Меню
Назад » » »
Біздің отбасымыз.
загрузка...

загрузка...
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Красная поляна ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Байтанова Айнұр Меиранбаевна
Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз.
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Модульдің құрамын түсіндіру
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту
VI. Грамматиқалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім граммтиқалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ФОНЕТИКА

Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Еріннің қызметіне
қарай

Жақтың қызметіне
қарай

Тілдің қызметіне
қарай

еріндік
езулік
ашық
қысаң
жуан
жіңішке

о,ө,у,ұ,ү
а,ә,е,э,ы,і,и
а,ә,е,э,о,ө
ы,і,ұ,ү,у,и
а,о,ы,ұ,у,и,э
ә,ө,і,ү,и,у,е

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

1. Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)
a) жуан + жуан + жуан; оқу+шы+лар
ә) жіңішке + жіңішке + жіңішке; етік+ші+лер
2. Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм)
а) қатаң; б,в,г,д + қатаң бас+тық
ә) ұяң (б,в,г,д әріптерінен басқа) –ұяң, үнді ауыл+ға
б) ... к г шелек + і → шелегі
... п + дауысты б кітап + ы → кітабы
... қ ғ тарақ-ы → тарағы

5. Фонетиқалық талдау жасау. Оқулықта берілген фонетиқалық талдауды негізге ала отырып, оқушылар берілген сөздерге фонетиқалық талдау жасайды. Әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Дайындыққа 4 минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

1-топ: мамандық; 2-топ: заңгер; 3-топ: шөбере.

Жауап үлгісі
1-топ
Ма-ман-дық - үш буынды, 1- ашық, 2,3- бітеу буындар
м- дауыссыз, үнді;
а- дауысты, езулік, ашық, жуан;
н- дауыссыз, үнді;
д- дауыссыз, ұяң;
ы- дауысты, езулік,қысаң,жуан;
қ- дауыссыз, қатаң.

Жауап үлгісі
2-топ
Заң-гер – екі буынды, 1,2- бітеу буындар
з- дауыссыз, ұяң;
а- дауысты, жуан, езулік, ашық;
ң- дауыссыз, үнді;
г- дауыссыз,ұяң;
е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р- дауыссыз, үнді.

Жауап үлгісі
3-топ
Шө-бе-ре – үш буынды, 1,2,3 – ашық буындар
ш- дауыссыз, қатаң;
ө- дауысты, еріндік, ашық, жіңішке;
б- дауыссыз, ұяң;
е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р- дауыссыз, үнді.

6. Сөздік жұмыс.
онша – не очень немере - внук
жеке меншік - частный шөбере - правнук
балалар дәрігері - педиатр заңгер - юрист

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды;
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Онша үлкен емес, жеке меншік үй, балалар дәрігері болып істейді,...
4. Сөйлемдер құрау.
Менің отбасым онша үлкен емес.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

7.Сергіту жаттығу.
Аталар, Апалар,
Әжелер, Балалар-
Ағала Әр үйде
Әпкелер Бар олар.

(Әлі Ысқабай)
8. Лексикалық тақырып. Тактада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.
ә) Содын кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.
б) Мәтін бойынша ”Мені түсін„ ойыны.
Ойынның шартты:
Оқушылар мәтінді оқып болғаннан соң, мұғалім оқушылардан кітаптарын жауып, осы мәтіннің негізгі мазмұнын қамтитнын 10 сөзді дәптерлеріне жазуларын талап етеді.
Содан кейін мұғалім өзі алдын ала дайындаған түйінді сөздермен салыстырады. Осы тупнұсқамен сөздермен салыстырады. Осы тұпнұсқамен сөздерді сәйкес келген болса, сол жеңімпаз деп танылады.
в) Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру (2- тапсырма, 3-бет).
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Отбасында қанша адам бар?
3 .Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді?
4. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
5. Олар неше жаста?
6. Олар не істейді?
9.Бекіту.
Сыныптағы оқушылар екі- екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5-7минут уақыт беріледі. Содын соң оқушылар бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.
№1
Сұрақтарды аударыңдар
1. Как тебя зовут?
2. У тебя есть бабушка и дедушка?
3. Чем они занимаются?
4. Сколько лет твоему отцу?
5. Где он работает?
6. Сколько лет твоей маме?
7. Как её зовут?
8. У тебя есть братишка (сестрёнка)?
9. Что они делают?
10. Где ты живёшь?
№2 Сөйлемдерді аяқтаңдар
1.Менің ... .
2.Менің ... .
3.Олар ... .
4. Әкем ... .
5. Ол ... .
6. Анам... .
7. Оның ... .
8. Менің ... .
9. Олар ... .
10. Мен ... .
1. Сенің атың кім?
2. Атаң мен әжең бар ма?
3. Олар не істейді?
4. Әкең неше жаста?
5. Ол қайда жұмыс істейді?

6. Анаң неше жаста?
7. Оның аты кім?
8. Інің (қарындасың, сіңлің) бар ма?
9. Олар не істейді?
10. Сен қайда тұрасың?
1. Менің атым ... .
2. Менің атам мен әжем бар (жоқ),
3.Олар- зейнеткерлер, құрметті демалыста.
4. Әкем 45 жаста.
5. Ол зауытта жұмпыс істейді.
6. 42 жаста.
7. Оның аты ... .
8. Менің інім (қарындасым,сіңлім) бар (жоқ).
9.Олар мектепте оқиды.
10. Мен Алматыда тұрамын.
10. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Біздің отбасымыз. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 316 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar