Меню
Назад » » »
Білімді тиянақтау
загрузка...

загрузка...
Шапашова Айжан Бисақалқызы, № 68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Шымкент қаласы.

Математика 3- сынып
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту тақырыптарынан алған білімдерін бекіту, тиянақтау, есептер шығара білуге жаттықтыру, амалдарды орындауға мысалдар шығартуды меңгерту.
ә) Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа,ептілікке,жылдамдыққа,белсенділікке, достықты құрметтеуге, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу,қазақтың салт дәстүрлерін құрметтеуге үйрету,Отанға,туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
б) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін арттыру,шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойындар, кестелер, дидактикалық үлестірмелер, тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар,бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
(балалар қонақтармен сәлемдеседі).
-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген №9, №10 мысалдарды екі топтан төрт оқушыға оқытып,тексеру.
-Математика пәнінен қазір қай бөлімді өтіп жатырмыз?
-Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтуді өтудеміз.
ІІІ.Өткен тақырыптарды қайталау
- Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?
- Қосудың компоненттерін атаңдар.
- Азайтудың компоненттерін атаңдар.
-Көбейту дегеніміз не? Көбейтудің компоненттерін атаңдар.
-Бөлу дегеніміз не? Бөлудің компоненттерін атаңдар.
- Өрнектер нешеге бөлінеді?
-Санды өрнек дегеніміз не?
-Әріпті өрнек дегеніміз не?
-Есеп дегеніміз не? Есептің құрамды бөліктерін атаңдар
-Теңдік дегеніміз не? Теңсіздік дегеніміз ше?
- Теңдеу дегеніміз не?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
- Бүгінгі өтетін сабағымыз: Өткен тақырыптарды қайталау сабағы.
- Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан Республикасы).
- Еліміздің тәуелсіздігінің неше жылдығын атап өттік?
- Биыл Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын тойладық .
- 21 қандай сан? ( 21- екі таңбалы және тақ сан).
- Отан, туған ел, ел рәміздері, Астана қаласы жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?
- Балалар ана тілінен жаттаған өлеңдерін айтып шығады.
- Егеменді еліміздің жарқын болашағы сіздерсіздер. Балалар, бүгін біз сендермен тәуелсіз еліміздің гүлденген «Абай»ауылына жүйрік аттармен саяхатқа шығамыз.
- Абай Құнанбаев кім?
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- «Адам болам десеңіз», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Жаз», «Әсемпаз болма әрнеге» т.б.
- «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз 5 жақсы қасиет және 5 жаман қасиет туралы айтқан.
- 5 қандай сан? (тақ және киелі сан)
- Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
- «Бәйге», «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көкпар».
- Жылқы малы туралы не білесіңдер?
1.Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
2.Оқушыларды «Бозжорға», «Құлагер» деген екі топқа бөлу.
Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды екі топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз!
1.«Көкпар» ойыны. («Көкпар» ойыны жайлы түсінік беру)
1.«Бозжорға»тобы 2.«Құлагер» тобы
Келесі санды тап:
1) 2,10,50,... 4) 4,9,14,...
2) 6,12,18,... 5) 2,4,8,...
3) 3,9,27,... 6) 4,15,26,...
2. «Асық ату» ойыны. Ауызша есепте.
1. «Бозжорға» тобы 2 .«Құлагер» тобы
34*1+34*0= 130+(45*2+45*8)=
7*100/10= 618-(38*6+38*4)=
3*50*2= 700-(2*13+2*7)=
3. «Теңге ілу» ойыны. 3-мысал («Теңге ілу» ойыны жайлы түсінік беру)
Екі топқа бірдей тапсырма:
Теңдеу құр және оны шеш:
1) бірінші көбейткіші белгісіз;
2) бөлінгіші белгісіз;
3) бөлгіші белгісіз;
4) екінші көбейткіші белгісіз.
4. «Қыз қуу» ойыны. 4-мысал («Қыз қуу» ойыны жайлы түсінік беру)
Екі топ амалдарды орындайды.
Екі топ амалдарды орындайды.(1ұл, 1 қыз тақтада орындайды)
30*4+380=500 540-28*6=
18*5/10=90 53*5+164=
5. «Аударыспақ»ойыны. Есеп шығару («Аударыспақ» ойыны жайлы түсінік беру)
«Бозжорға» тобы «Құлагер»тобы
Ыдыста 60кг кәмпит болды. 4 қорап тұз үшін 120тг төленді.
9оқушының әрқайсысына 5 Осындай 8 қорап тұз үшін қанша
кәмпиттен берілді.Ыдыста неше ақша төлеу керек?
кәмпит қалды? Шарты:4қорап тұз-120тг
Шарты:Болды-60 кәмпит Сұрағы:8қорап -?тг
Берілді-9 оқушыға әрқ. 5кәм. Шешуі:120/4=30 8*30=240
Сұрағы:Қалды -?кәмпит Жауабы:8 қорап тұз 240тг тұрады.
Шешуі:9*5=45 60-45=15
Жауабы: Ыдыста 15кәмпит қалды.
Сергіту сәті
Қияғындай құрақтың
Қиығы екі құлақтың.
Үкідей кекілі желбіреп,
Пүліштей ерні үлбіреп,
Томағадай сауыры,
Аш бөрідей бауыры,
Толқынды бұйра жал-құйрық
Шапса құлын құдиып,
Шаншылып күлте құйрығы
Құлын – жердің жүйрігі.
6. «Бәйге» ойыны («Бәйге» ойыны жайлы түсінік беру)
Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.
«Бозжорға» тобы
1.5ондықты 3есе арттыр (150)
2.2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан (201)
3.6ондықтан 2 есе артық сан (120)
4.1дм-де неше см бар? (10см)
5.30 бен 50-дің қосындысы (80)
«Құлагер» тобы
1. 3 ондықты 2 есе арттыр (60)
2. 93-тің алдында келетін сан (92)
3. 1 сағатта неше минут бар?
4. 90 мен 40-тың қосындысы? (130)
5. 7 ондықты 2 есе арттыр (140)

7. «Абай ауылына» да келіп жеттік.Тынығып алу үшін екі топқа да тест жұмысын орындату.

№ Тапсырманың мазмұны Жауаптары

1. Көбейткіш 9, көбейткіш 3, көбейтіндінің мәнін тап. А. 5
Ә.27
Б. 9
2. Кез-келген санды 1-ге көбейткенде қандай сан шығады? А. 0
Ә.1
Б. сол санның өзі
3. Амалдарды орында: (59-20): 3 А. 13
Ә.10
Б. 12
4. Теңдеуді шеш: 240-с=70 А. 90
Ә.130
Б. 170
5. Қалдықпен бөлуді орында: 345 : 100 А. 3 (қалдық 45)
Ә.5 (қалдық 36
Б. 7 (қалдық 61)
6. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? А. Ұзындығын еніне бөлеміз
Ә.Ұзындығын еніне қосамыз
Б. Ұзындығын еніне көбейтеміз

- Балалар,біз «Абай» шаңырағына енуіміз үшін төмендегі сұрақтарға жылдам жауап беруіміз керек. Қай топ тез жауап берсе, сол топ «Абай» шаңырағына бірінші енеді.

8. «Кім жылдам?» ойыны
Толықтыр:
1) Егер жолаушы жолда 3 тәулік және 15 сағат болса,онда ол жолда
__________сағат болады?
2) Автомобиль 100 км жүру үшін 15 л бензин жұмсайды.600 км жолға
_______л бензин қажет болады?
3) Дәптерде 48 бет бар,оның беттері кітапқа қарағанда 5 есе кем.Кітапта _________ бет бар?
4) 1 секундта 2 қадам жасалса,онда 1 минутта _______қадам жасалады?
5) Квадрат қабырғасының ұзындығы 19см.Оның периметрі ________см.
6) Тік төртбұрыштың ұзындығы 27 см, ал ені одан 3 есе кем.Оның ауданы
______см2.

V. Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?
- Өткен тақырыптарды қайталадық.
- Ұлттық ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
- Есептер шығардық, тест жұмысын орындадық.
- Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.
- Отан, туған ел туралы өлеңдер оқыдық.
- Абай атамыздың өлеңдерін еске түсірдік.
- Жылқы малы туралы мақалдар айттық.

VІ. Оқушыларды бағалау.
Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілерімен бағаланып отырды.

VІІ. Үйге тапсырма : 192 бет, №9 тапсырма Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Білімді тиянақтау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 309 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar