Меню
Назад » » »
Білімді болғым келеді
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Раимбердиева Гульнара Анваровна
«Білімді болғым келеді»

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ,ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсың да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Мағжан Жұмабаев

Білем деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
«Бәрін білем» деген адам
Бұл дүниеде көп шығар ...
осы бір шумақта не деген құдіретті де, саналы ой жатыр. Халқымыздың даналы ойын өзімнің өмірдегі позициялық девизім ретінде ұстанамын. «Білем» деп айтпаймын, бірақ білуге ұмтыламын. Бала кезімнен бастап, не нәрсені болса да ұғынуға, құпиясын ашуға, сыр-мәнін түсінуге құмар екенімді білемін. Менің ата-анам жоғары білімді, өмірлік позициялары белсенді адамдар. Сол кісілердің өмірге деген құштарлығы, өмірді сүюі, өз жеріне, өз халқына деген сенімдерін менің бойыма да сіңірді десем артық айтпаймын.

Мен өстім әлге дейін мектеп қабырғасында оқудамын, мектеп кезінің қызықты өмірдің бел ортасына келдім деп те айтуға болады, бірақ менің өмірімдегі қызықтардың бәрі алда. Ендеше алдағы өмірімді қалай бағыттайтыным өз қолымда. Мен оны жақсы түсінемін.
Мен Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы М. Х. Дулати атындағы №8 гимназиясында оқып жүргеніме бақыттымын. Себебі бұл мектеп оқушылардың толық білім алуына жағдай жасаған білім ошағы. Мұнда мен білімге берілген нағыз парасатты мұғалімдерден білім алудамын. Болашақта маман ретінде қалыптасу үшін адамның жан-дүниесін жақсы түсінетін, дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, адамгершілігі мол адам ретінде қажет болатын өмір құпиясына мұғалімдер және оқушылар бірлесе өткен өмір жолында үйренудемін.
Өмірде парасатты, білімді адамдарды ұнатамын. «Парасат» ұғымы – кең ұғым. Парасатты адам – зиялы адам. Ал қазіргі заманда елімізді, жерімізді әлемге паш ететін бірден-бір жол – білім жолы. Яғни, парасаттылық, зиялылық, білімділік. Сондықтан да мен бақыттың мәні – парасаттылықта деп ойлаймын.
«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген қарапайым халық мақалында қаншама мән, мағына бар десеңші.
Ең әуелі «Білім деген не?», «Білімді деп кімді айтамыз?», «Білім алудағы мақсат не?» деген сұрақтарға жауап беру керек сияқты.
Тағы да ақыл-ой, парасат иелерінің, көрнекті ойшылдар мен қалам қайраткерлерінің пікіріне жүгінгім келеді.
Атақты «Бабур-намада» «Білім – ақылдың көркі», деген сөз бар. Өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер Науай да: «Білім мен даналық – адам көркі»,- деп осыған ұқсас пікір айтады. Бұл сөздер мен пікірлердің барлығы білімнің адам өмірінде, қоғамда қаншалықты маңызды екендігін көрсетсе керек.
Білімді деп мол білімге ие адамды айтуға болады. Бұрын – соңды өмір сүтген ғұлама ойшылдар білімді болу деген ұғымға әр тұрғыдан сипаттама берген.
Дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған
Әл – Фараби «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз бір нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» деп түсіндірсе, ұлы Абай «... білгені0, көргені көп адам білімді болады», - дейді. М. Горький білімнен қуатты күштің жоқтығын, біліммен қаруланған адамның жеңілмейтіндігін айтады. Шындығын да, білім мен білімділік жайлы ұлы адамдардан асырып кім айта алған.
Білімге ие болудың, білімді болудың жолы қандай? XIX ғасырда өмір сүрген қазақтың ағартушы педагогы Ы. Алтынсарин айтқандай, «Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған». Осы тұрғыдан қарағанда білім мен оқу, оқу мен еңбек егіз. Оқусыз білім жоқ, еңбексіз оқу жоқ.
«Білім не үшін қажет?», «Білім алудағы мақсат не?» деген сұрақтар туындайды.
Бұл жайында да даналар айтқан сөз ұшан – теңіз. Мысала,
Ы .Алтынсариннің замандасықазақ халқыан шыққан Еуропа үлгісіндегі жан – жакты ғалым Ш. Уәлиханов өзінің еңбектерінде білімнің өмірді бағалауға, тұрмыс құруға уйрететіндігін, халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білімнің қажеттігін атап өтеді.
Осы орайда ХХ ғасырда өмір сүрген ұлы жазушы М. Әуезовтың «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестірген - білім» деген тамаша сөздері ойға оралады.
Білімнің өзге пайдасын былай қойғанда біз өз алдымызға егеменді ел болу үшін де, мемлекет құру үшін де, басқа елдермен тереземіз тең болу үшін де білім қажет екен. Адамдар, мемлекет құрып отырған негізгі халық ненғұрлым білімді болса, ол соғұрлым Отанына көбірек пайда келтірері сөзсіз. Қай заманда да, қай ғасырда да білімнің атқара қызметі зор болған. үстіміздегі XXI ғасырда да білімнің, техниканың, инновациялық технологиялардың орны айрықша болып отыр. Білімді елдер, ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерін меңгерген мемлекеттер оқ бойы озые алға шықты. Еуропадағы Германия, Англия, Италия, Азиядағы Жапония, Қытай, Индия, Америка құрылығындағы
АҚЩ сияқты өркениетті елдерменсалыстырғанда Африка мен Оңтүстік Америкадағы, Азиядағы кейбір дамушы елдер олардан 100 – 200 жыл кейін қалып қойғаны жасырын емес.
Егеменді ел болып, өз алдымызға мемлекет құра бастағанымызға да 20 жылға жуықтады. Одақ кезінде тек шикізат көзі болған Қазақстанға тез арада аяғынан тік тұрып кету оңайға түскен жоқ. Елбасының бастауынан еліміздің ұстанып отырған оңтайлы саясатының арқасында дүние жүзіндегі 200-дей мемлекеттің ішінде алғашқы 50 елдің қатарына ену үшін бар күш – жігерімізді, ақыл – ойымыз бен ілім – білімімізді жұмсап әрекет етіп жатырмыз. Елдің болашағы білімде, ғылым мен техниканы, инновациялық технологияны игеруде екендігіне барша жұртшылықтың көзі жеткен. XXI ғасырды біреулер компьютердің ғасыры десе, енді біреулер космостың ғасыры дейді. Қалай болған күнде де үстіміздегі ғасыр ілім мен білімнің, ғылым мен техниканың ғасыры. Сондықтан Елбасы егемендік алған алғашқы қиын жылдардың өзңнде-ақ жыл сайын еліміздің 3000 жас жеткіншегін шет елдердегі ең таңдаулы оқу орындарына білім алуға жіберіп отырды. әрбір жастың оқуына жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады. Елбасы білімге жұмсалған қаржыны өте-мөте қайтарымы мол инвестиция деп есептейді. өйткені егеменді еліміздің ертеңі білімді жастар. Қазақстан Республикасын жуық арада дүние жүзіндегі елу елдің қатарына іліктіретін де, біраз уақыттан кейін оны әлемдегі дамыған елдер қатарына жеткізетін де солар.
Бірақ осы «Болашақ» бағдарламасымен шетел асып оқуға аттанатын жастарды дұрыс іріктеу керек сияқты.
Ең әуелі, олар мемлекет қыруар қаржы жұмсап оқытып отырған соң қала» да елімізге қайта оралуы тиіс. өз елін, жерін, халқын, оның салтын, бай рухани мәдениетін, тілін, ділін сүйетін әрбәр білімді жас маман «шет елдерде өмір сүру жеңіл екен» деп қалып қоймағаны жөн. Содықтан «Болашақ» бағдарламасымен шет елге оқуға баратын жас
«ең әуелі» білімді болумен қатар мемелекеттік тілді, қазақ тілін білуі тиіс. Негізінен шет елге оқуға жіберілетін жастар жергілікті ұлт өкілдерінен болса, онда олар шет елде қалып қоюы мүмкін деген күдік болмас еді.
Мен де білімді келеді. Компьютерді, ұялы телефонды, космосқа ұшатын корабльдерді, тіпті теледидаоды ойлап тапқан ақыл – ойдың кемеңгерлеріне таңданумен келемін. «Адамның ақыл – ойы, білімі жетпейтін құбылыс бар ма, сірә мына дүниеде», - деген ойға қаламын. Әрине, мен қанша талаптансам да ғылым мен техникада жоғарыдағый жаңалықтар аша алмаспын. Бірақ адам баласының миы ойлап тапқан ғылым – білімнің жетістіктерін өмірде қолданып, егеменді елімнің бай, қуатты, өркениетті ел болуына өз үлесімді қоссам деймін. Мен экономист, қаржыгер, мамандығын таңдағым келеді. «Болшақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы, Англиядағы, Германиядағы таңдаулы оқу орвндарының бірінде аталған мамандық бойынша білім алып, елімді байытқым келеді.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының көсемі атанған Ахмет Байтұрсынов тәуелсіз ел болу үшін, мемлекет ең әуелі бай болуы керек, екіншіден, қуатты болуы керек, үшіншіден, білімді болуы керек. Бай болу үшін кәсіп керек, күшті, қуатты болу үшін бірлік керек, білімді болу үшін оқу керек деген екен. Бұл сөздер сол кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайларға сай айтылғанымен, қазір ішінара мынадай өзгерістер енгізуге болатын сияқты:
Мемлекет күшті, қуатты болу үшін де бай, дәулетті болу үшін де білімді болуы керек. Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы халқына арнаған жолдауларында елімізді дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде кәсіби мемлекет құруды атап өткен еді. Уақыт, заман талабы осындай. Кәсіби мемлекет болмай ешқандай елдің көсегесі көгере қоймас. Кәсіби мемлекет құратын да, оны өркениетті дамыған елдер қатарына қосатын да білімді отандастырамыз, бүгінгі өз ісінің кәсіби мамндары. өзімнің білім жайлы мына ойларымды мына бір өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:

Білімнің – күрескенде құрал – жарақ,
Шабуыл қорғанысқа тұрар жарап.
Білімнің дәргейіне бас иеді,
Шонжарың да шұбар төс, шынжыр бұлақ.

Білім деген медетің қайғы – мұңда,
Қауқар болмас қайғыға байлығың да.
Білім сенің жүзіңді жарық етер,
Буырқанған өмірдің айдынында. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Білімді болғым келеді можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 308 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar