Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ӨЗГЕРІСТЕР - ТАБЫСТЫ ОҚУ КЕПІЛІ -

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ӨЗГЕРІСТЕР - ТАБЫСТЫ ОҚУ КЕПІЛІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2035 | Размер: | Автор: гость
. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ӨЗГЕРІСТЕР - ТАБЫСТЫ ОҚУ КЕПІЛІ

Сайфуллаев Агадил Кенесбаевич
ОҚО, Мақтарал ауданы «Сырдария» ат. жалпы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі

”Ғылым мен еңбек, қиял мен шығармашылық
тоғысқанда таланттың дамуына
мүмкіндік өлшеусіз мол болады”
А.Петровский
Адам өмірі ғұмыр бойы оқудан тұрады. Оқу адам баласына жан- жақты даму үшін қажет. Оқу - дегеніміз мағынаны тану және оның мәнін ұғыну. Кез келген адам қалай оқу керектігін түсіну қажет. Оқу туралы көп білгенімізбен, біз қалай білім алатынымызды түсінбейміз. Оқуда негізгі бағыт бағдар беруші мұғалім болып табылады. Оқу және оқытуда дұрыс бағыт – бағдар беру мақсатында мұғалім, яғни біздер жан-жақты дамуымыз қажет, ізденуіміз керек. Оқушыны дұрыс бағыт - бағдарға жол сілтеуде негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалімдер оқу мен оқыту жаңа әдістер мен тәсілдерді меңгеруі қажет. Жаңа әдістер мен тәсілдерді меңгерудің бірден –бір жолы Үшінші деңгей бағдарлама тәсілі бойынша оқытудың теориялық негіздері. Бұл бағдарлама бойынша мұғалімдер үш айлық кезең бойынша оқу барысында жаңа әдістер мен тәсілдерді меңгереді, оқу мен оқытуда көзқарастарын өзгертеді. Үш айлық курс барысында алған білімімді болашақта балалардың ой-өрісін, сабаққа деген ынтасын, тұла бойларындағы қабілеттерін одан әрі дамытуға қолдансам деймін. Біздер, яғни мұғалімдер балаларға білім берумен қатар, олардың бойындағы қасиеттерін оята білуіміз керек. Кейбір балалар жасқаншақ, өз ойларын ортаға салудан қорқады. Сонымен қатар, оқушының оқу үлгерімін ғана емес, оның түсініп оқуын, материалды терең игеруіне ықпал жасап отыруымыз Әлеуметтік – сындарлы тұрғыдан оқытуды түсіну осы бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Оқушылар белсенді білім алушылар болып табылады. Психология саласында оқу мен білім бағыттарын зертеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушылар, когнитивті психологтар. Бұл үш топ бір мәліметті адамдарың қабылдауына қатысты есте сақтау, қабылдау, ішкі шегін, тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесін қарастырады. Бұл бағыттырда Жан Пиаженің теориясы, Авраам Маслоудың иерархиясы, Лев Выготскидің пікірлері ерекше орын алады.Әдіс оқу –тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданылатын тәсілдер. Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Оқыту - бұл оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық іс – тәжірибелердің кешені. Оқыту екі түрлі әдіске бөлінеді: Репродуктивтік, Эвристикалық. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы дайын білімдерді есіне сақтап, айтып бергенмен, оның ақыл ой белсенділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл - ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс- әрекеті арқылы алады. Мен оқытудағы Үшінші деңгей бағдарлама тәсілін эвристикалық әдіске жатқыздым. Өйткені бұл жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйретеміз, сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастырамыз. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау.Cондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Мұғалім өз пікірімен бірге, оқушының оқу мен оқыту туралы пікірін ескеріп, оқушының үніне көңіл бөліп отыру керек. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Rudduck et al, 2004).
