Меню
Назад » » »
Білімге апаратын жалғыз жол-іскерлік
загрузка...

загрузка...
«Білімге апаратын жалғыз жол-іскерлік».
Бернард Шоу
Биология пәнінен оқушыларды шағын
топпен оқытудың тиімділігі
Қазіргі уақытта «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізсем? Сабақ кезінде оқушының жетістіктерін туғызсам» деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Олай болатын себебі, әрбір жаңашыл ұстаз шәкіртінің шығармашылық жетістіктерін, сабаққа деген қызығуларын арттыруды мақсат етеді. Әрине, бұл кездейсоқ емес. Өйткені, мектепке деген талаптар күшейді. Ең бастысы, қазіргі заманда оқытудың негіхзгі мақсаттары-оқушыға белгілі бір шамада білім беріп қоймай, сонымен қатар білім, білік дағдыларын жетілдіріп, жеке тұлға етіп қалыптастыру болып отыр. Ендеше мұндай жағдайда оқушының белсенділігімен қоса мұғалімнің де белсенділігі қажет. Демек баланы өзіндік белсенділікке, құштарлыққа тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі ұйымдастырған үш айлық білімін көтеру курсы. Мен де осы курсқа 10.09.2012-26.11.2012 уақыт аралығында қатысып, білімімді жетілдіріп келдім. Бул курстан үйренгенімді өз оқушыларыма сабақ үстінде қолданып жеткізгенше асықтым.
Бұл курстың негізгі мақсаты-оқушыларды шағын топта оқыту арқылы ұйымшылдық, бірлікке, мейірімділік, шыншылдыққа баулу және өз ойын қысылмай еркін жеткізуге, сыни ойлай білуге тәрбиелеу. Әрине сабақта қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді шебер әрі тиімді қолдана білу-ұстаздың білімі мен біліктілігіне байланысты. Ең бастысы оқушы мен мұғалім арасында сенімділік, еркіндік, ашықтық қалыптасуы керек.
Өзімнің курста алған теориялық білімдерімді 8 сынып оқушыларына практика жүзінде кеңінен қолдана бастадым. Оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерді де назардан тыс қалдырмай бақылап отырдым.. Олар:
• Өзін оқушы деп білу;
• мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау;
• тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу.
Өз сабағымда түрлі стратегияларды тиімді қолдану арқылы оқушыларды инновациялық оқытуға жетеледім.
Инновациялық оқытудың негізгі мақсаттары мыналар:
-оқушылардың интеллектуалды, коммуникативті, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-оқушылардың жекебасты сапасын қалыптастыру;
-әртүрлі ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Инновациялық оқытудың негізгі технологияларына жататындар: дамыта оқыту; проблемалық оқыту; ойлау қабілетін дамыту; дифференциалдық оқыту; сабақ жүйесінде жетістіктерге жетуді тудыру.
Инновациялық оқытудың негізгі ұстанымдары: а) креативті (шығармашылығын дамыту; ә) білім жүйесін игеру; б) дәстүрден тыс сабақ формалары; в) көрнекіліктерді пайдалану.
Инновациялық технологиялар арқылы биология пәнін оқытқанда мынадай тиімді әдістерді қолданған абзал;
-тірек-сызбалар;
-миға шабуыл;
-топтық пікірталас;
-кластерлер;
-венн диаграммасы;
-дидактикалық ойындар;
-Инсерт;
-презентациялар;
-шағын зерттеулер,
-кейс-стадий әдісі.
Ақпаратты беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық ұстанымына негізделген. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қызығуы мен белсенділігін арттырып, мәліметтерді шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, оқушы білімді төрт жағдайда алады екен:
-дайын білімді қабылдап алу;
-зерттеу барысында жаңалық ашу;
-әртүрлі жағдайда әсерді сезіну;
-көрген-білгенінен бұйым құрастыру немесе өнім жасау.
Мен өз іс-тәжірибемде дәстүрден тыс сабақ формаларының жоғарыда айтылған түрлерін жиі пайдаланамын. Бұл дәстүрден тыс оқыту формалары оқушылардың проблемалық сұрақтарды шешу, проблемалық жағдаяттарды құру, оқуға деген құштарлықты ояту, қызығуларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.
«Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа оқушылардың ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.
Мысалы 8-сыныпта «Тістің құрылысы, гигиенасы» тақырыбын ашу мақсатында мынада сұрақтар қойылды:
-Ас ауызға түскен соң қандай өзгеріске үшырайды?
-Астың қорытылуына тістің қандай маңызы бар?
-«Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді десейші» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? Оқушылар әуелі жеке дәптерге жауабын жазып орындады. сосын жұппен, топпен талдап «Тіс» ұғымына кластер толтырды.

