Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Болашаққа тұратын нұр себелеп. -

Болашаққа тұратын нұр себелеп.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1179 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы
№30. Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі:
Сейсенбаева Арайлым Нақыпқызы.

Сабақтың тақырыбы: Болашаққа тұратын нұр себелеп.
Бастауыш балғын шағым сен керемет.
Сабақтың мақсаты:1) Білімнің сара жолын бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2) Бастауыш сыныбымен алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұзтаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
3) Білім берер ордасы- мектеп ұзтаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Шуағын төккен 5 жыл» фотомантажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Мұғалім:Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, жол табар қараңғыда, адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар. Ақыры керек болар бір сасқанда- деп, Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыру мен өткізгелі отырған «Болашаққа нұратын нұр себелеп, бастауышым балғын шағым сен керемет», мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, қымбатты ата-аналар, құрметті ұзтаздар және оқушылар!Бүгінгі күн мен үшінде, оқушылыарым үшін де ерекше күн! Оның ерекшелігі сол 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған ұл-қыздарыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бесіктегі баланың күлгенін көрген- бір мұрат, алдына түсіп ананың жүргеніп көрген бір мұрат- дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Талқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметтеп шақырайық,
4 В сыныбын ортамызға.
Сіздердің алдарыңызда тұрған мына оқушылар осыдан 4жыл бұрын 6,7 жасар оң мен солын айырмаған сәби болса, бүгін міне ес біліп етек жиған шәкіріт. Біз бұл күнге жайдан-жай жете салған жоқпыз. Қиындықпен қызыққа толы күндеріміз, әрқашан есімізде болары сөзсіз.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, әліппемен қоштасу, дәстүрлі наурыз тойлары, аналар мерекесіне арналған ән шашулар, жаңа- жыл мерексі, түрлі сайыстар, әдеби кештер, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары біздің есімізде мәңгі сақталары сөзсіз. Осы оқушыларымның бақытты да балдырған шақтарын бір сәт көз алдарыңызда елестетіп өтейін.
Слайд: Қыз қызғалдақ (Арулар сайысы)
Әліппе деген алтын жол апарар сені алысқа (әліппемен қоштасу кеші)
Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары.
Жүгізуші: Жанерке / Ердәулет.
1)Жанерке: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар, қадірлі қонақтар!
2) Ердәулет: Бүгінгі «Болашаққа нұратын нұр себелеп, бастауышым балғын шағым сен керемет», атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!
1) Жанерке: - Ердәулет осы сен бір жылда қанша күн барын білесіңбе?
2) Ердәулет: Есіме түсіре алмай тұрғаным. Қазір 4 В сыныбынан сұрап көрейін.
- Балалар бір жылда неше күн бар?
Оқушылар: 365 күн.
Жанерке: Осы 365 күннің қанша күнін бала мектепте өткізеді?
Оқушылар: 275 күнін.
Жанерке:Ердаулет тағы бір сұрағым бар, егер орташа есептегенде бала күніне 4сағат сабақоқыса, 275 күнде неше сағат сабақ оқығаны?
Ердәулет: Апырай,- сен мені тағы қинадың ғой.
Оқушылар: 1100 сағат сабақ оқығаны.
Жанерке: Егер 1 жылда оқушы орташа есеппен алғанда 1100 сағат оқыса 4 жылда неше сағат оқиды?
Оқушылар: 4400 сағат.
Ердәулет: Иә, осынау 4400 сағат ішінде біздің оқуышыларымыз қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жодарын табуға жол сілтеген ұстаздарымыздың еңбегі зор.. Әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, Ол- ұстаз еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне жеткізу үшін қаншама тер төкті десеңші.
Жанерке: Дұрыс айтасың Ердәулет. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұзтаздан. Білім мен тәрбие алған. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Әділхан:
Өз аузына қаратқан, ұзтаз ойын ұғамыз,
Сүйтіп әрбір сабақтан, сәл есейіп шығамыз.
Көкке жетіп төбеміз, жеңілденіп тарқаймыз
Талаптанып келеміз, қанаттанып қайтамыз.
Ардақ:
Толқып қорқып төрт жыл бұрын,
Мектепке біз келгенбіз.
Қоңырауды алғаш естіп,
Сыныпқа біз енгенбіз
0в сыныптың мұғалімі
Арайлым апайды көргенбіз
Жақсы оқып тәрбиелі
Болуға серт бергенбіз.
Назерке: Балашаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұзтаздарым қымбатты!
Хор: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сыныпа мұғалімдеріне арнап «Ұстазым» әні шырқалады. Қабыл алыңыздар!
Жанерке: Хор: Ұзтазым.
Санду: Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат.
Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұзтаз қымбат.
Жансұлтан: Армысыздар аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңмен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
Тамам: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт басын саған иеді.
Жанерке: Келесі шырқалар әніміз Отанымызға, туған жерімізге арналады. Орындаушы:Құттыбай Әділхан. Әні: Атамекен.
Алина: Би биленіп ән айтылар аспанда,
Бірте-бірте көтерілді баспалдақ.
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе,
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.

