Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» СМАТРФОНДАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЕНГІЗУ -

«БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» СМАТРФОНДАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЕНГІЗУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1355 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Оңтүстік Қазақстан Политехникалық Колледжі
«Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер»
пәндер бірлестігі

БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
СМАТРФОНДАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЕНГІЗУ

Дайындаған: Шыналиев Марат Сейдуллаұлы

Бағдарламалау және АЖ
кафедрасында қаралды
№ __ хаттама
«__» __________ 20 ___ж
кафедра меңгерушісі
_____ Есентаев Е.С.

Шымкент
2014 ж
БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мақсаты: Электронды оқулықты смартфондарға енгізу. Білім берудің саласында "Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Дамытушылық: Студенттердің сабаққа деген және өз мамандықтарына деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Студенттердің әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді өзара сыйластыққа және үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Қай сала болмасын қазіргі кездегі жаңа технологиялар тиімділігінің маңызы зор. Білім саласында жаңа технологияның тиімділігін білу үшін біз алдымен тарихтан бастайық. Алғашқы санау жүйесінен алатын болсақ, мысалға: Маия халқы-жиырмалық, индейстер-бестік, ондық, Европада революцияға дейін - он екілік, ал Қытайда - бестік жүйелер қолданылды. Сондай-ақ аббак, есеп шот, калькуляторлар және электрондық есептеуіш машиналар сол уақыттағы адамдардың сұраныстарына және олардың талаптарына сәйкес болды. Дербес компьютермен және интерактивті тақтаның келуімен білім саласында, мектепте немесе колледждерде оқушылардың жұмыстарын жеңілдетумен бірге олардың ойын ұшқырлата түсті. Ал ең алғашқы болып планшеттерді қолдануды Онтүстік Қазақстан Политехникалық колледжі мәртебеге ие болды. Планшеттерді қолдана отырып оған электрондық оқулықтарды ендіруге зор үлесін қосты. Осымен шектеле қоймай микропроцессорлық техника негіздері пәні және сабақтан тыс микропроцессордың мүмкіншіліктері үйірме дәрістерінде оқытушы мен оқушы бір ойға келіп тоқтадық. Ал дәлірек айтатын болсақ андройд бағдарлама жүйесін пайдалана отырып, қалталы дербес компьютерлер және смартфондарға вайфай интернет желісі арқылы электронды оқулықты орнату. Смартфондағы электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ: бірінші блютуз арқылы бір-біріне таратылып орнатылуы; екіншіден бейне сабақтарды көру тиімділігімен; үшінші смартфонда кішкентай көлемді алу жағынан тиімді.
Қазіргі заманауи технологияларға сұраныстың артуына байланысты адамдарға қалталы дербес компьютер мен смартфондарды қолдану тиімділігі күннен күнге артып барады. Осы заманауи техника және технологияны сабақ кезінде тиімді пайдалана отырып уақытты үнемдеу және тәжірибелік жұмыстарды арттыру мақсатында жаңа тәсіл ретінде қолдану керекпе әлде керек емеспе оны өздеріңізге шешуге тапсырамын құрметті оқырмандар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.