Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бірмүше және оның стандарт түрі. Бірмүшелерді көбейту және дәрежеге шығару тақырыптарына есептер шығарту. -

Бірмүше және оның стандарт түрі. Бірмүшелерді көбейту және дәрежеге шығару тақырыптарына есептер шығарту.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2984 | Размер: | Автор: гость
. Алгебра 7- сынып
Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және оның стандарт түрі. Бірмүшелерді көбейту және дәрежеге шығару тақырыптарына есептер шығарту.
Сілтеме: Жоспар (күнтізбелік жоспар)
Жалпы мақсаты: Оқушыларға бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшелерді көбейту және бірмүшелерді дәрежеге шығару амалдарын практикада дұрыс қолдана білуге үйрету.
Ізденімпаздық дағдыларын, ақпаратты іздеу, байқағыштық,салыстыру, қорытынды шығара алу қабілеттерін дамыту. Оқушының білімге деген қызығушылығын тудыру, қабілетін анықтау, жүйелі білім алудың қажеттілігін ұғындыру.Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.
Оқыту нәтижесі: Тақырыпқа байланысты есептерді шығара білетін , терең ойлы, өзіне деген сенімі мол тұлға қалыптасады.
Түйінді идеялар: Оқушылардың қызығушылығын ояту, өз ойын қорытындылай білуге қалыптастыру.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеттері
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, бірігіп шешетін жағдай тудырып, оны бірлесе шешуді ұйымдастыру мақсатында оқушыларды 2топқа бөлу. Сәлемдеседі, кезекші сыныптағы оқушылар туралы мәлімет береді. Оқу құралдарын дайындап, зейіндерін сабаққа аударады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім оқушыларға бір-бірінің үй тапсырмасын тексеріп шығуын тапсырады. Топтағы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексеріп шығады.
ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын және сабаққа қажетті ұғымдарды анаграмма шешу арқылы табайық.
Анаграмма шешу:
1.ШЕБІМРҮ;2.РЕЖӘДЕ; 3.ЦИФОНКЭФТЕИ; 4.САТНАДРТ РҮТІ; 5.ӨКЕБЙТУ

4.Стандарт түрі
1.Ой қозғау.
- Қандай өрнекті бірмүше деп атайды?
- Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
- Стандарт түрдегі бірмүшенің коэффициенті деп нені айтады?
- Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
- Бірмүшелер қалай көбейтіледі?
- Бірмүшелерді дәрежеге қалай шығарады?

2. Қызығушылықты ояту
Интерактивті тақтамен жұмыс
1.Тақтаға жазылған өрнектерді пайдаланып кестені толтырыңдар

3. «Құпияны ашу» жұптық жұмыс

4. «Қатесін тап» жеке жұмыс.

ІҮ. Әр топқа оқулық бойынша тапсырмалар беріледі.
І топ: №
ІІ топ: №

Ү. Тақырыпты практикалық бекіту. Тест жұмысы

ҮІ. Рефлексия
Оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл-күйін қадағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: №
ҮІІІ. Бағалау
Оқушылар бірін-бірі бағалайды
Оқушылар топпен ақылдаса отырып жауап береді.

Оқушылар топпен ақылдаса отырып жауап береді.

- 5x2 7yx; 16xy(-0,25)y3; 1,2abc ∙5a; 6c2(-0,8)ac;
Бірмүше Бірмүшенің
стандарт түрі Бірмүшенің
коэффициенті Бірмүшенің
дәрежесі





1. * m∙ 2х=4mх
2. х5у ∙ ху3 * = х6у4z
3. (-0,3 *) ∙ (-5 *) = 1,5 mn
4. 1,2хуz ∙ 5* = 6х2уz

Жауаптары:1. 2m∙ 2х=4mх
2.х5у ∙ ху3z= х6у4z
3.(-0,3 m) ∙ (-5 n) = 1,5 mn
4.1,2хуz ∙ 5х = 6х2уz

Әрбір теңдіктің тұсына дұрыс, бұрысын +; -белгісін қоюларыңыз керек.

1.(5а3 ) 2 =25 а6
2. (3а 2х) 3 =27а 4 х3
3. (13x 2) 3 =39x6
4.(-3х2)2 = -9х4
5.(-2а4в2)3= -8а12в6
6.(0,5а2х)2 = 0,25а4х2

Әр топтан бір-бір оқушыдан тақтада есеп шығару жолдарын көрсетеді.

1)Өрнекті ықшамдаңдар: (0,2m2n)3∙1000m4n7
А) 8m10n10В) 200m10n10C)0,008m9n10Д) 8m12n12
2)Бірмүшені стандарт түрге келтіріңдер: -7c8∙(-0,4c3)2
А) 2,8с13 В) -2,8с13C)1,12с14Д) -1,12с14
3)Бірмүшенің мәнін табыңдар: 5х3 , х=2
А) 30 В) 40C)20 Д)50
4) Бірмүшенің квадраты түрінде өрнектеңдер: 144a4y2
А) (12а2у2)2 В) (-12а2у2)2C) (12ау2)2Д) (12а2у)2
5) Өрнекті стандарт түрдегі бірмүшеге келтіріңдер:0,2a2b3∙ (-5a3b)2
А) 5а8в5В) -5а8в5C) -5а5в8Д) 5а5в5

Жауаптары: 1.А
2.Д
3.В
4.Д
5.А

Сабақ ұнады ма? Неліктен?
Сабақтан өзіңе қандай жаңалық алдың?

Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
№ Сабақ кезеңдері Бағасы
1 Үй тапсырмасы
2 Ой қозғау
3 Қызығушылықты ояту (интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау)
4 «Құпияны ашу» жұптық жұмыс
5 «Қатесін тап» жеке жұмыс
6 Оқулықпен жұмыс
7 Тест жұмысы
8 Қорытынды баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.