Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫ – ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ -

БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫ – ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6422 | Размер: | Автор: гость
. БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫ – ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ

Кулманова Ляззат Турсынбековна, Кентау қаласы, №10 жалпы орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Кітапты оқудың үш түрі бар: біріншіден,
оқып шыққаныңнан кейін ешнәрсеге түсінбеу;
екіншіден, оқып шыққан нәрсені түсіну;
үшіншіден, оқып шыққаннан кейін тіпті
жазылмаған сырды да ұғыну»
Я.Б. Княжин
Оқушының өзін-өзі тануға ұмтылғаны, ізденуі өз бетінше терең білім алуда, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда шығармашылыққа жетелейді. Оқушылардың өздігінен аткаратын жұмыстары білімді терең меңгеруде дербестік қасиетін мейлінше арттырады. Олардың алған білімінің кеңейгені саналылығы мен беріктігін камтамасыз етеді. Оқушыларда оқуға кажетті біліктер мен дағдыларын қалыптастыру үшін оқуға ынтасын арттырып, сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға алып келеді. Өз бетінше ойлауды дамытуға бағытталған жұмыстар белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды. Оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым – қатынастың жетіспеушілігін азайтады. Өз бетінше ойлауды дамыту іс-әрекеттері оқытудың тиімділігін арттырады, тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық қарым-қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен өз бетінше даралауды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы өз бетінше қабілетін дамыту. Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өз бетінше ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушының білім сапасын көтеру - негізгі мақсат. Өз бетінше жұмыс істейтін оқушылар қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білуі, ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыруы, алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылуы, өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеруі, басқа оқушылармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білуі (интернет, электронды пошта), қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білуі қажет. Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңаша өтуі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады. Мектеп мұғалімдері өз бетінше жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет. Баланың өз бетінше қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының өз бетінше әрекетін дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Мұғалімдерге оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. Нақ осы қасиеттер оқушының өз бетінше әрекет етуін көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың өз бетінше жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының 107 шығармашылық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін өз бетінше ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның өз бетінше қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоционалдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады. Мұғалімдердің тәжірибесі оқытуды мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы ретінде қабылдау, оқушының алдына мақсат қойып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту, өз бетінше талдау жасап, ерікті таңдауда оқушылардың өзін- өзі басқару, ата- аналармен ынтымақтастық құру ережелеріне негізделеді. Жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда өз бетінше көзқарасқа негізделген әдістер жүйесін құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінде, оқушының өз бетінше әрекет ететін моделін, қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын, өз бетінше әрекет ететін оқушыларға тапсырмалар дайындай білу қажет. Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. Өз бетінше әрекет ету объект пен субъектінің біріккен қызметі ретінде жүзеге асады. Өз бетінше әрекет ету шығармашылық тұрғыдан зерттеу – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсетіп, әрбір адамның өзіндік ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді. Өз бетінше әрекет ету – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты шығармашылық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Өз бетінше әрекет ету – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Өз бетінше әрекет ету адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім жұмыс істеуінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Өз бетінше әрекет ету – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай- ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын шығармашылық үрдіс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Өз бетінше әрекет ету ерекшеліктерін таным мен ой жұмыс істеуінің сатысы ретінде зерттеу білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Өз бетінше әрекет ету амалдарын қалыптастыру және жетілдіру үшін талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, топтау, заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу, құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасай алу қажет. Оқушы өз бетінше әрекет етуде икемді, сыни тұрғыдан ойланып, анық, дәлелмен ақпараттар дайындауды дамытуға икемделеді. Өз бетінше әрекет етуге тән осы сипаттар оқушылардың өз бетінше әрекет етуінің мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі. Өз бетінше әрекет етудің жүйелі түрде қалыптасуы тек оқуда ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Өз бетінше әрекет ету мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным жұмыс істеу барысында қалыптасады. Өз бетінше әрекет ету қасиетінің дамуы арқылы адамның танып- білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады. Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді. Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі іс-әрекеттерімен, шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды. Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде өз бетінше әрекет ету мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз. Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде өз бетінше әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог шығармашылық көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді, егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс өз бетінше әрекет ету мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ. Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арқылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады. Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады. Өз бетінше әрекет ету дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренудің, оқудың өсуі, мүмкін болғанша мол білімді және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады. Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше өз бетінше әрекет етуді дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу жұмыс істеу әрдайым қатар жүріп отырады.

Қолданылған әдебиеттер
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 ж.
2. Назарбаев Н. Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек. // Егемен Қазақстан. 31 мамыр. 2000 ж.
3. Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. -М.: 1997.
4. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. Ғылым. 1988.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.