Ердаулет: Келесі кезекте мың бұралған биші қыздарымыздың биін тамашалаңыздар. Би: Жанерке, Қарлығаш, Алтын, Ардақ.
Ердаулет: Достарым айтыңыздаршы. Біз бастауыш сыныпта нені үйрендік?
Оқушылар: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.
Ердаулет: Тағы да не үйрендік?
Оқушылар: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
Ердаулет: Бізді болшаққа не бастайды?
Хормен: Ұзтаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген берік сенім!
Ердаулет: Біз кім боламыз?
Адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз азамат баламыз.
Жанерке: Құрметті мұғалімдерімізге арналған өлеңдерімізді қабыл алыңыздар:
Жанерке: Қанша жыл бұл мектепті басқарады
Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы,
Үлесі бар мектепті басқаруға.
Манагүл апай сізге мың алғыс жолданады.
Ердаулет: Өз есімі жүректерде жатталған,
Күлаш апай талай жерде мақталған.
Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің,
Бастауыштың 20 қызын басқарған.
Алтын: Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
Сондықтан да біздің мектеп үлгілі.
Қонысбек ағай, Сәкен ағай, Анартай ағай – дана кісілер басшымыз,
Тәртіппенен мәдениеттің символы.
Жанерке:Өз есімі жүректерде жатталған
Толқын апай талай жерде мақталған.
Бастауыштың 20 қызын басқарып
Әдістеме бірлестіктің жетекшісі сайланған.
Ердаулет:Баулыған әрбір өнерді
Сандуғаш апай өнерлі.
Компьютердің шебері.
Біздің апай өнерлі.
Жанерке:Өзге тілді үйреткен
Қызықтырып біздерді
Орысшалап сөйлеткен
Феруза апай осындай .
Алтын: Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,
Балалықты арқа тастап есейіпте қаламыз.
Болашақтың кілтін ұстап бір-бір маман боламыз,
Бойымызға жиған-терген білім нәрін алып біз -деп, «Әнші бай» көрінісін тамашалаңыздар.
Ердаулет (бай), Мақпал (бәйбіше), Жанерке (алдар), Назерке (автор), Ардақ (ару), Бәйдібек (көрші).
Мақпал: Балғын шақта келіп едім,
Бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның билігін де,
Сеніп сізге беріп едім.
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктеге шығамын мен.
Айнұр: Тез үйрендік әділ менен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің балғын,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Темір: Ақылшы асыл ұзтазым.
Өзіңе мен де ұқсадым.
Жеткенше қайрат күш әлім,
Биікке самғап ұшармын.

Ердаулет: Келесі кезекте би: Чунга-чанга.
Мағжан, Әділхан, Жансұлтан.
Шыңғыс: Армысың сен алтын ұям мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Бәйдібек: Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сендірді,
Алдағы өмір шырағын.
Абылайхан: Риза болшы ұстаз қауым ардақты,
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.
Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,
Бастауышты орта буын жалғапты.
Ердаулет: Барлық білім бастауыштан басталған,
Алғыс саған үлкендермен жастардан.
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым,
Бергеніңді қайта тоқып қайтарам.
Мұғалім:Келесі кезекте Школьный вальс. (бәрі шығады).
Қарлығаш: Болашақтың үлкен жолын сізден сызып бастадым,
Еркеліктің, жалқаулықтың көптүрін біз тастадық.
Жылы сөзбен қарсы алып, бізді баурап алдыңыз,
Үйреткем деп түрлі білім біраз шаршап қалдыңыз.
Арай: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады.
Азамат болып кешегі сәби еркелер.
Мағжан: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке душар болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт өз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана тосады мына бізден.
Ел танымас азамат бір-бір мықты.
Жанерке: Би: Қызыл алма!
Ердәулет, Шыңғыс, Бәйдібек.
Жанерке:Біз осы 5 жыл ішінде мұғәлімдерден тәлім тәрбие алып, білім теңізінде қалқып жүздік. Алға шықпасақ,артта қалған жоқпыз.Біздер сияқты оқушылар болсын деп, 1-сыныптың үздік оқушыларына арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Хор: Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенін.
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектебім.
Жанерке Ердаулет: Хор :Ұстазым.
Оқушылар шарларын ұшырады.
Мұғалім: Құрметті менің оқушыларым!
Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар.Қаумалаған көпшілік, ата-аналар,ұстаздар қауымы- сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар осы сыннан сүрінбей өттіңдер.
Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғарғы сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін. Ал ата-аналарға айтарым:қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.
Алдарыңда ұзақ жолдарың бар
Оқуменен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай
Аман есен болыңдар,-деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.
Келесі сөз кезегін мектеп басшыларымен ата-аналарыма берсем деймін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.