Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Блум таксономиясына сай құрылған тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру -

Блум таксономиясына сай құрылған тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2477 | Размер: | Автор: гость
. Мырзасеитова Қарлыға, Сарағаш ауданы №19 жом бастауыш сынып , Әсілбекқызы Ажар, Бәйдібек ауданы «Жолғабас» негізгі мектеп бастауыш сынып, Махатаева Гулнар Отырар ауданы С. Сейфуллин ат. Жом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

Блум таксономиясына сай құрылған тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп нақты көрсетілген. Бүгін тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында басты проблеманың бірі ретінде : «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ тұрды. Неге? Проблема өзектілігі неде? Шынымен ғасырлар бойы,баяғыдан бұл сұрақ қоғамның алдында тұрмады ма?
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуы да мүмкін. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. [1]Сын тұрғысынан ойлауды,әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. [2]
Мұғалім ретінде сабақ үдерісінде балалардың алған білімдерін тиімді қолдануларында, өз ойын ашық айтуда, алған білімдерін жинақтап, бағалау біліктеріне көңілім толмайды. Себебі, олар дәлелдер келтіргенде өзінің жеке басының тәжірибесіне сүйенбейді. Көбіне түсініктері оқулық көлемінде ғана болады. Бұл тек менің сыныбымдағы ғана проблема емес деп ойлаймын. Жалпы, казіргі кезде балалар алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алмайды. Сондықтан барлық мектеп үшін де осы тақырып қазіргі таңда маңызды болып отыр
Зертеулер көрсеткендей оқушылардың көпшілігі дәріс кезінде барлық ақпараттың 10% - дан аз бөлігін есінде сақтайды, аудио - визуалды қабылдау кезінде 20% - ын сақтайды, ал көрсетілім кезінде 30% - ға дейін,талқылауда 50% - ын сақтайды, тәжірибеде жасауда 75% - ын сақтаса, ал өзгелерді оқытуда 90% ақпаратты есінде сақтап қалады екен.[3]Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.[4] Осыларды ескере келе, «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа жауап іздеуге кірістім.
Оқушыларды топқа бөліп оқытуды және қысқа мерзімді жоспарымды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздей дайындауды қолға алдым. Нәтиже көрсете бастаған осындай жұмыстарым ретінде «Туған өлкем - тұғырым» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Елтаңба мен Ту туралы жыр» тақырыбында өткен сабағымды ұсынып отырмын.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты: Мәтінді түсініп оқиды,оның мазмұнын ұғынады, Қазақстан рәміздері туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды; Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; Ел рәміздерін, тарихын білуге, қастерлеуге үйренеді; Елге,жерге деген патриоттық сезімі оянады.
Ойлау деңгейлері - Білу І Мақсаты: Бұған дейінгі оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайлы білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? ҚР рәміздері туралы мен не білемін? Бағалау: Смаилик арқылы бағалау
Түсіну І: Мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу.Мәтінді оқу, талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды,әр топтан елшілер постерді қорғайды. Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі.
ҚолдануІ: Мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрастыру. Бағалау: Жұлдызша беру арқылы жүреді.
ТалдауІ: Мақсаты: Бұған дейінгі білімін зерделеу. Тапсырма: “Ауызша волейбол” ойыны Шарты: Жүргізуші мақалды бастап допты екінші балаға лақтырады. Допты алған оқушы мақалды аяқтайды. Өзі мақалды бастап, келесі оқушыға лақтырады. Әр аяқталған мақалға 1 ұпай, егер аяқтай алмаса1 ұпай алынып тасталады.
ЖинақтауІ: Оқушыларды өз ойын жинақтап айтуға итермелеу. Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға 5ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында
БағалауІ: Мақсаты: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін бағалай алуын бақылау.
Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Гүлнұр Оразымбетованың «Туған өлкем» әнін тыңдау.Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің, сағынышыңды қалай білдіресің? «Туған елге сағыныш» эссе жазу.
Бұл тапсырмаларда оқушылар өз ойын ашық бейнелей алуы арқылы жұмыстың нәтижеге жеткенін көрсетті. Сабақты рефлексияда оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы ойларын ашық айтты.
Бағалауда оқушылардың сабақ бойында алған формативті бағаларын есептеп, қорытынды баға шығардық. Бүгінгі сабақты оқушылар өте үлкен қуанышпен аяқтады.Өздері бір-бірімен даурығып, бүгінгі сабағымыз күшті болды – деп ой бөлісіп жатты. Ертеңгі сабағымыз да осындай бола ма? деп сұрады.Бірақ біздің бүгінгі сабаққа көңліміз толмады.Себебі, оқушылар топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланбаған.Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың ойлау деңгейлеріне қиындық туғызды.Себебі, мен дәстүрлі сабақтарымызда жабық сұрақтарды көп қойғанға үйренген,оқушылар автоматты түрде еш қиналмастан оқулықтан қарап жауап беретін. Оқушылар логикалық ойлауға, әлі де қиялға берілуге жаттықпаған. Сондықтан келесі сабақты жоспарлағанда оқушыларымның ойлау деңгейлерін есепке алып жоспарлай бастадық. Нәтижеде, зерттеуге арналған «Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа байланысты келесі тұжырымдамаларды айтуға болады:
- Сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді, сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны тану үшін әр түрлі стратегияларды қолданады;
- Оқушылар әдебиеттік оқу сабағында өлеңді жаттау, әңгімені мазмұндау, яғни механикалық есте сақтау (бірер уақыттан кейін ұмытылып қалатын) арқылы білімдерін көрсетсе, енді талдау, талқылау, салыстыру, жинақтау, бағалау арқылы сөздік қорлары артып, ойларын ашық, еркін, дәлелді түрде айтуға үйренді;
- Оқушылар сабаққа белсенді араласа бастады.
Мәселен: зерттеуге алған С деңгейдегі оқушыларымыздың көрсеткіштері жоғарылай бастады;
- Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берілгенде оқушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсете алды;
- Оқушылардың жалпы пәнге деген белсенділіктері мен қызығушылықтары артты.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» «ДББ, 2012»
2.С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
Қарағанды,2011
3. Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.