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Менің де үш айлық курсқа келуімнің негізігі мақсаты « Экономикасы дамыған мемлекеттердің білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерін үйрену арқылы өз іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу» болатын. Мен өзімді сол мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Өйткені, Үшінші деңгей бағдарлама тәсілдерін оқыту барысында менің санамда көптеген өзгерістер орын алды десем болады. Курс барысында біліміміз күннен-күнге жүйеленіп, біздің де білімге деген көзқарасымыз өзгере бастады. Үшінші деңгей бағдарлама әдісі бойынша оқытуда біз көп нәрсеге қол жеткіземіз, атап айтар болсақ, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың метатанымын ойлау дағдысын қалыптастыру. Яғни жылдамырақ оқуға, мұғалімсіз өз бетінше материалдар жинап, өз-өздерін тексеруге, сабақтың мағынасын ажырата алуға үйренеді. Сабақта өтілген тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы да оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыруға болады. Неғұрлым сұрақ көп болған сайын, бала соғұрлым көбірек ойланып, көбірек іздене бастайды. Сонымен қатар баланың ойлану қабілеті дами түседі. Өмірдегі түрлі сұрақтарға жауап іздей бастайды. Бұл модуль баланың танымын дамытады.Мен үстімдегі ескі киімдерімді тастағандай сезімде болдым. Өзімде, жан дүниемде өзгеріске ұшырады. Менің ойымда бұл жаңалықты оқушылар қалай қабылдар екен деген ой тұрды. Мектепке іс тәжірибе өтуге барып оқушылармен әңгіме жүргізіп оқушылардың ой өрістерінің өзгергенін байқадым. Көзімнің жеткені білім берудегі жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың өздерінің оқуына мүмкіндік беру керек екен. Мұғалім оқушыларды көп сөйлеуіне , өзі тапсырманы орындауына ықпал етіп отыруы тиіс. Мен ең алғаш курсқа барған сәттен бастап сабақтың модулдеп оқытудың оқушыларға қазіргі заман талабына сай сапалы білім беруде оң әсер ететінін сезіндім.
Әр модульдің адамға берері мол. Соның ішінде айтып кетер болсам, сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдана отырып, оқушыларды топқа бөліп, топпен жұмыс жасаған ұнады. Жаңа әдісті қолдана отырып сабақ өткенімде, балалардың барлық назары сабақта болды. Олардың сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Олар кәдімгідей өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен таласа отырып, сабақта атсалысып отырды . Тұйық, жасқаншақ деген оқушымның өзі екінші сабағымда өз ойын ашық айта бастады. Сабақ беру барысын ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушылармен өзін-өзі реттеу сабақтарын өткізу қажет, оқушыларды топтық жұмыстарға бейімдей отырып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады. Олар: топтық әңгіме, яғни топтардың бір-бірімен білім алмасуы және өзара ұсынылған идеяларды мұқият тыңдауы, әңгіме-дебат барысында ой-пікірлері бір-бірімен салыстырғанда әр түрлі болады және әр топ өз ойын қорғап қалады, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып әңгімелеседі, өз айтқандарын дәлелдеп, ортақ бір келісімге келуге тырысады. Екінші қадамым бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақтар топтамасына енгізу бағытында орын алды.Бар модулді бір сабаққа кірістіру мүмкін емес, сондықтан мән-мағынасына қарай модульдерді кіріктірдім.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Әлеуметтік – сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну. (Нұсқаулық 12 бет) Бұл балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға аламыз. Сонымен қатар сабақта диалогтық әңгімені дамытып отыру керек. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдағандай, оқуда әңгімелесу түрлерін қолданып отыру керек.Оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой-пікірді жүйелеу амалы қарастырылады және байланыс туындайды.
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын негізгі тәсіл етіп алдым. Өйткені бұл модульді пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге,өз ойларын анық жеткізуге,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді,ізденіске баулып,естіп,көріп,білгенін түйіндеп,пайдалана білуге үйретуді көздейді. Басқа модулдерді ықпалдастыруға да қолайлы. Әруақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жаңаша әдіс – тәсілдердің дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы коп екенін байқадым. Атап айтқанда дәстүрлі сабақта оқушылар аз сөйлеп мұғалім коп сөйлейтін. Сабақты түсіндіретін, оқушылардан жекелеп тапсырмалар сұрайтын. Жиынтық бағалаулар жүргізілетін. Ал сындарлы оқытуда мұғалім тек бағыт бағдар беруші. Оқушылар өздері ізденеді, тапсырмаларды жұптасып топтасып орындайды . мұғалім тек бағыт бағдар беріп тұрады. Барлық оқушы түгелдей сабаққа ұмтылады, өзін – өзі бағалайды. Мұғалімнің орнына оқушылар бір - біріне сабақ түсіндірді, ой алмасты, бір-біріне сабақ түсіндіру арқылы идея алмасып ойларын жетілдірді, біз келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейтінімізге сенімім күшейді. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей,оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастады.Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастады. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып,қасындағы серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау –білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық тәсілдермен тығыз байланысты. Өйткені мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін,мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Бағалаудың нақты түрлері жоқ,сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі.Мен оқушылар білімін балдық жүйемен критерийлер арқылы бағалауды қолдандым.Бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып жасадым. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бірден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім.Оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген сенімділігін арттыра түседі .Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе.Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не білетінін, нені білгенін және осы біліммен не істей алатынын стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. Осы арқылы олардың ойларын, пікірлерін анықтап отырдым, білгісі келген нәрсесін бүгінгі сабақтан ала алды ма секілді нәрселерге баса назар аудардым.
Оқытуда Ақпараттық Коммуникациалық технологияларды пайдалану.Бүгін оқушылардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеалары да басқаша. Өйткені олар өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса кез –келген мұғалім өз пәнінің терең білгірі ғана емес, әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы тиіс. ХХI ғасыр техниканың озық дамыған ғасыры. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану қазіргі заман талабы. Оқушыларды жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен білімін жетілдіреміз. Әр бала ақпараттар мен мәліметтерді интернеттен ала отырып, өз білімдерін одан ары жетілдіре отырып, жаңа технологияны игеруі керек. Бұл АКТ модулын дарынды және балаларға тапсырма беруге қолданып, оқыту және оқу үрдістерін жақсартуға жағдай жасап отыру керек.
Талантты және дарынды балаларды оқыту. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту қазіргі білім талабына сай ерекше мәнмен қаралады.Олардың өздері де сабаққа ынталы келеді. Оқушылардың әрқайсысы өзіндік ерекше қасиеттері арқылы дараланып отырады. Біреулері ойын ашық түрде жеткізе алса, екіншілері өлең арқылы, суреттеу арқылы білдіріп отырады.
Білім беру мен басқару және көшбасшылық. Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. (Нұсқаулық 14 бет) Бұл мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Бұл модуль мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлана білу қабілетімен және «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулімен тығыз байланысты.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту модулімен тығыз байланысты.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі - мұғалім бағыт беруші,ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды.Ал оқушылар ізденуші,зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,өзіндік пікір айтуға,саналы шешім қабылдауға бағытталады.
Мен келешекте осы курс барысында алған білімдерім мен тәжірибемді ұштастыра отырып өз сабақ беру үрдістерімді өзгертемін деп ойлаймын.Білім жақсы баға, жақсы емтихан, жақсы студент болу үшін керек емес. Білім өмірімізді жақсы арнаға бұру үшін керек. Осы қағиданы оқушылардың бойына сіңіре отырып жақсы бәсекеге қабілетті азамат білімді ұрпақ өркениет заманына лайықты азамат болып шығулары үшін қажет. Жаңаша әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып оқушыларға дұрыс бағыт -бағдар беруге тырысамын. Менің ойымша барлық ұстаздар да өзгеруі тиіс. Өйткені дамып келе жатқан мына заманда жаңашылдыққа бет бұруымыз қажет.Тәрбиелеп жатқан ұрпағымыз саналы, білімді ұрпақ болуы тиіс. Қазақстанның болашағын жарық ететін алға жетелейтін оқушыларды сабақтарыма жеті модулді пайдалана отырып тәрбиелеп шығамын. Олар болашаққа жаңаша көзқараспен қарауы тиіс. Өйткені олар біздің болашағымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2015 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.