Меню
Назад » » »
Болашаққа тұратын нұр себелеп, бастауышым балғын шағым сен керемет
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы Құтарыс ауылы
№30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Даулетова Толқын Қуандыққызы

Тақырыбы: "Болашаққа тұратын нұр себелеп,
Бастауышым балғын шағым сен керемет"

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын ерекше мән беру.
Бастауыш сыныпта алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы
үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу. Білімді болуға шақыру,
мектепте ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер,
шарлар.
Сабақтың барысы:
Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар. Бүгін міне 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын. Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап жоғары сыныпқа өткелі отыр. Енді ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық.
( музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады)
Алдарыңызда туған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне бастауыш сынып білімін аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр. Ортаңғы буын білімнің, ғылымның есігі ашылар кезең, осы кезеңде балаларымыз бастауышта алған білімдерін жалғастырып алып кететініне сенім білдіремін.
- Бүгін менің көгершіндерім, болашақтарың білімінен ғана нұрлы болатынын естен шығармаңдар, армандарыңа тек біліммен жетесіңдер, көгеріп көктеп, биіктерге самғаңдар деген тілекпен.
"Болашаққа тұратын нұр себелеп,
Бастауыш балғын шағым сен керемет" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Қымбат:
Бастауыш бала үшін өмір мәні
Бастауыш бала үшін өмір сәні.
Төрт жыл оқып балаларың тәмамдап
Бүгін жайлы отырып, ән тыңдайық
Саламатпа екенсің жайсаң елім,
Көк майсалы Құтарыс тұрғындары
Бекзат
Ар намысым әрқашан сақтаған ел
Тыныштықты әрдайым жақтаған ел
Ассалаумағалейкум барлығыңа,
Бүлдіршінін мәпелеп баптаған ел.
1-жүргізуші:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
2-жүргізуші:
Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Бекзат:
Қымбат бүгін біз 4 жыл оқып, әріпті танып, жазу-сызуды үйреткен бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Осы сен бастауыш сөзінің не мағына беретінін түсіндіре аласың ба?
Қымбат:
- Қалай сонда?
Бекзат:
- Мінекей қара Қымбат. Мен саған талдап беремін. Қанекей, балалар Қымбатқа түсіндіріп берейік.

Б - Балалық шақта
А - алдағы
С - сан
Т - түрлі
А - армандарға
У - уайымсыз адымдайтын
Ы - ынталы
Ш - шақ.

- Түсіндің бе, Қымбат?
Қымбат:
- Бекзат, сен мені таң қалдырдың. Сен бастауыш сөзін қалай талдауды білесің. Ал, сен мұғалім сөзін талдай аласың ба?
Бекзат:
- Жоқ білмейді екенмін.
Қымбат:
- Ал, қанеки балалар, маған көмектесіп жіберіңдер.

М - мұнтаздай
Ұ - ұқыпты
Ғ - ғұлама
А - адал
Л - лағылдай
І - інжу
М - маржандай
кісілер екенін біле жүріңіздер.
Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.
Балнұр:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Гаваз:
Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сезім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Асылбек:
Армысың сен алтын ұя мектебім.
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Омар:
Ұлылықты аруақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мақпал:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Нұргүл:
Мектеп-үйім, ұстаз -менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Нұрай:
Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тезжетеміз
Төрт жыл алған білім нәрін
Азық етіп ер жетеміз.
Көрініс: "Ақылды қария"
Нұргүл:
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз, ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арналған ән жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің Ақнұр?
Ақнұр:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. "Мұғалім мектептің жүрегі" деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Нұргүл:
Дұрыс айтасың Ақнұр, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Ақнұр:
Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз "Болашақтың басшысы да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді" деген екен. Олай болса, келесі жырларымыз ұстаздарымызға арналады.
Ақнұр:
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылым бізге жиып, мол береді
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Асылжан:
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Диана:
Жарық күннен жылы жүзің елестер
Құлағымда өзің берген кеңестер
Жанарымда алыс тартқан қара жол
Көз жұмсап та, көретұғын белестер.
Бекзат:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай
Ұстазымсың жүзіңдегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Асылжан:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабын
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Ерсұлтан:
Мұғалім Ұстазысың балалардың.
Болашақ ғылымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орныңа,
Бәрі де жеткізе алмас бағалар.
Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Нұрай:
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дарашың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Гүлайым:
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан
Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқталған
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз.
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрініңіз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.
Хор: "Ұстазым"
Гүлайым:
4 жыл бұрын, 6 жастағы сәбибалалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Гаваз:
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Гүлайым:
Ия міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа.
Гаваз:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз
Әр бетін әліппесін күле ашқанбыз
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Диана:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
Мөлдір:
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
"А" әрпін алғаш сенен бастадым,
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Назерке:
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.
Нұрсұлтан:
Бастауышта шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым.
Азық болар, мәңгі талай жырларға.
Айсана:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Айым:
Бастауышым - бал бұлағым,
Лаулап жанған шамшырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Ақнұр:
Мейірімділік, жақсы көруді, қадірлей білуді, кішіпейіл болуды т. б адам баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздан үйрендік.
Қымбат:
Ел билеген ханнан, қарапайым қарияға дейін бас иетін, құрметке ие ұстаздар қауымына қандай мақтау болса да жаралатыны сөзсіз.
Ақнұр: "Қымбат тоқтаңдар!"
Нұргүл:
Бүгін біз бәріміз қуанып білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз ұстаздар дедіңдер. Дұрыс айтасыңдар. Бірақ соның ішінде өзіміздің сынып жетекшіміз, алғашқы ұстазымыздың атын неге айтпасқа. Толқын апайымызға арнаған жүректен шыққан арнауымызды айтайық.
(Ортаға Толқын апайымызды шақырамыз)
Қымбат:
Шуағын шашқан ақ апай,
Рахымың сенің рахат-ай!
Аяулы, асыл анасың,
Парқың аппақ парақтай.
Ажыраймыз сізден амалсыз,
Тауысып әттең тағаттай.
(гүл шоғы беріледі)
Бекзат:
Бас иіп шексіз уалғысымызды мектебіміздің директоры Байгараева Манагул апайға, оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құттыбаев Қонысбек ағайға, бастауыш сыныптар оқу-ісінің меңгерушісі Бекетова Күләш апайға алғысымызды білдіреміз.
Қымбат:
Бас иіп шексіз алғысымызды орыс тілі пәнінің мұғалімі Кароева Феруза апайға, дене шынықтыру пәні мұғалімі Битаев Мұрат ағайға, бейнелеу пәнінің мұғалімі Тұрлыбеков Анартай ағайға, еңбек пәнінің мұғалімі Шыңғысбекова Камина апайға, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тұрлыбеков Болат ағайға алғысымызды білдіреміз.
Нұргүл:
Бас иіп шексіз алғысымызды ақ жаулықты анларға және әкелерге білдіреміз. Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
Құрметті ата-аналар біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнімізді сіздерге арнаймыз.
Ән: "Аналардың жүрегі"
Даярлық тобына сенім кілтін тапсыру
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Сенім кілтін тарсырып тұр
Әке менен ағалар
Сенімдерді ақтап шығар
Бүлдіршін жол балалар
Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын
Ұстаз сөзін ұғатын
Сенімдерден шығатын
Үлгіліміз, талаптымыз
Жақсы оқимыз сабақты біз.
Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Келесі кезек пәндерге арналады.

Алимбек:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен
Ана тілін оқыдық
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілімен қоштасамыз
Әдебиетпен достасамыз.
Жанерке:
Ойланып есеп шығартып
Төрт таңбаны білдірген
Ғылымдардың патшасы
Математика данасы.
Сабри:
Қазақ тілі пәнінен
Білім алды балалар.
Сөйлемді сөз таптарын
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар,
Ережесін жаттадым.
(Қазақ тілінен тапсырма)
Қымбат:
Бірге өсіп ел жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап біз жүретінбіз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз
Кемесі кезекті арнауға береміз.
Би: "Әке толғауы" қазақша
Ән: "Бұлқынды жүрек" орындайтын Әліпбек Бекзат
Би: Өзбек биі
Ән: "Қазақтың ерке қызымын" орындайтын Бегімбетқызы Қымбат
Би: "Келіншек"
Ән: "Мектебім" орындайтын Досберген Ақнұр
Ән: "Көңілді күн" орындайтын Тұрдалы Нұргүл
Би: Вальс
Ән: "Мектебім" орындайтын Пердеш Омар
Ән: "Оңтүстігім" орындайтын Досберген Ақнұр

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүреді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін де - дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз.
Ұстаз:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне
Сенімдердің айналыңдар серперіне
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін
Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе - дей отырып, бір саты жоғары сыныптың баспалдағын сүрінбей биікке шығуларыңа мен шын жүректен тілектеспін.
Қымбат:
Қанаттарың қатайды,
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы - сара жол,
Ізденіңдер талмаңдар!
- дей отырып қоштасу әнін тыңдаңыздар.
Хор: "Бастауышпен қоштасу"
Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, бүгінгі кештің қонақтарыбүгінгі ертеңгілігімізді қорытындылау үшін мектебіміздің директоры М. Байгараева апайға, оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құттыбаев Қонысбек ағайға, оқу ісінің меңгерушісі Бекетова Кулаш апайымызға және біздің аяулы ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Асылбек:
Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, ол бір ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте жетті.
Нұрай:
Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та жүрегі нұрлы Сарыарқаның самалына татитын балғын бала даярлық сыныптары да бар екенін білеміз.
Асылбек:
Ендеше біз даярлық сыныптарына деген "сенім" кілтін тапсырамыз.
Біз енді бастауышпен қоштасамыз
Жолына гүлмен қоса жыр ашамыз
Білімнің бұлағына сусындауға
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Нұрай:
Балғын бала бастауым
Сәтті қадам бастадың
Біліп көрдің оқуды
Санау менен жазуды
Қанатарың қатайды
Биікке енді самғаңдар
Білім жолы - сара жол
Ізденіңдер талмаңдар.
"Білім негізі бастауышта" - дей отырып даярлық сыныбына бастауыштың алтын кілтін тапсырамыз.
Мектебімізде өткен Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын иегерлері Тұрдалы Нұргүл мен Әліпбек Бекзатты ортаға шақырамыз.

1. Адам тамақ істерде, ең бірінші не салады? (көз)
2. Тауық 1 аяқпен тұрғанда 3 кг, ал 2 аяқ пен неше кг болады?
3. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут кетеді?
4. Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді
Жел соқса да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның үзіліп
Түсті тағы біреуі
Тұр әлі де үзіліп
Жапырақтың нешеуі? (4)
5. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын екі алма
Біреуін бер Мұратқа
Сонда қалмақ неше алма? (0)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.
№30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі


Тәрбие сағаты

Орындаған: 4"Б" сынып жетекшісі Даулетова Т.

2013-2014 оқу жылы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Болашаққа тұратын нұр себелеп, бастауышым балғын шағым сен керемет можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 354 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar