Меню
Назад » » »
Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, оларды сүюге, байлығын қорғауға, ұлтжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қызығушылықтарын дамытып елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел тарихын білуге баулу. Құлазығын сенің құла түздерің, Не білмеген, не көрмеген ізгі елім. Жазылмаған тарихымның жолдарын, Ауызекі аңызыңнан іздедім... М. Мақатаев Интеллектуалды ойынның барысы: 1. Таныстыру 2. Санның сыры 3. Белес 4. Бел асар 5.Тәуелсіздік ақ таңым 6. Бәйге 7. Қорытынды І топ Рәміздер ІІ топ Елтаңба ІІІ топ Көк байрақ Қара жерде қылтаңы жоқ бір елміз, Әрі биік, әрі кеңбіз, терең біз. Әніміз бар асқақ жалау сықылды, Көтерілсе тік көтерер жұртымыз. Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз. 1. Таныстыру 2. Санның сыры Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: - Бірден оңға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші, -деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы: Бір дегеніңіз- ......(бірлігі кеткен ел жаман) Екі дегеніңіз-.....(егесіп өткен ер жаман)Үш дегеніңіз-.....(үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман) Төрт дегеніңіз-.....(төскейге шыға алмаған кәрілік жама)Бес дегеніңіз-......(білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман) Алты дегеніңіз-..... (аймағын билей алмаған адам жаман) Жеті дегеніңіз-....(жетем деген мақсатына жете алмаған жаман) Сегіз дегеніңіз-......(бастаған серкесіз қой жаман) Тоғыз дегеніңіз-....(толғанғаныңыз) Он дегеніңіз-.....(өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз) 3. Белес « ... Ары үшін-Ер күреспесе-несі өмір? Қосып берді-күншілдік пен өсегін. Ақыл, білім-құрметті етер халқыңа, Көз жұмылса-айналады даңқыңа. Туралықпен, әділ заңнан жаңылма, Әділдікпен-тұрар бектік-бабың да... »Ж. Баласағұн. 1. Мемлекеттік тіл қай тіл?(қазақ) 2. «Адай» күйінің авторы кім?( ) 3.Қожа Ахмет мазары қай қалада?(Түркістанда) 4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере) 5. Бұрынғы астана? (Ақмола) 6. Үш биді ата?(Төле би, Қазыбек би, Айтеке би) 7. Еліміз қай мемлекеттермен көрші?(Тур, Рос, Азер, ) 8. Халық саны ең көп мемлекет?(Қытай ) 9.Тай қазан қай жерде?(Түркістанда) 10. Мемлекетімізде неше облыс бар?(16 облыс бар) 4. Бел асар Туған жер, туған ауыл қымбат маған, Ешкімге бұл сезімді былғатпағам. Мен оның өзім ғана сезінетін Қастерлі қасиетін жырлап бағам. Ол жерге деген сезім бөлек, Жатпасын келгенімде өзімді елеп! Ал оның қасиетін сезу үшін, Тек менің жүрегім мен көзім керек. 1.Әнұран әнінің авторы кім?( Ж. Нәжімединов ) 2.Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз? (16 жел-да) 3. Біздің Туымыздың түсі қандай?(көк) 4.Туымызда бейнеленген қыран құс? (бүркіт) 5. Елтаңбамызда қандай жануардың денесі бар?(ат) 6.Туымыздағы бүркіттің үстінде ненің суреті бар?(күн) 7. Еліміздің елдігін білдіретін, халқымыз құрмет тұтатын әнімізді не деп атаймыз? ( әнұран) 8. Туымыздың бір шетін көмкерген өрнек қалай аталады? (ою) 9. Республика күнін қашан тойлаймыз?(25.10) 10.Ұлттық валюта?(теңге)Адамды хақ жаратты да ескерді, Оған ақыл, білім, өнер, ес берді. Көңіл берді әрі тілін тербетті, Ұят берді, берді қулық, келбетті. Білік берді, адам бүгін жетілді, Ақыл берді, талай түйін шешілді. Кімге құдай берсе білім , ақылды, Қолы жетіп, алар ол мол асылды. Ақылды ұлы, біл білімді білікті, Қонса екеуі, Ұлы етер жігітті. Бұл айтқанға куә мұндай сөздер бар, Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:«Ақыл қада болса, ұлылық толады, Білім кімде, сол білікті болады»5. Тәуелсіздік ақ таңым ( Тәуелсіздік жайлы өлең оқу және сурет салу) Керуен басы білікті болса, Түйе азбайды. Қолбасы білікті болса, Сарбазы тозбайды,6. Бәйге 1.Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы қабылданды? (1991ж16 желтоқсан) 2. Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? (желтоқсан оқиғасы,1986ж,16 желтоқсан) 3.Президент қай жылы, қай күні ант берді? (1991ж, 10 желтоқсан) 4. Ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды? (14жылдығы) 5. Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек )6. Еліміздің Рәміздері қашан қабылданды? (1992ж, 7 маусым) 7. Ақмола қаласы Астана қаласы деп қай жылы аталды? ( 1998ж, 6 мамыр ) 8. Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж, 30 тамыз) 9. Тудың авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлікбеков) 10. Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный қаласы)
Қорытынды:(Сұрақтарға толық жауап беріп, өздерін жақсы таныстырған топ анықтылып, орындар беріледі )Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады (ән немесе би орындауы керек)Көрмесін соғыс заһар шақ, Тәуелсіз Отанымызда. Желбірей берсін көк байрақ Жалын жүрек жастарым, Ел үмітін ақтаңдар! Еркіндікті көздегі Қарашықтай сақтаңдар! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 282 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar