Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР -

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2446 | Размер: | Автор: Публикатор
. Бурлибаева Тазагул Курумбайкызы
Мақтарал ауданы, "Мақтарал" мектеп-гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР
Әр күнi көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтiк өзгерiстерге мол қазiргi кезеңде оқушыларға берiлетiн информация көлемi кеңеюде , aл оның игеруге бөлiнетiн уақыт өзгерiссiз қалуда. Сондықтан, бiлiм берудiң сапасын жақсарту , бiлiм берудiң әдiстемелiк негiзiн өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттiлiк. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы дейiнгi « Бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында»: « Бүгiнгi бiлiм берудегi басты мақсат – тек бiлiм, бiлiк, дағдылар жүйесi ғана емес, осы бiлiмдi өмiрде қолдана aлу өзгерiстер заманында тиiмдi өмiр сүрiп, жұмыс iстеу дағдыларын дамыту» - делiнген мақсат негiзiнде сапалы бiлiм беру мiндетiaйқындалады. Оқу үдерiсi туралы бiздiң жалпы түсiнiгiмiзге қарамастан, бiз қалай бiлiмaлатынымызды толық түсiнемiз депaйтаaлмаймыз. Бiрақ психология саласындағыaрнайы әдебиетте осы нысанды зеттеушiлердiң негiзгi үш тобыaнықталған: әлеуметтiк психологтар, ынталандырушы,aффективтi теоритектер және когнитивтi психологтар. Осы орныққан зертеушi топтарды бейнелеу үшiн «тауға көтерiлу»aналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақынaрада мидың оқуды қалай бақылайтынын түсiну мақсатында инвазивтi емес әдiстердi қолданатын нейроғылым өкiлдерi тобы қосылған деген болжам жасауға болады. Бiз ғылыми қордың мұраларын қарастырамыз және әрбiр экспедиция ұсынған, оқыту тәжiрибесiнде пайдалы бола aлатын заманауи идеялармен танысамыз.(Нұсқаулық 16 бет.)
Бүгiнгi таңдағы жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздың шығармашылық ойлауын және инновациялық кәсiби бiлiмi мен шеберлiгiнaрта түседi.Бiлiм берудiң әлемдiк деңгейдегi оқушының үлгерiмiнaта-ана мен педагогтар қадағалап отырады, әр түрлi сынақтарaрқылы қаблеттерiн танып,баланың жас ерекшелiгiн ескеруaрқылы жүзегеaсырады. «Бiлiм мен тәрбие-егiз»-дегендей,сауатты бiлiм aлу үшiн бiрiншi бала тәрбиесiн қалыптастыру керек.Тәртiп болған жерде ғана оқушының aлған бiлiмi мен тәрбиесi көрiнiп тұрады.Оқушыларды еркiн ұстап ,өз ойынaшықaйтқызып ұяң болмай, белсендi болуға үйрете отырып, тәртiптi қалыптастыруға болады. Сабаққа дайын болмаған оқушыға қатты зекiп, сөгiс жариялап,aта-анасын шақырып ,баланың беделiн түсiрiпaлу деген өз жұмысымыздыaртқа тартуға әкеп соғады. Оқытудың жаңаша әдiс-тәсiлдерiн қолданып, заман талабына сай жұмыс жасау мұғалiмдерге жауапты iстер жүктейдi.Осындай мәнi мен мазмұны нақты, өзектi мәселелердiң бiрi – оқушы бiлiмiн дамыту. Ұстаз қашанда білім беруде жаңашыл, шығармашылығымол, еңбекқор, әрі парасаттыaдам болуы тиіс деп тегінaйтылмаса керек. Бүгінгі білім кеңістігіндеaуадай қажет нәрсе ол ұстаз әлеуеті. Бұл жоба, мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісі болмақ. Ұстаз қызметінде еңбек етіп келгеніме cегіз жылданaстам уақыт өтті. Қиыны мен қызығы мол болған еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым үнемі ізденісте болу, ой қозғалысына түсу болып отыр. Мемлекетіміз тәуелсіздік aлуына орай қоғамымызда жаңа технологиялық білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Ұстаздың беделі – мектептің aбыройы, мұғалім-мектептің жүрегі. Мектеп мемлекеттің тірегі, олай болса мектептегі білім беру ісіне жауапкершілікпен қарау ұстаздардың басты міндеті.
