөйлей алатын, өз өнерінің даму бағытын білетін болуы да міндетті, Болашақ азамат он тілді біліп, он елде білім алса да, өз халқына қызмет етпесе, оған кеткен еңбек зая болғаны, Ал өз халқына қызмет етуді алдымен тіл, онан соң өнер үйретеді және қазіргі заман - алмағайып та күрделі заман. Жеке тұлға үшін өте қиын. Түрлі ойынханалар, қатыгез кинолар, террорлық әрекеттер мен террорлық соғыстар, індеттер, апаттар т. б. адам санасына қатты әсер етуде. Ал адамға осындай лықсыған әрекеттерге тойтарыс беру үшін, алдымен оның рухы күшті болу керек. Тек рухы мықты адам ғана бұған қарсы тұра алады. Рухты тіл мен өнер қалыптастырады.Сондықтан баланың әдебиет пен тілін сүюге жағдай жасау керек. Тілі мен өнерін сүйген адам мына өмір күніне мың құбылса да, адам боп қала алады. Мүмкін ол бай да, би де, болмас, қарапайым өмір сүрер, бірақ өмірдің алма кезек қай кезеңінде де жол тауып, адам болып қалады. Тіл мен өнер білімдік жағын сабақта үйретсек, оның өнерлік, тәрбиелік, өмірлік жағын сабақтан тыс уақытта үйретеміз. Сол себепті тіл мен өнерге қызықтыру үшін үйірмелік жұмыстардың көмегі зор.

Пайдаланған әдебиет:
1.Ахметов З. Қалың елім, қазағым. «Атамұра» баспасы, 2002 ж.
2.Баширова Ж. Р. Личностно-ориентированное образование преподователя высшей школы в университете. Білім. 2006, №5 (29)
3. Мұсабеков Ө. Тұлғаға бағытталған білім. Қазақстан мектебі. 2007/1.
4.Подласый И.П. Совершенствования методов обучения. в кн.: Выбор методов обучения в средней школе / под ред. Ю.К. Бабанской. Москва, 1991.
5.БабанскийЮ.К.Оптимизация учебно воспитательного процесса. Методические основы. Москва, 1982.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.