1.2. Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары

Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамуды қарастырады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49 бет). Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:
• бақылау;
• талдау;
• қорытынды;
• интерпретация.
Сабақ беретін сыныптарымда оқушылардың сыни ойлауына көп мүмкіндік туғызуға тырысамын.
Өз сабақтарымда үнемі қолданылатын әдіс-тәсілдер: кубизм, екі жақты күнделік, семантикалық карта, бес жолды тұжырым, Венн диаграммасы, топтастыру, эссе жазу, алты ойлау қалпағы, т.с.с.
«Эссе жазу» арқылы оқушы сол мәселеге байланысты өз ойын білдіреді, ішкі жан дүниесін ұғып, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айтады.
«Топтастыру» арқылы оқушы бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, өз білгендерін, білетіндерін талдайды.
«Кубизм» арқылы оқушы ұғымды жан-жақты, әр қырынан салыстырады, анықтайды, зерттейді, суреттейді.
«Екі жақты күнделік» арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымдарды өз бетімен анықтайды, талдайды.
«Семантикалық карта» арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын таниды, анықтайды, зерттейді, салыстырады.
«Бес жолды тұжырым» арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымды бір ғана сөзбен жан-жақты талдайды.
«Венн диаграммасы» арқылы оқушы екі жаңа ұғымды салыстырады, екі ұғымның ортақ қасиеттерін табады.


«Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім»-деп қазақтың біртуар жазушысы Ғабит Мүсірепов айтқандай оқушылардың жан дүниесін түсіну, оқуға деген ынтасын арттыру, саналы, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесіне еніп жатқан тың өзгерістер білімді, тәрбиелі, өз өміріне жауап бере алатын ұрпақ тәрбиелеуге зор сенім ұялатады.
Осы міндеттен шығу үшін өз пәнім бойынша жоғарыда аталған әдістердің барлығын тиімді қолданамын. Сонымен қатар Блум жүйесі, ООМ (орындыққа отырғызу матрицасы), ашық сұрақтар және т.б. әдіс-тәсілдер оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, бір-бірімен, шағын топта ұжымдасып тапсырмаларды орындауға көмектеседі.
Өзімнің зерттеуге алған сыныбымда білімі мен дағдысы әлі толық қалыптаспаған оқушылар да (Хайрол А, Даулетбек Т, Тайкеш А, Тұрдыхан Серикбол ) баршылық. Осы аталған оқушыларды шағын топта жұмыс істеуде ынталандыру, мадақтау арқылы сабаққа деген қызығушылығын тудыру және қабілеті жоғары оқушылармен қатар оқыту арқылы белсенділігін арттыруға болатынын байқадым. Оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы өз ойын ашық айта алатын, бір-біріне сұрақ қойып, сыни ойлай білуге үйренетінін анықтадым.
Тіпті оқушыларды бағалау кезінде тек біржақты бағаламай (өзіміз тарапынан қойылатын баға) бір-бірін бағалау, өзін-өзі бағалау, стикер арқылы, екі жұлдыз, бір тілек, шеңбер бойынша бағалау түрлерін қолданған кезімде басында біраз қиыншылықтар туды. Шағын топпен жасаған жұмыстарына толыққанды баға бере алмай, дауласып немесе екі жақсы тілек, бір ескерту айту кезінде оқушылардың қиналғаны байқалды. Бірақ уақыт өте келе оқушылар бұл сабақтың әдіс-тәсілдеріне төселіп, үйреніп кетеді деп ойлаймын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақта еңбек өтіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген сөзі бізге үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Сондықтан осы міндеттерді орындайтын ұстаздарға шығармашылық табыс, нұрлы ақыл, ыстық жүрек, күш-қайрат, сарқылмас білім мен таусылмас жігер тілегім келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журнал
№7, 2012 жыл, 22-24 бет
2. «Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журнал
№3, 2012 жыл, 4-6 бет
3. «Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде»
С.Мирсеитова «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері», Қарағанды 2011 ж
4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
5.«Биология және салауаттылық негіздері» ғылыми-педагогикалық журнал
№1-6, 2010-2012 ж
6. «Биолог анықтамалығы» ғылыми-педагогикалық журнал
№1-6, 2010-2012 ж
7.«Ғаламтор» көздері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Биологиялық білім-экологиялық сауаттылық» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-практикалық семинарға

Биология пәнінен оқушыларды шағын
топпен оқытудың тиімділігі
тақырыбында мақала

Дайындаған: биология пәнінің
мұғалімі: Даулетхан Р

2013-2014 оқу жылы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Білімге апаратын жалғыз жол-іскерлік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 321 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar