Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білімділік: Мұқағали өлеңдерінің құдыретін сезіну, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту; -

Білімділік: Мұқағали өлеңдерінің құдыретін сезіну, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту;

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1453 | Размер: | Автор: гость
. Досалиева Гулшат,
Қазақбаев атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Бәйдібек ауданы

Қазақ поэзиясының құдыреті

Сабақтың мақсаты: І. Білімділік: Мұқағали өлеңдерінің құдыретін сезіну, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту;
ІІ. Дамытушылық: өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, шығармашылық жұмысқа үйрету;
ІІІ. Тәрбиелік: оқушыларды поэзияны сүйе отырып, өз халқының әдебиеттегі бай мұрасын құрметтеуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, іздендіру, талдау, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті.
Көрнекілігі: компьютер, слайдтар, плакаттар, кітап көрмесі, маркер, стикер, постер, (А-4) бағалау парақшалары.
Күтілетін нәтиже:
 Мұқағали өлеңдерін талдайды, құрылымын жинақтайды;
 Өлеңдері бойынша алдын-ала тапсырмалар беру арқылы талдай білу дағдыларын дамытады;
 Имандылық, адамгершілік тәрбие негіздері қаланады;
 Жеке ой-пікірінің құндылығы артады.
Түйінді-идея: ізденіс-білімге жетелейді.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.
«Сіз білесіз бе?» психологиялық тренинг: Сіз білесіз бе, бүгін ақпанның нешесі? Сіз білесіз бе, мектебімізде қай бірлестіктің апталығы болып жатыр? Сіз білесіз бе, біз қай ғасырдың өкілдерін өтіп жатырмыз? Сіз білесіз бе, Мұқағали Мақатаев кім?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ротация» бөлімі. Оқушыларды топқа бөліп, плакат беремін. Топ мүшелері плакатқа 2 сұрақтан жазып айналдырады. Топтар бір-бірінің сұрақтарына жауаптарын жазып қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту: Мұқағали туралы бейне көрініс.
«Блум» жүйесі
1. Білу. Оқушыларға плакаттағы ақынның өмір жолы мен шығармаларына тоқталу:
Уақыт Оқиға
1931 жыл 9 ақпан Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.
1941жыл Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10 жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.
1948 жыл Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық газетінде басылды.
Өмір өткелдері Ерте есейген балалық
Ауылдық кеңес хатшысы
Қызыл отаудың меңгерушісі
Комсомол қызметкері
Жеті жылдық мектептің мұғалімі
1954-62 жылдар Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.
1962 жыл Алматы қаласына көшіп келеді.
1962-72 жылдар «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1972-73 жылдар Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.
1976 жыл 5 наурыз Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
1985 жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

Шығармалары
Жылдары Шығармалары
1962 жыл «Аппасионата»
1964 жыл «Ильич»
1966 жыл «Армысыңдар, достар»
1968 жыл «Қарлығашым, келдің бе»
1970 жыл «Мавр»
1972 жыл «Дариға-жүрек»
1974 жыл «Аққулар ұйықтағанда»
1975 жыл «Шуағым менің»
1976 жыл «Өмір дастан»
1978 жыл «Өмір-өзен»
1981 жыл «Бәсіре»
1982 жыл «Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)
1984 жыл «Шолпан»
1988 жыл «Қош махаббат»
1989 жыл «Жырлайды жүрек»
2001 жыл Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді

Шығармаларының саны:
өлеңдері әңгімелері поэмалары пьесасы аудармалары
948 4 9 1 57

Басқа ақын-жазушылардың Мұқағали туралы айтқан естеліктері:
К.В.Скворцов:
Қазіргі қазақ әдебиеті туралы сөз қозғасам, аузыма ең алдымен, аса ірі ақын Мұқағали Мақатаев түседі. Оның творчествосымен көптен таныспын. Аудармалары діттеген жерден шықпай жатса да, оның ақындық қуат деңгейі мен парасат өрісі кім-кімді болсын таңғалтпай қоймайды.

Әбіш Кекілбаев:
М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.

Тұманбай Молдағалиев:
Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың – ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.

Қадір Мырзалиев:
Әдебиеттегі салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің.

2. Түсіну. (Компьютерден М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңі диалог түрінде тыңдалады.)
Менің анкетам
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- ...
- Мекен жайың?
- Мекен жайым - жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

3. Талдау.
І топқа «Елім барда» өлеңін» талдау
Тақырыбы: «Елім барда»
Идеясы: Туған еліне арқа сүйеу, соның болашағына сеніммен қарау
Шумақ: 3 шумақ
Әр шумақ: 4 жолдан құралған
Бунақ саны: 3 кейде 2 Не сыйлайды// не береді//келер күн
Буын саны: 11
Ұйқас түрі: 1 шумақ а,а,б,б егіз ұйқас 2,3 шумақтар а,а,б,а қара өлең ұйқасы
Метафора - Таусылмайтын бақытым, ал ырысым,
Көгендегі қозысымын, желідегі құлынымын.

ІІ топқа «Тіл өнері, өлең – жыр құдыреті» өлеңін талдау
Тақырыбы: Тіл өнері, өлең-жыр құдіреті.
Тақырып: автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.
Жанр түрі: поэзия (өлең). Өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнекті сөз жүйесі.
Идеясы: халық өмірін қастерлеу, сөз өнерін бағалау, ел алдында кішіпейіл, ізетті болу, борышын адал атқару.
Идея: тақырып арқылы автордың айтайын деген ойы мен мақсаты, арманы.
Шумақ саны: 4
Тармақ саны: 16 тармақты
Бунақ саны: 3 бунақты
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
Әдеби теориялық ұғымдар:
Эпитет-сұмдық сыр, жат жер, қара көз;
Метафора- құдіретім, дәл өзіндей, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Ауыспалы мағынадағы сөздер:
Қазақтың қара өлеңі қаза болса,
Көзден неге қара қан ағызбайын.
Негізгі түйін, тәрбиелік мәні: Қара өлеңді қастерлеуге тәрбиелейді. Сөз өнерін жетік меңгеруге, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге үйретіп, патриоттық сезімді оятады.

ІІІ- топқа «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңін талдау.
Тақырыбы: «Анау аспан-мынау, бақ»
Жанр түрі: Лирика (табиғат лирикасы)
Идеясы: Қыс мезгілінің тазалығын дәріптеу
Шумақ саны: 4
Тармақ саны: 16
Бунақ саны: 3
Буын саны: 7-8
Ұйқас түрі: шалыс ұйқас
Әдеби- теориялық ұғымдар
Троп- сөзді құбылту
метафора – қыс - тазалық , қыс - аппақ
Эпитет – ақ дәке , қу бұтақ, кәрі емен
Кейіптеулер :
Дәрігер қыс алуда,
Бақты кезіп тал – қайың.
Жалаң аяқ жылап тұр,
Түксиеді кәрі емен.
Түсіндірме сөздік: бақ жадау – жайқалған жасыл жоқ
Өлеңнің түйіні: «Қыс – тазалық, қыс – аппақ
Әрі өкініш, әрі өлең.

Үнтаспадан өлеңді тыңдату.

4. Қолдану. Алдын ала кесте сызу, оқу барысында толтыру.
І-топ:
Өлеңдері: Негізгі оқиға
«Үш бақытым»
«Фантазия»

ІІ-топ:
Өлеңдері: Негізгі оқиға
«Елім барда»
«Қара өлең»

ІІІ-топ:
Өлеңдері: Негізгі оқиға
«Қайран сарасазым-ай»
«Дариға жүрек»

ІV.Сабақты бекіту.
5. Жинақтау
Ассоциация құру.
М.Мақатаев кім?
тума талант драматург жазушы 1931 ж. 09.02

ғасырдың
ғаламат ұлт ақыны
ақыны

сазгер ұстаз публист суреткер 27.03.1976ж.

V. Үйге тапсырма:
Мұқағали өлеңдерін жаттап, сұрақтар дайындап келу, тест құрастыру.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Бағалау өлшемдері:
1. Үй тапсырмасын орындау барысындағы белсенділігі;
2. Топтық жұмыстарға қатынасуы;
3. Өз ойын еркін жеткізе алуы;
4. Өлеңдерінің мазмұнын білуі;
5. Өлеңдерінің құрылымын талдай алуы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.