Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БІЗ БАҚЫТТЫ СТУДЕНТПІЗ! -

БІЗ БАҚЫТТЫ СТУДЕНТПІЗ!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1298 | Размер: | Автор: гость
. «БІЗ БАҚЫТТЫ СТУДЕНТПІЗ!»

23 қазан күні Байқоңыр «Космос» колледж табалдырығын аттаған бірінші курс жеткіншектерін студент қатарына қабылдады. Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жас ұландар бүгіннен бастап өмір кітабының «студенттік кезең» атты ақ парақтарын безендіретін болады. «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының және колледж әкімшілігінің ұйымдастырылуымен «Біз бақытты студентпіз!» атты 1 курс студенттерін қабылдау іс-шарасы болып өтті.
Аталмыш іс-шара екі бөлімнен тұрды:
1 бөлімде мерекелік іс-шараға Байқоңыр «Космос» колледжінің директоры Дауленбаев Ануар ағай, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының қызметкерлері, колледж оқытушылары қатысты. Салтанатты кеште колледж директоры студентерге сәттілік тілеп, жылы тілектерін арнады.
3 курс «Есеп және аудит» мамандығының студенті Сайлауова Нұргүл – былтырғы колледж үздігі,1 курс «Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар» мамандығының студенті Кашлев Талапқа білім кілтін ұсынып, барлық студенттерге сәттілік тіледі.«Студент» атты асқақ атты иемдену үшін қажет ең негізігі құжат – студенттік билет болып табылады. Жаңа толқыннан үкілі үміт күтетіндігін айтып, ақ жол тілеген 3 курс «Оптикалық және электрондық жабдықтар» тобының студенті Талғат Мадияр, 1 курс «Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар» мамандығының студенті Серікова Аружанға студенттік билет тапсырды.
1 курс атанған «Оптикалық және электрондық жабдықтар» мамандығының студенті Ақмырзаева Гаухар ант қабылдады.
Колледж директорының міндетін атқарушы Дауленбаева Шолпан Ануаровна білімгерлерге ыстық лебіздерін білдіріп, сынақ кітапшасын тапсырды.
Қабылдау кешінде колледждің өнерлі жастары, әншілері, өнер әлемінің өкілдерінің әсем әндері мен мың бұралған бишлердің билері көрерменге қуаныш сыйлады. Мұны акт залында жиналған колледж жастарының жарқыраған үндерінен, күлімдген күлкілерінен анық байқағанымыз рас. Кеш соңы би кешіне ұласты.
2 бөлімде топаралық «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА» атты студенттердің техникалық шығармашылығы көрме-сайысы өткізілді. Сайыста студенттердің танымдық белсенділігін , оладың техникалық шығармашылыққа қызығушылығын, функционалдық дайындығын жетілдіру көзделді.Өндірістік өнімдерді дайындауда материалдар мен шикізатты үнемдеу, құрал-жабдықтарды модификациялау, қол және дене еңбегін қысқартуға бағытталған ұсыныстар , өнім сапасын арттыру, өндіріс пен еңбек өнімділігін автоматтандыру және механикаландыру бағытында тиімді құралдар жасау.
Техникалық шығармашылық байқау төмендегі бағыттар бойынша экспозицияланды:
 ЕХРО-2017
 Электр техникасы құрылысы
 Құрылыс индустриясы
 Автомобиль құрылысы
Байқау жеңімпаздары көрменің 4 бағытының қорытындысы бойынша анықталды және БАС ЖҮЛДЕНІ «А-131гр», 1 орынды «О-141гр» тобы алып,
2 орынды «О-131гр» иеленсе, ал 3 орынды «О-151» тобы иелененіп ақшалай сыйақымен марапатталды.


«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің
«арнайы пәндер» оқытушысы
Назарова Ш.Е.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.