Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білім беруді басқару ісіндегі жаңашылдық -

Білім беруді басқару ісіндегі жаңашылдық

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1241 | Размер: | Автор: гость
. Білім беруді басқару ісіндегі жаңашылдық
«Біз Қазақстан президентінің
тапсырмасымен орта білім
беру мазмұнын өзгертуді
бастап кеттік. Жаңа
бағдарламалар енгізілді.
Онда білім беруден бұрын,
оқушыларға машық пен
дағдыны қалыптастыруға
үлкен мән беріледі ».
А.Сәрінжіпов

Білім және ғылым министрі
Астана Қаз Ақпарат
10-шілде 2015ж
Әлемдегі жаhандану үдерісі, сын-қатерлер, қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарауды талап етуде.
ХХІ ғасырда дамыған елдер арасында білім беру саласына реформа жүргізбеген бірде-бір ел жоқ. Бұның өзі жаһандану, технологиялар, демографиялық өзгерістерге білім беру жүйесі арқылы қалай ықпал етуге болатындығын түсінуге әкеледі.Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялады. «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап екендігін ашып айтты.
Ертеңгі еліміздің экономикалық гүлденуінің негізі, жастардың жарқын болашағы- балаларымыздың қазіргі білім алу деңгейінен, мектептердің атқарып отырған жұмыстарынан көрінетіні анық. Сондықтан болар, барлық әлем елдеріндегі білім саласындағы жүргізіліп отырған реформалардың мақсаты – мектептерде «ХХІ ғасырда нені оқыту керек» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?» деген сұрақтардың шешімін табу болып отыр. Сол себепті, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұрған болатын. Бұл туралы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов 10 шілде (2015ж) күнгі өзінің хабарламасында: «Біз Қазақстан президентінің тапсырмасымен орта білім беру мазмұнын өзгертуді бастап кеттік. Жаңа бағдарламалар енгізілді. Онда білім беруден бұрын, оқушыларға машық пен дағдыны қалыптастыруға үлкен мән беріледі»- деген болатын. Әрине, бұл айтылған жаңа бағдарламаның өміршең болуы мектептердің,соның ішінде мұғалімдердің қолында.
Кезінде М.Жұмабаев «Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі»- деген екен.Ал, ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов: « Егер елдің жағдайын білгің келсе мектепке бар»-деп ескертеді.Олай болса, қазіргі таңда мектептер өз жұмысын қалай орындап отыр. Мектепте қандай ұстаным, мінез-құлық нормалары, құндылықтар мен дәстүрлер басым. Мектеп мұғалімдері жаңа бағдарламадағы оқушыларға қажетті машықпен дағдыны бере ала ма? Оларда, (мұғалімдерде) білім беру мазмұнының жаңаруы туралы түсінік қалыптасқан ба? ... деген сұрақтар туындайды. Елбасы тапсырмасымен «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдары, Педагогикалық шеберлік орталықтары, Кембридж Университетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.Курс бағдарламасы;«Білім беру басшыларының рөлі қазіргі Қазақстан қоғамының маңызды мамандықтарының бірі болып саналады. Және оларға белгілі бір талаптар қойылады»,- деп көрсетеді.(Басшыға арналған нұсқаулық.8-бет) Атап айтқанда ,олар;
- еліміздің болашақ білім беру кескінін құруға көмектеседі.
- білімнің жекелеген адамдардың өміріне игі ықпал етіп, қазір және болашақта Қазақстан халқына пайда әкелетініне сенеді.
- балалар мен жасөспірімдерді сын тұрғысынан ойлай алатын өзіне сенімді, қалай оқу керектігің білетін шығармашыл, табысты адам болып дамуы үшін жауапкершілік алады.
- білім беру саласындағы жетекші маман.
- оқушыларды, қызметкерлер мен қоғамдастық мүшелерінің барлығын оқыту үдерісін үнемі жетілдіріп отыруға ынталандырады.
- кәсіби қарым-қатынас пен құрылым құруға және оған қолдау көрсетуге шебер.
- күрделі және шиеленіскен жағдайда да жұмыс істей алады.
- бәріне оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндік беретін шығармашыл және жаңашыл шешім іздеу мақсатында басқалармен бірлесіп жұмыс істей алады.
- барлық оқушылардың үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жағдайлары жақсы болуын қамтамасыз ету үшін көп адамдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы қоғамдастықты құра алады және оған қолдау көрсете алады.
Осылайша, өз жұмысында жоғары нәтижеге қолма- қол жетуге болатынын түсіну үшін оларға көшбасшылық дағдыларды игерумен қатар, соңғы жаңалықтар туралы үнемі хабардар болып, тиісті білім мен түсінік қалыптастыру керек деп тапсырады. «Көшбасшылық пен басқару екеуі екі түрлі, алайда екеуі де тең көлемде маңызды. Жақсы басқарылатын, бірақ көшбасшылық қабілеті жеткіліксіз, ұйымдар түптің түбінде мақсаты мен рухынан айырылады (Боулман және Дил 1997) деп сипаттайды. Сондықтан болар, Білім беру басшылары өз бойында көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру қажет деп түсіндіреді. «Мектептегі табысты көшбасшы басқаны үйретуге даяр, табанды(мәселен, жоғары төмен үдерісінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында; іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында), (Лейтвуд, 2006) деп бағаласа, Үздік көшбасшылар; - жағдайды нақты белгілеп,, тәжірибе алмасу жоспарын әзірлейді.
- Әріптестерімен бірлесе жұмыс істеу үшін мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін арттырады деп көрсетеді. (Басшыға арналған нұсқаулық 36-бет).
Сонымен қатар, мектеп директорларының рөліне тән кәсіби тәжірибенің басты төрт бағытын ұсынады. Олар:
1.Өзінің дамуы мен басқаларды дамыту.
2. Оқыту мен оқуға жетекшілік ету
3. Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету
4. Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту, яғни кәсіби қоғамдастық құру.
Басшының өзінің дамуы айтпаса да түсінікті,ал басқаларды дамыту Үлгі бола отырып басқаруды ( мұғалімдердің құзыреттіліктерін арттыру, жұмысқа уәждеу, тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өзі жүргізу т.б)талап етеді.
Білім саласындағы зерттеу нәтижелері көрсеткендей мұғалімдер өздерінің басшыларына еліктейді. Басшыларының істері сөздеріне сай келетіндігін, олардың немен айналысатындығын қадағалап отырады. Мұғалімдер «сөздері істерімен үйлеспейтін» басшыларға ермейтіндігін айтады. (Southworth, 2004).
Қорыта айтарым, Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпы білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған.Оған қоса, Елбасының тапсырмасы да оқушылардың функциялық сауаттылықтарын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту болып табылады.(100-нақты қадам.76-қадам) Сол себепті, Білім беру ұйымдарының басшылары Білім беру мазмұнының жаңаруына мән бере отырып,оны дұрыс іске асыруға қызмет етеді ғой деп ойлаймын.
Гүларша Нұрмағамбетова
Маңғыстау ауданы
«Шетпе гимназиясы» мемлекеттік
мекемесінің директоры
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.