Меню
Назад » » »
«БОЛАШАҚ» бастауыш партиясы
загрузка...

загрузка...
Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы
Қапшағай қалалық филиалы
«БОЛАШАҚ» бастауыш партиясы
Республикалық және аймақтық «НұрОтан» партиясының жаңа 50 тұлғасы қатарына кіретін партия мүшелерінің мақсаты - әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жақсарту. Осы мақсатты жүзеге асыруда Алматы облысы «Нұр Отан» партиясының Қапшағай қалалық филиалының «БОЛАШАҚ» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ-нің директоры С.Қ.Нұрсолтанова сайланды. Қала тұрғындарының бүгіні мен болашағы үшін саяси қадам жасау – нәзік жанды әйел заты үшін ауыр жүк. Соған қарамастан «Болашақ» партия ұйымы мүшелігіне сайлануда жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім сапасын мен жергілікті ел экономикасын арттыруда, қарапайым қала тұрғындарының мүддесін қорғау мақсатында әзірлеген даму жоспары аймақтық «НұрОтан» партиясы төрағаларының қолдауына ие болды. Кәсіби біліктілігі мен ел игілігі үшін өз мақсаттарын жүзеге асыруда талай биіктен көрінетіндігіне сенеміз.

Партияның «Жаңа 50 тұлғасы»
Партияның «Жаңа 50 тұлғасы» жобасындағы игі бастамаларды іске асыру мақсатында партияның белсенді мүшелері мен талантты азаматтарының потенциалын арттыруда, оған қоса білім саласында жоғары нәтижеге жеткен ұстаздарға қолдау көрсетіп келеді. «Болашақ» партиясыныңі қолдауына ие болған азаматтар мен ұлағатты ұстаздарымыздың жеткен жетістіктері айтарлықтай. Республикалық «Үздік психолог-2014» байқауының І орын иегері Ш.Ишамбаева, республикалық «Үздік педагог-2011» байқауының жеңімпазы С.Мусабекова, республикалық «Үздік кітапханашы-2015» байқауының ІІ орын иегері А.Ахметова, облыстық «Сынып жетекші-2012» байқауының ІІ орын иегері Е.Смайлова сынды кәсіби байқаулар жеңімпазы мен шәкірттерге сапалы білім беруде әр оқу жылында ҰБТ көрсеткіштері жоғары болған ұстаздарымыз марапаттауға ие болды.

«Жастар Отанға» жобасы
Белсенді азаматтық ұстанымы бар, жоғары білікті, талантты жастарсыз мемлекетіміздің алға қойған мақсаттарын іске асыру мүмкін емес. Сондықтан кәсіптік тұрғыда өзін-өзі дамытуға және өз саласында сапалы нәтижелерге қол жеткізген ақпараттар ағынын талдауға, өздерінің салаларында, секторларында негізделген шешім қабылдауға қабілетті басқарушыларын қалыптастыру өте маңызды болып отыр. Осы орайда Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы «БОЛАШАҚ» бастауыш партия ұйымы «Жас Отанға» бағыты бойынша қарқынды жұмыстар атқаруда. Жоба мақсатының нәтижесі ретінде аймақ мектептерінде облыстық және кәсіби байқаулардан жүлделі орын облыстық «Жыл мұғалімі-2014» байқауының І орын, республикалық «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы Г.Құлжанова, облыстық «Жыл мұғалімі-2012» байқауының І орын иегері Н.Нұрбаев, «Жыл мұғалімі-2015» байқауының дипломанты Г.Тажикова, облыстық «Сынып жетекші-2014» байқауының дипломанты А.Рахатова, «Үздік қазақ тілі мұғалімі-2014» байқауының жеңімпазы Г.Шетенова сынды ұстаздарымызды атауға болады.

«Сәтті қадам» жобасы
Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы «БОЛАШАҚ» бастауыш партия ұйымы Елбасының үдемелі индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі бастамасын іске асыруға мақсатында жастарды жұмыспен қамту мәселесін басты назарға алып отыр. Атап айтар болса, биылғы оқу жылында еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты саралай отырып, Жастар қанатының кадрлық резервін толықтыру мақсатында 12 жас маман жергілікті білім мекемелеріне жұмысқа орналастырылды.

Орындаған: Г.Тажикова,
Г.Шетенова Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «БОЛАШАҚ» бастауыш партиясы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 316 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar