Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Болашақ бағдарламасы -

Болашақ бағдарламасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 6 | Просмотров: 99 | Размер: 28.5 Kb | Автор:

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Болашақ бағдарламасы

Панель 1
Панель 2
Мұғалімнің
аты-жөні Аубакирова Гульнара Дусаевна Күні: 13.03.2019 10 «Б» орыс
сынып
Сабақтың
тақырыбы Қазақстанның болашағы – жастардың қолында.
«Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Сілтеме Слайдтар, мәтіндер, интерактивт ітақта, видео, қиынды қағаздар
Сабақтың
мақсаты Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау,мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап,өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу,бойларына «Елім» деген патриоттық сезім ұялату
Міндеттері:Мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді; сабақта алған білімдерін қолдана алады; ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады; тілдері дамиды;
Күтілетін нәтиже:Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы туралы біледі,грамматиканы қайталайды, жаңа сөздерді жаттап,сөздік қорларын байытады.
Сабақтың түрі:ашық сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Сегіз белсенді оқу тәсілдерінің бірі–жұптық жұмыс. СТО, АҚТ, топтық, жеке , жұптық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, бағалау, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру.
Пәнаралық байланыс:Тарих
\Ұйымдастыру кезеңі Оқушының іс-әрекеті

1.Амандасу (1-2мин)
2.Кезекшімен сұхбат

3.Психологиялық дайындық.( 1 мин)
М: Сәлеметсіңдер ме, балалар! барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық! Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік! «Менің есімім» ойынын ойнап жіберейік.Бұл ойындағы негізгі мақсат оқушы өзін таныстырады, есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып,тілектерін,оқушылар бір- біріне жылы лебіздер айтады.
Топқа бөлу.Оқушылар, қазір екі түсті стикерлер арқылы топқа бөлінеміз. Үстелдеріңде «Білімділер» , «Ақылдылар » деген екі қағазда жазылған сөздер жатыр. Сол сөздер бойынша екі топ қалыптасады. Ал кәнеки ,топтың атауын атап , мағынасын айтып шығыңдар.
Бағалау парағын тарату.
Балалар, сабақтың әрбір кезеңінде топ басшысы топ мүшелерін жалпы бағалап отырады. Сендер сабаққа белсенді қатысуға тырысыңдар
Қайталау кезеңі
4.Үй жұмысын тексеру. Тест. 4мин. Астанадағы ірі оқу орындары.
. 1. Еліміз қандай типтегі білім білім беру жүйесіне бағдар ұстануда?
А Азиялық
B Ресейлік
C Еуропалық
2. Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін қандай мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда?
А Шабыт
B Талап
C Дарын
3. "научная лаборатория " сөзінің аудармасы
А құрылыс
B ғылыми зертхана
C зертхана
4. Сөз құрамын тіл білімінің қандай саласы зерттейді?
А Лексика
B фонетика
C морфология
5. Сөз таптарының саны неше?
А 3
B 9
C 7
6. Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет қай жылы ашылды?
А 1996 ж
В 2000 ж
С 2001 ж
жауап кілті: 1-С; 2-С; 3-С; 4-С; 5-В;6-А
5.Бейнеролик қарау, сабақтың тақырыбын ашу мақсатын айту (2 мин)
Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
Бүгінгі сабағымызды келесі эпиграфпен бастағым келіп тұр:
"Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп" Қалай ойлайсыңдар бұл мақалдың мағынасы қандай? Еліміздің болашағы білімді ұрпақта. Және де сабағымыздың тақырыбы "Болашақ мемлекеттік бағдарламасы"
6.Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңдар.
7.Сөздікпен жұмыс:( 2 мин).Халықаралық стипендия - международная стипендия, мүмкіндік береді - дает возможность, үміткерлер - кандидаты, жұмысқа орналастыруды қарастырады - предусматривает устройство на работу, мемлекеттік қызметте- на государственной службе.
8.Сергіту сәті: (1 мин).Егер де сіз мектепке көтеріңкі көңіл күймен келсеңіз оң қолыңызды көтеріп, сілкіңіз. Егерде сіз адамдарды ұлтына қарамай құрметтеу керек деп санасаңыз, басыңызды иіңіз. Егер де сіз мемлекет қамын ойласаңыз шапалақтаңыз. Егер де сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз қол ұстасыңыз.

9.Кітаппен жұмыс.(6 мин).
Ал , балалар, мәтіннің мазмұнын түсіндік , енді тапсырмаларды орындап шығайық.
Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс. Мәтінді оқиды, мәтіннен 4 ақпаратты анықтап жазады, дара (1топ), (2топ) күрделі етістіктерді теріп жазады.
Тапсырма «Жалған және шындық » әдісін қолдану.Мәтін мазмұнынан дұрыс жауабын «шын» немесе «жалған» сөздерін таңдай отырып, дәлелдеңіз.3 мин
№ СӨЙЛЕМДЕР ШЫН ЖАЛҒАН
1 1993 жылы Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды.
2 « Болашақ» стипендиясын тағайындаудың ережесі жоқ.
3 Ережедегі басты талап – « Болашақ» түлегі Қазақстанға келіп, кем дегенде 5 жыл жұмыс істеу керек.
4 Бағдарлама біздің жастарға шетелде білім алуға мүмкіндік бермейді.
5 Бұл «Болашақ» түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, жауапты орындарда жұмыс істеп. еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
6 Сонымен бірге стипендиаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына оқу курсы аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыруды қарастырмайды.
7 Олар еліміздің дамуы үшін жаңа технология жүйесін әкелмейді.
8 Бұл бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты - дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу.

3-тапсырма. (8 мин).Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар. (1 топ)-екі сөйлемге синтаксис талдау жасайды, (2топ)- сөз құрамына талдау жасайды: « Болашақ» стипендиясын тағайындаудың ережесі бар. Сонымен бірге стипендиаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына оқу курсы аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыруды қарастырады. Ережедегі басты талап – « Болашақ» түлегі Қазақстанға келіп, кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі керек. Ереже бойынша құжаттар қабылданып, үміткерлер іріктеледі.
4- тапсырма. (8 мин)« Болашақ» тақырыбына кластер жасау.
10.Рефлексия. «Бес жол» өлеңі.
1. Болашақ.
2 . мемлекеттік, халықаралық.
3.
4.
5.
11Бағалау
«Бұлттар» әдісі бәрі түсінікті көңілді бұлт, түсініксіз көңілсіз бұлт.
Үйге тапсырма:128 бет, 4-тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.