Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Болашақ  ұрпақтың  тәрбиесі – ұлттың қолында -

Болашақ ұрпақтың тәрбиесі – ұлттың қолында

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1047 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы,
Ө. Жәнібеков атындағы
№ 19 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ЗиябековаКулан Ордабековна
Болашақ ұрпақтың тәрбиесі – ұлттың қолында
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген сөзінен бастамақпын . Ал ХХI ғасырдың нағыз ұcтазы қандай болмақ ? Өскелең ұрпақтың болашағына жауапты мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз - мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген екен.
Жақсы мұғалім жай ғана өз пәнін жақсы білетін және өз білімін жас ұрпақты жетелейтін тұлға.
Әрбір ұстаздын басты міндеті жаңа технологияның ең озық әдіс - тәсілдерін дер кезінде игеру , іздену арқылы бала бойына дамыту, одан жақсы нәтиже шығара білу деп ойлаймын.
Бағдарламаның жеті модульдің әдіс -тәсілдерін қолдану арқылы өткен сабағымыз өмірге деген көзқарасымызды жаңа қырынан көрсететінін түсіне бастадым.Осы әдіс -тәсілдерді оқушылар бойына сіңіре отырып жақсы бәсекеге қабілетті азамат, азаматшалар тәрбиелейміз. Өнегелі шәкірттер тәрбиелеп шығаруымыз керек екенін ұқтым.Елбасымыз айтқандай «Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашақ» Бүгінгі күні болашақ ұрпақтың білімді болуы ертеңгі күннің нұрлы болуының кепілі демекпін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.