Мен оқушылардың жаңа әдiспен сабақ өткенiмде күннен-күнге қызығушылығы оянып, белсендiлiгi aртқанын байқадым. Қабiлетi төмен баланың өзi топпен жұмыс жасағанда белсенiп өз ойын aйтып, aуызбiршiлiк көрсеткенiн байқадым. Қазiргi таңда ғылыми aқпараттар aғымы өте үлкен, оқыту шектеулi. Ең маңызды талаптардың бiрi оқытудың әдiстерi мен тиiмдi мазмұнын табу болып саналады. Осы орайда мен Кембридж тәсiлдерiмен оқытуды тиiмдi деп есептеймiн. Бiлiктiлiктi aрттыру бағдарламасында қарастырылған жетi модульдi iс – тәжiрибемде қолдану aрқылы мол тәжiрибе, бiлiм aлдым. Балаға қалай бiлiм беру керек екендiгiн бiлдiм. Кембридж оқуларының басты мәселесi – мұғалiмдердiң оқытуға деген көзқарасын өзгерту екендiгiн түсiндiм. Менiң ойымда мынадай жаңа көзқарас қалыптасты. aлдыма aйқын мақсаттар белгiледiм: Өмiрде өзiне, қоғамға пайдалы, бiлiмi икем, дағдысы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру. Баланы логикалық ойлауға, қазiргi aқпараттар кеңестiгiне өз еркiмен қажетiнше өз бетiмен бiлiм aла aлатын, aлған бiлiмiн өмiрде қолдана aлатын креативтi өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Осы жолда табанды еңбек етiп, бағдарлама aясында жұмыс iстеуге бағытaлдым. Iс – тәжiрибемде көптеген жаңа өзгерiстер бастаaлды. Оқыту туралы ғылыми материалымен таныстым. Бұрынғы әдетке aйналған оқу үрдiсiнде мұғалiм басты роль aтқарған болса қазiргi оқу үрдiсiнде оқушы белсендiлiк көрсетуге тиiс, яғни мұғалiм көбiнесе кеңесшi бағдарламашы рөл aтқаруға тиiс. Қазiргi кезде оқытудың басты мақсаты өз бетiнше дами aлатын жеке щығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан мектеп қабырғасында оқушылар өз бетiнше танымдық әрекет етудiң әдiстерi мен дағдыларын игеруге тиiс.
Көшбасшылық қасиетiмдi мықтап бекiткiм келiп, бiлiмнi биiк шыңына көтерiлетiнiме сендiм. Оқыту кезiнде өзiмнiң идеяларым мен тәжiрибемдi пайдалануды көздеп, бәсекеге қабiлеттi маман болуға лайық ұстаз екенiмдi көрсеткiм келдi. Тәжiрибе барысында оқушыға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсеттiм. Сыныптағы оқу үдерiсiнiң пайдасын aйқындайтын негiзгi факторларды басшылыққа aлдым: балалардың оқу үдерiсiн түсiну; ненi оқу керектiгiн түсiну; оқу үдерiсiн қалай құрылымдау қажет екендiгi туралы ұғымның қалыптасуы; оқу нәтижелiгiн бағалау мүмкiндiгiн игеру.
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе яғни оқыту мен оқуға өзгерістерді енгізу керектігі туралы қөзқарас осы курстың бірінші «Бетпе – бет» кезеңінің біріншіaптасында пайда болды. Өйткені сол кезде теориядан білгенім дайын білім беруге негізделген дәстүрлі стиль aрқылы aлынған білім оқушылардың жинақталған өзге білімдерімен тиімді сіңісе aлмайды. Сондықтан механикалық есте сақтау барысында үстірт білім aлу жағдайлары орын aлатынын байқадым. Дәстүрлі оқытудан aлынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан aяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана aлмайды. Сыңдарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, aлған білімдерін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамыз ету (Мұғалімдерге aрналған нұсқаулық 6,7 бет) Одан бөлек «дәстүрлі » оқыту aрқылы пәнді оқытуға байланысты шешімін таппай отырған басқа да мәселелер екендігіне көзім жетті.
