Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БЛИЦ-ТУРНИР «Қазақстанның Қызыл кітабы» -

БЛИЦ-ТУРНИР «Қазақстанның Қызыл кітабы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1578 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: БЛИЦ-ТУРНИР «Қазақстанның Қызыл кітабы»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның Қызыл кітабы турлы мәлімет беру, қалай және неліктен кітапты шығарғаны жайында, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші:
Адам сенің есімің,
Табиғат – тал бесігің.
Қамқоршысы бола біл,
Тимесін еш кесірің.
Слайд «Қазақстанның Қызыл кітабы» видео-ролик.
Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
• балықтың 4,
• қосмекенділердің 1,
• бауырымен жорғалаушылардың 8,
• құстардың 43,
• сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.
Екінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.
Үшінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
1-категория – жойылып бара жатқан;
2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория – сирек кездесетін;
4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың – 1 түрі берілген.
“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
- 3 «А», «Ә», «Б» сыныптарының оқушылары арасында блиц-турнир өтеді.
- Әр сыныптан 5 оқушыдан ортаға шығып, өз орындарына отыра қалсын.
Ендеше, блиц-турнир ойынының шарттары мен кезеңдерімен таныс болайық!
1-тур – Таныстыру
2-тур – Сұрақ-жауап
3-тур – Шығармашылық жұмыс.
1-тур. Таныстыру.
1-тур бойынша 3 «А» сыныбы «Қызыл кітапқа енген жануарлар» туралы таныстырады.
3 «Ә» сыныбы «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер» туралы таныстырады.
3 «Б» сыныбы «Қызыл кітапқа енген құстар» туралы таныстырады. Әр топ оқушылары тапсырмаларын орындайды.
Енді қай топ жақсы дайындалғанын көрермендердің қол шапалақтауы арқылы білеміз.
Қорытындылау.
2-тур «Сұрақ-жауап».
Бұл турда сендерге видео-ролик қойылады. Сондағы айтылған мәтін бойынша қысқаша өздеріңе түртіп алып отырасыңдар. Видеоны көріп болған соң, сол бойынша 10 сұрақ қойылады. Бірінші болып қол көтерген топ бірінші жауап береді.
Қорытындылау.

3-тур «Шығармашылық жұмыс».
Ал бұл турда әр топтың шығармашылығын көреміз. Әр топ өзінің өлеңдерін, көріністерін, т.б. дайындағанын орындап береді.
«Аңшы мен бала» атты көрініс.
- Құс аулауға шығамысың?
- Шығамын.
- Атқаныңды жығамысың?
- Жығамын.
- Мә, мылтығым, атамысың?
- Атамын.
- Мен дем алып қайтамын. (Бір айналып келеді)
- Құсың қайда қарағым - ау?
- Атпадым.
- Таппадың ба тоғайдан құс?
- Таппадым.
- Көп еді ғой көлде құс?!
- Көп екен.
- Я, неге атпадың?
- Түк дәлелім жоқ екен.
- Атуға сен қимадың ба?
- Қимадым. Табиғаттың құстарын да, аңдарын да өзіне қайта сыйладым.
Қорытындылау.
4. Көрермендермен жұмыс.
«Ұйқасын тап» ойыны.
Бата алмас түлкі,
Үсті тікен..... (кірпі)

Өзіне ноян,
Қорқақ кім? (қоян)

Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде,
Шошаңдайды......... (қарақұйрық)

Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы........(арыстан)
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер...... (қасқыр)

Үні ғажап дүлдүл,
Бақта сайрар.......(бұлбұл)

5. Сергіту сәті.
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.

- Сонымен, қай топ озғанын көрермендердің қол шапалағы арқылы білеміз.
- Ендеше, бірінші, екінші, үшінші орын иеленген топтарды құттықтаймыз!
Топтарды марапаттау.
-Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар!

№15 гимназия

БЛИЦ-ТУРНИР
«Қазақстанның Қызыл кітабы»

Мұғалімі : Ескермесова А. С.

Алматы, 2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.