Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ -

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2197 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы ,Сарыағаш ауданы
№91 М.Горький атындағы
жалпы орта мектебінің математика
пәні мұғалімі
Утибаева Клара Рисдавлатовна

Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,
ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер
Ж. Аймауытов.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады» К.Д.Ушинский.
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көрініс табатын оң алғы шарттары қалыптасып келеді.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.



2003-2004 оқу жылында Қазақстан Республикасында бірінші рет ҰБТ өткізілді. Осыған байланысты мектеп мұғалімдерінің алдында көптеген түсініксіз сұрақтар, зерттелмеген мәселелер туындады. Мектеп ұстаздары өз беттерінше тестік сұрақтар құрып, бағалау жүйесін ойластырып, дайындық жұмыстарын жүргізіп жүр. Мен осы мәселені өзіміздің мектебіміздің 6 - сыныбында зерттеу жүргіздім, жасаған жұмысым туралы ой бөліскім келеді.
Жұмыстың мақсаты: соңғы жылдарда қолданылып жүрген тестік бақылау технологиясының тиімді жақтарын зерттеп, біліп, өз жұмысымда қолдану.
Жұмыстың міндеті:
1. Тақырып бойынша тест сұрақтарын құру.
2. Белгілі түрлері бойынша жұмыс барысында зерттеу жүргізу.
3. Жүргізген тестерді салыстырып, бағалау.
Жұмыстың әдіс-тәсілі:
– Танысу
– Қараптау
– Іріктеу, талдау
Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б.э.д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақтан өткен адам 2-ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген.
Сынақтардың түрлері Қытайда Чань-буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма-қол жауап беру қолданылған.
XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884 - 1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5 - 80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф.Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады.
Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ- та жақсы дамыған. 1930 жылдары Кеңестер Одағында алғашқы сынақ тестер жүргізіле басталды. Бұл салада М.Я.Басов, М.С.Бернштейн, П.П.Блонский, А.П. Болтунов т.б. ғалымдар жұмыс істеді. 1936 жылы тест «буржуазиялық қалдықтар» деп аталып тиым салынды. Тек 1978 жылы совет ғалымы Аванесов В.С. «Психологиялық тестердің мәселелері» деген еңбегін жазды.
1960 жылдардан бастап кеңестік оқу жүйесінде шет тілдерін оқытуға үлкен мән беріле бастады және сонымен қатар алған білімді тексеру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданыла бастады.
Жалпы педагогикада тестік бақылау бір - бірімен тығыз байланысты үш функцияны орындайды:
– Диагностикалық
– Оқыту
– Тәрбиелеу
Диагностикалық функция: негізгі функция оқушының білім деңгейін, тілдік бірліктерді қалай меңгергенін анықтайды. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.
Оқыту функциясы: оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының рөлін арттыру үшін қосымша қайталауға арналған сұрақтар, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тестердің, орындалған тестің қорытындысын талдау.
Тәрбиелік функция: оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тесті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді.
Білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың ерекшелігі де, кемшілігі де болады.
Ерекшелігі:
1. Сапалы, объективті, стандартты түрде өткізілуі, жалпы білім тексеріледі.
2. Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі, тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды.
3. Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды. Мысалы, ауызша емтихан 2 - 4 тақырып, жазбаша емтихан 3 - 5 тақырып қамтылады.
4. Бағалауы нақты.
5. Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)
Кемшілігі:
1. Тестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болғандардың сапасы дұрыс емес.
2. Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады, бірақ оның негізгі себебін біле алмаймыз.
3. Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз.
4. Тесте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік болады.
5. Тесте кездейсоқтық болуы әбден мүмкін. Жауап беру кезінде.
6. Орыс мектептеріндегі қазақ тіліндегі кемшіліктің болуы оқушының тілдік бірлік аудармасын дұрыс білмеуінен болады.
7. Сұрақты аяғына дейін оқымау.
Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін «оқыту тесті» және «бақылау тесті».
Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды, тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рөльді атқарады. Сұрақ қою, жауап беру, есте сақтаймыз, жазып аламыз, үйден ауызша қайталаймыз, қайтадан жалпы сұрақ - жауап түрінде тексереміз. «Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі. 15 - 20 минуттық тестке, 15-20 сұрақ жеткілікті. Барлық мұғалімдер өз жұмыстарында
1. Жабық тест түрін жиі қолданады.
2. Балама тест.
3. Анықтау тест. Осы екі түрін ережені жаттамайтын, есте сақтауға талпынбайтын оқушылармен жүргізген тиімді.
4. Тіке жауап тест. Мұғалім – оқушы. Көп жағдайда геометрия сабағында қолданамын.
5. Ашық тест. Білім деңгейі жоғары, шығармашылық қабілетін толықтыруға талпынатын оқушыларға арнаймын.
6. Сәйкестік тест. Бағанаға қарап дұрыс жауабын тап. Модуль бойынша формуланы меңгеруін тексеруге өте тиімді. Жақсы есте сақтаған сөзіңді басқа (жасыл) бояумен көрсет.
7. Толықтыру тест. Анықтама, ереже, теорема сұрауға тиімді.
Әр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, неге ол жауапты таңдады - сұраймыз, оқушы түсіндіреді, келесі оқушы дұрыс жауабын айтады, мұғалім толықтырады, қабілеттерін анықтайды.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
– Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
– Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
– Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың жауабын тындау;
– Дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындауы.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Қорытындылай келгенде, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атына кір келтірмеу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыретті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы - жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл - ой, сана - сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан - жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан - жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.