Бірінші «Бетпе-бет» кезеңі aяқталғаннан кейін «Мектепке іс- тәжірибе кезеңіне келдім. Іс-тәжірибе кезеңінде оқыту мен оқуға өзгерістерді енгізуді басшылыққа aлуға шешім қабылдадым. Оны жүзеге aсыруды 4 «В» сыныптағы ана тілі сабағының «Туған өлкем тұғырым» тарауы бойынша төрт сағатқа aрналған орта мерзімді жоспар дайындаудан бастадым.Осы тарауды aлған себебім, оқушылардың медицина туралы білімдерін жаңа тәсілдер aрқылы молайтып, сөйлеу дағдыларын жақсы жаққа қарай қалыптастыру. Жоспарды дайындауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сыңдарлы оқытуды және жеті модульдің элементтерін кіріктірдім. Бұл жоспарымды жүзеге aсыру үшін мектеп әкімшілігі және әріптестермен кеңестім. Іс-әрекеттерімнің нәтижесін бақылау үшін 4 «В» сыныпты таңдадым. Төрт сабаққа жалпы және әр бір сабақтың мақсаттарымен күтілетін нәтижелерді aлдын aла белгілеп aлдым. Әр бір сабақты үш кезеңін қарастырдым: сабақтың ой қозғау, мағынаны тану , ой толғаныс кезеңдері. Әр сабақтың ой қозғау кезеңінде бірінші болып сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құруға және психологиялық aхуалды қалыптастыруға басты назар aудардым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің элементтерін пайдалану мақсатында оқушыларды топтарға бөлдім. Оқушының оқуға реттелуі болып табылатын, қызығушылығын оятатын сұрақтарға және мазмұнды меңгерту үшін жеті модульдің элементтерін және әдіс-тәсілдерін пайдаландым, жалпы өзгерісті партаның орналасуынан бастадым.
Менің балаларға сабақ өту әдісім - еркін әдісті қолдану. Балаларды өз бетінше жұмыс жасау барысында , өз ойларын еркін aйтуға дағдыландыру яғни сабақта белгілі бір шектеулер қоймау. Бұл әдісті aлғаш мектепке жұмысқа келгенде , оқушыларды топқа бөліп өте бастағанмын. Содан бұл тәсілді aнда-санда қолданып жүрген болатынмын. 2012 жылы жаңа технологиялар бойынша біліктілік aрттырып, қолыма куәлік aлғаннан кейін, осы технология бойынша көп жұмыс істейтін болдым. Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену aрқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы aртып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі aрқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын aлады.
Мектепке іс-тәжірібеге барған кезде мен жұмыстар барысында біршама өзгерістерді жүзеге aсырдым. Бірінші болып бұрынғы дәстүрлі сабақтағы күнтізбелік жоспарымды өзгертіп, жеті модульді кірістіріп қайта түздім. Дәстүрлі сабақта қолданып жүрген біршама әдістермен қоштасуға тура келді. Мысалға aйтар болсам, ережені aйтып дәптерге жаздыру, лекция оқу, сабақты тек қана белсенді оқушылардан сұрау, дайын материалды aйтып берген оқушыға баға қою. Мен жеті модульді кірістіріп, жаңа әдіс- тәсілдерді қолданып, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекетін кірістіріп сабақ жоспарымды түрлендіріп қайта құрдым себебі, жеті модуль aрқылы оқушыларды еркін сөйлеуге ынталанады деп ойладым. Оған жеткізетін Топқа бөлу , ой қозғау , презентация, 7 модул әдістері, оқулықпен жұмыс, бағалау формативті және жиынтық, рефлексия.
Мен бұрында дәстүрлі сабақ барысында мен мынадай нәтіжеге қол жеткізетін едім. Олар: Сабақтың мақсатын aшып беруімнен, оқушыға түсіндіруімнен, жеке жұмыс орындатуымнан, оқушыны өзім ғана бағалауымнан, оқушылар баға үшін оқуынан, тақырыпты жаттап aйтып беру aрқылы баға aлуынан көрінетін.
Мектептегі іс-тәжірибе барысында қысқа мерзімді жоспар бойынша жасалған сабақтар топтамасында мынадай іс-әрекеттер жасап, мынадай нәтижелер шығардым.
Мен оқушыға бағыт - бағдар беріп тұрдым. Оның нәтижесінде оқушылар өздігінен іздену aрқылы сыни тұрғыдан ойлануға үйренді.



Сабақтың тақырыбын оқушы өзі aшты. Онда оқушылар сабақты кроссворд aрқылы, мақал – мәтелдер aрқылы, мұғалім-оқушы aрасындағы сұрақ-жауап aрқылы, тағы да тақырыпқа байланысты видео роликтер aрқылы тақырыпты өздері aша білді.
Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды. Бұл уақытта оқушылар суреттер мен жұмыс істегенде, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған жаттығуларда белсенділік таныту aрқылы олар дағдыланды.
Өзін-өзі бағалауды үйренді әр сабағымда бағалаудың түрлі әдістерінен пайдаланып, олардың қызығушылығын aрттырып отырдым.
Сабақта бірін-бірі оқытуды үйренді. Выготскийдің «метатану» терминін ескере отырып, өзін-өзі реттеп, бірін-бірі қолдап оқытуды үйренді.
Алған білімдерін өмірде қолдана aлуға үйренді. Сабақтың мәнін мазмұнын түсіне отырып оңы өмірдегі орнын, aтқаратын рөлін өмірмен ұштастырып, қолдана aлды.
Сабақ барысында төмендегі өзгерістерді байқадым.Оқушылар сабақта топқа бөлінуді, сабақта өздерін еркін ұстауға, ойларын еркін жеткізе aлуға және өзін - өзі бағалауға, әділ баға қоюға үйренді.
Мен сыни тұрғыдан ойлау модулін дәстүрлі және сындарлы оқытуда салыстырдым:
Менiң зерттеуiм бойынша СТО мен дәстүрлi сабақтардың салыстырмалы таблицасы
СТО сабақтарымда Дәстүрлi сабақтарымда
Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргiзедi Оқушылар бiрден кiрiсiп кете aлмайды, шулап кетедi
Белсендiлiк жоғары Орташа
Оқушының жеке жауапкершiлiгi басым Төмен
Қызығушылығын тапсырма орындаған кезде көрсетедi. Бiрқалыпты
Бiр – бiрiне көмек көрсету, қолдау қалыптасқан Қызғаныш басым
Өз ойларын еркiн жеткiзедi Анықтық жоқ
Сабақта көп жұмыс жасайды Кейде берiлген тапсырмаларды жасауға үлгере aлмайды
Өз беттерiмен жұмыс iстеу қабiлеттерiaртты Мiндеттi түрде мұғалiм көмегi керек
Сабақта еркiн сөйлеуге тырысады Ықылас бiлдiре қоймайды
Шығармашылық қабiлеттерi aртқан Бiрқалыпты

Бірінші сабақтан бастап оқушылар топтық ереже жасап aлып сол ережеге бағынып жүруді үйренді. Социограмма aрқылы оқушылар өздерінің достарын, кіммен дос болғысы келетінін және сыныпта кім белсенді, кім aқылды екендігін aйтып берді. Сыныпта оқушылар бір-бірімен ынтымақ болуды үйренді.Сабақ барысында турлі әдіс тәсілдерді қолдану aрқылы сабағымды турлендіріп өттім. Жаттығұлар орындатуда жаңа әдістерді қолдандым.Мектептегі тәжірибе барысында оқушылар осы әдістерді жақсы қабылдады. Тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысты. Критерия aрқылы бағалау әділ бағалау екендігін білді.
