Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір орында тұрып екі қолмен допты жоғарыдан беру -

Бір орында тұрып екі қолмен допты жоғарыдан беру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4119 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті Ж.Жабаев атындағы
№234 мектебінің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі
Уташев Махамбет Жанзакович

Сабақтың бөлімі: Спорттық ойын. Волейбол. Сабақтың тақырыбы: Бір орында тұрып екі қолмен допты жоғарыдан беру Сабақтың мақсаты: а) Екі қолмен допты жоғарыдан беру әдісін үйрену, ә) оқушыларды шыдамдылыққа,шапшаңдыққа,икемділікке баулу, б) адамгершілікке,ұқыптылыққа,достыққа тәрбиелеу Өтілетін күні: _______________ Өтілетін сынып: 5 сынып Өтілетін жері: спорт зал Керекті құралдар: Ысқырық, секундомер, доптар, тор. Пән мұғалімі: Өтешов Махамбет
Сабақтың бөлімдері Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе бөлімі

12-15 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу, кезекші мәліметі, сәлемдесу.

Сабақтың мақсатын, міндетін түсіндіру.
Назар аударатын зейін жаттығулары.
1.Оң-ға 1-2
2.Сол-ға 1-2
3.Ай-нал 1-2
4.Секіріп ай-нал
Жүру үстінде орындалатын жаттығулар.
Жүгіріп жасалатын жаттығулар.
Жалпы дамыту жаттығулары ,орында тұрып немесе қозғалыста жүріп орындау.


1мин

30с

2мин

3мин
6мин

Спорттық киімге назар аудару.
Оқушылардың тыңдауына назар аудару.

Бұйрықты бірдей орындау.
Дұрыс бұрылуын қадағалау.

Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аудару.

Негізгі бөлім

20-28 минут


Тақырып:
Оқушыларга допты жоғарыдан беру әдісін түсіндіру. Орындалуын көрсету.

Допты екі қолмен жоғарыдан беру ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады.

Доп қолға тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереміз.

Қарама қарсы тұрып допсыз допты екі қолмен жоғарыдан қабылдау
іс қимылын орындау.

Қарама қарсы тұрып бір біріне допты лақтырып беру және қағып алуды орындау.

Қарама қарсы тұрып бір біріне допты бірі қолмен лақтырып беріп екіншісі екі қолмен жоғарыдан қабылдап беру әдісін орындау.

Қарама қарсы тұрып бір біріне допты жоғарыдан беруді әдісін орындау.

Екі жақты ойын.



2 мин

2 мин

3 мин

4 мин

8 мин

10 мин



Оқушылардың тыңдауына, көруіне назар аудару.

Шынтақты бүгіп саусақтардың арасын ашулы қатты ұстау керек.

Дізе сәл бүгулі болады.

Жаттығулардың орындалуы шынайы болуына назар аудару.

Допты дұрыс қабылдап, дұрыс беруін қадағалау.

Жаттығудың дұрыс орындалуына назар аудару.
Допты бергенде қозғалыста тұру.
Допты беру элементтерінің дұрыс орындалуына назар аудару.
Қауіпсіздікті сақтау.
Ережеге сәйкес екі топқа бөліп жеңілдетілген ойын ойнату.

Қорытын-ды бөлімі

3-5 минут



Жалпы сапқа тұрғызу, ескертулер, бағалау, қорытындылау.
Үйге тапсырма



Тынысты қалыпқа келтіру.
Қатысуына қарай бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырам
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.