Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біздің балабақшада -

Біздің балабақшада

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1840 | Размер: | Автор: гость
. Білім беру саласы: «Қатынас».
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Біздің балабақшада»
Мақсаты: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту; Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Таныстыру,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Қолданатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер,қақпақтар, жіптер.
Билингвалдық компонент: балабақша-детский сад.
Әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Балабақшам менің
Жаңа қадам жасадым
Қош болып тұр,бесігім
Мен қуанып ашамын
Балабақша есігін
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.

Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.
Іздену- ұйымдастырушы

-Балалар, бүгінгі біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға слайық.
-Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?
-Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасындар. Сондықтан «Балабақша –өз үйіміз» деп айта аламыз.
- Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл-екінші үйіміз,
Бір тұғанбыз бәріміз,
Біз-осы үйдің ғүліміз,
Біз-осы үйдің сәніміз.
Сұрақ – жауап
-Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?
-Сендерге балабақша несімен ұнайды? Сұраққа жауап береді

Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды
Балалар бірге қайталап жаттайды

Балардың жауабын тыңдап, қортындылау.
-Дұрыс айтасындар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл-біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз.
Сергіту сәті (әуенмен орындалады)
Кел балақан, балақан
Шапалақта алақан:
Жай-жай-жай!
Қозғап барлық денені
Қолды қатты соқ енді:
Сарт-сарт-сарт!
Тықылдатып таяқты,
Ақырын бас аяқты:
Балалардың түсінігі, ойлары.

Қимыл жасайды.
Рефлексивті-коррекциялаушы «Балабақша ауласын безендіру»
Сурет бойынша әңгімелеу.
1. Сүйікті ойыншығыңның суретін сал.
-Балалар, осы тыныштық сәтінде нені сезіндіңдер?
-Нені елестеттіңдер?
-Қандай күйде болдыңдар?
Сызба бойынша тақпақ жаттау:
Қар,мұз еріп,
Су көбейіп,
Бүршік шашып
Жапырақ ашып,
Бәйшешектер басады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Оқу іс-әрекетін қортындылау.
Бір шаңырақ астында
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

.

Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды

Күтілетін нәтиже:
Біледі: балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын
Игереді:балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын.
Меңгереді: өзара сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.