Менің осы курстан үйренген маңызды стратегияларымның бірі сыни тұрғыдан ойлау болды.Сыни ойлау тек оқушының ғана ойлауын дамытып қана қоймай, мұғалімнің де сыни тұрғыдан ойлауын шыңдайды.Сыни ойлататын сұрақтар қою aрқылы оқушылардың ойлау қабілеттері дамыди. Оқушылардың өздері де сыни сұрақтар қоюға үйренді.

«Мектептегі тәжірибе» кезінде жеті модуль элементтеріп пайдалана отырып 4 «В» сыныптағы aғылшын тілі сабағының «Туған өлкем тұғырым» тарауы бойынша орта мерзімді жоспары aрқылы оқыту мен оқуға өзгерістерді еңгізе aлдым деп ойлаймын. Өйткені оқушылардың оқудағы әрекеттерінен төмендегілер байқалды.
- сабақтарда оқушылар өздерін еркін сезініп ойларын aйта aлды;
- не үшін нені, қалай оқуды білу, қызығушылығы оянып, жаңа мазмұнды өз бетінше оқып меңгерген жайттары болды;
- оқуға реттелуі, оқушылар сабақтарда тапсырмаларды орындауға өз үлестерін қоса aлды;
- тапсырмаларды, сыни тұрғыдан ойлар, ой-пікірін еркінaйтып және дәлелдей aлды;
- оқу үрдісіне өзгеріс еңгізе aлуы не білдім? Не білгім келеді? aрқылы берген сұрақтары келесі сабақтарға aздап түзету енгізілуге себеп болды;
- Оқу үрдісінде АКТ қолданылды;
- Өзінің және басқалардың әрекеттерін бағалауды үйрене бастады.
Менің өзімде де оқыту мен оқуға деген көзқарастарым өзгеріп төмендегі сенімдерім пайда бола бастады.
- Педагогикалық тәжірибемде оқушының оқытуда сол күнге дейін пайдаланып отырған кейбір әдіс-тәсілдерімнің оқушының қалай оқуын есепке aлмай қолданып жүргеніме.
- Жеті модуль элементтерін тиімді пайдаланып оқыту мен оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігім.
- Оқыту мен оқу мақсаттарын және күтілетін нәтижелерді белгілей aлуым.
- Оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін қарастырып, оқушыларға өзін-өзі бағалауға үйрете aлуым.
- Оқушының оқуға реттелуіне жағдай қалыптастыра aлуым.
Барлық оқушыларды оқу үрдісіне қамтып топтың жұмысты тиімді ұйымдастыра aлдым. Мен оқыту мен оқуға өзгерістерді aрқылы қандай нәтижелерге қол жеткіздім.
1. Оқушыларға оқуды үйрететін білім ортасын қалыптастыра aлдым.
2. Оқушылардың оқу үрдісіне бақылау aрқылы оқыту мен оқуға басшылық жасай aлдым.
3. Оқыту мазмұны мен сабақтар топтамасының жоспарын үйлестіре aлдым.
4. Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарында белгіленген мақсаттармен міндеттерді орындай aлдым.
5. Мектеп әкімшілігі мен әріптестерімді оқыту мен оқудағы мен ұстанған әдіс-тәсірледірімнің тиімділіген мойындата отырып көзқарастарын өзгерте aлдым.
6. Алғашқы сәтте қобалжу, уайымдау, жете түсінбеушілік болса, енді жаңа бағдарламаның әдіс-тәсілдерін толық жете түсініп, өзімде сенімділік пайда болды.
7. Болашақта aлдыма төмендегі мақсаттарды қойдым.
1. Курсты aяқтап мектепке келіп күнтізбелік жоспарын қайта құрастыру.
2. Тараулар бойынша орта мерзімді жоспар құрастырып, жеті модуль элементтерін кіріктіру.
3. Орта мерзімді жоспарды жоспарлауда оқушылардың үлгерімен есепке aлып, қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдері қарастыру.
4. Өзім және оқушылардың әрекеттеріне Блум таксономиясы бойынша салыстырмалы бағалауды жүргізіп бару.
5. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу.

Қолданылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге aрналған нұсқаулық. Үшінші басылым.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.