Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ -

БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2914 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан қаласы,
«Тұран» жалпы орта мектебінің математика
пәнінің мұғалімі
Талипова Дилфуза Курбаналиевна

БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
«Адам ұрпағымен мың жасайды», -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Егеменді еліміздің тілегі-білімді ұрпақ.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі нығайту, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылған.
ҚР «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқытудың жаңа техналогияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау», - деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикадық технологияны меңгеру, модернизациялау.
«Модернизация» - ескі үлгінің орнына қойылатын жаңа үлгі деген ұғымды білдіреді. «Модернизм» (француз тілінде-жаңаша) - бұрынан келе жатқан дәстүрлі форма, норма, әдістің орнына қандай да бір жаңа бағыт алу.
Білім модернизациясы- білім жүйесінің дамуының заманауи кезеңі үшін маңызды үрдіс. Ол оқытушыдан оның кәсіби деңгейін көтеруін, қазіргі заман талабына сай педагогикалық мәлениетінің қалыптасуы мен жетілуін, педагогтың кәсіби құзыреттілігінің жаңаруын талап етеді. Педагогтердің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби біліктілігін жоғарылатуын, педагогтың шығармашылығын арттыруға, оқушыларға білім мен тәрбие беру мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіруге міндеттейді.
Осы тұрғыдан қарағанда «Интербелсенді әдіс» маңызды орын алады. Бұл әдіспен оқытудың басты мақсаты-оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Оқушыларды сабақ кезінде барынша белсенділігі арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды интербелсенді әдіс деп атайды.
Сонымен қатар, сабақ барысында оқушылар мен мұғалім арасында тығыз қарым-қатынас орнайтын болса, мұндай оқытуды интерактивті оқыту дейміз. Мұндай қарым-қатынас оқушылар накты мәселені талқылап, соның шешімін тапқан кезде байқалады.

Оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Өйткені интербелсенді оқытудың басты мақсатының өзі сол оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Оқытудың интербелсенді әдісінде мұғалім басты рольді атқармайды, осы орындалып жатқан іс-әрекеттің ұйымдастырушысы болып қалады. Мұғалім жалпы бағыт беріп отырады, уақытты тиімді пайдалануды бақылайды, жоспарланған тапсырманың орындалуын қадағалайды, кеңес береді, күрделі тапсырмаларды орындауда кездесетін киыншылықтар да көмектеседі.
Оқытудың интербелсенді әдістері қолдануда «Мұғалім-оқушы» арасындағы қарым-қатынас өзгереді.
Бұл іс-әрекеттің мақсаты
- Оқытушы тек қана бағыт пен көмек береді, ал оқушы жаңа білімге қол жеткізеді;
- Оқушылар мағлұмат алып қана қоймайды, өздері айтқан пікірдің дұрыстығына логикалық түсініктеме береді;
- Оқушылар пікірлерін терең ойланып барып айтады;
- Мәселені талқылаған кезде оқушылар өздерінің және өзгелердің тәжірибелерін пайдаланады;
- Оқушылардың мағлұматтар алу арқылы оқытушы да білімін толықтырады;
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Оқушылар әр түрлі болады. Олардың бірі мұғалімнің айтқанын жылдам ұғып алады, енді бірі материалды ұғуы үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай оқушылар нақты нені түсінгенін ұғына алмай, сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдайда оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір оқушыға жеке міндеттерді атқаруды талап етсе, онда әр оқушы өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдайы пайда болады. Сондықтан да, білімі төмен оқушылар үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, үлгерімі жақсы оқушы топтың жеңіп шығуын ойлап, білімі төмен оқушырардың нәтижесі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша оқушылар бірігіп қиындықтың алдын алады.

Мен өз сабақтарымда оқытудың бірнеше түрлері мен тәсілдеріне көңіл бөлемін:
1. Оқушыларды шағармашылықпен білім алуына дағдыландыруға;
2. Ой еңбегі мәдениеті, тіл арқылы қатынас жасау мәдениетін дамытуға;
3. Жаңа сабақты меңгерту кезінде әр әдісті пайдаланар алдында оқушының дамуына берері қандай деген мақсат қоямын.
Оқушылармен топтық жұмыстарын ұйымдастыру да өте тиімді. Біріншіден, оқушылар өз қалауымен топтарға бөлінеді. Оқушылардың өзара байланысы жақсарады. Немесе тосыннан әр түрлі деңгейдегі топ құрылады. Мұғалімнің берген тапсырмасын оқушылар кім қайсысы өзара орындайтынын бөлісіп алады, оқушылар бірігіп жұмыс жасайды. Топтық жұмыстар белгілі бір тарауда қайталау кезеңде нәтижелі болады.
Сонымен оқытудаң интербелсенді әдістері балалардың белсенді түрде өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастырады, еңбек сүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, жауапкершілікті сезінуін арттырады, шығармашылыққа баулиды, ізденімпаздыққа үйретеді, ойлау қабілетін арттырады.
Қорыта айтқанда осындай дәстүрлі емес сабақтарды қолдану оқушыларды оқытуда, білім беруде оңды нәтиже береді деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ.Р. «білім туралы» заңы.
2. // «Мектеп», №4, 2011ж Педагогиканың оқу процесіндегі кейбір мәселелері. 10-бет
3. // «Мектеп», №5 2008 ж Жаңа ғасыр ұстазы. 9 -бет
4. // Қазақстан мектебі. №3 2012 ж. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 17 бет
5. // «Болашақ» газеті №13 2011 ж. Кәсіптік мектептерде білім беру жүйесін модернизациялау. 4-5 бет.
6. // «Болашақ» газеті №38 2011 ж. Интербелсенді тәсілді қолданудың тиімділігі. 6-7 бет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.