Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Боз бие.Қастек Баянбаев -

Боз бие.Қастек Баянбаев

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1462 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Мұнайшы селосы
№5 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Усжанова Айгүл

Сабақтың тақырыбы: Боз бие.Қастек Баянбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың жылқы малы туралы түсініктерін кеңейтіп,оның пайдасы туралы білімдерін қалыптастыру. Ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, жылқыға байланысты мақал - мәтелдер, әңгімелер, тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Жылқының жас ерекшелігіне,түсіне, ер-тұрмандарына байланысты сөздермен таныстыра отырып,ұлттық тәрбие беру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: талдау, жинақтау, топтастыру стратегиялары.
Пәнаралық байланыс:музыка,бейнелеу өнері,математика
Көрнекілігі: Қ.Баянбаевтың портреті, бие мен құлын суреттері,қазақтың ұлттық ыдыстары мен ер-тұрмандары,цифрлар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 1) алфавитті жатқа айтқызу
2) «Сандар сөйлейді» стратегиясы
Мұғалім 42 санын көсетеді,оқушылар қазақ алфавитінде 42 әріп бар екенін айтады.
Мұғалім 40 және 2 сандарын көрсетеді,оқушылар оның 40-ы дыбыс,2-еуі таңба екенін айтады.
Мұғалім 2 санын көрсетеді,оқушылар дыбыстар 2-ге бөлінетінін айтады.
3 санын көрсеткенде дауыссыз дыбыстардың 3-ке бөлінетінін айтады.
(дауыссыз дыбыстардың түрлерін оқушылар жатқа айтады)
3) Тест-тапсырма (Мұғалім сұрақтарды оқиды, оқушылар тірек сигналдары арқылы жауап береді)
4) «Жылқы» мәтінін әңгімелеу
5) Сәйкестендіру тесті (көпір ретінде қолданылды)
Төрт түлікті төлдерімен сәйкестендіру арқылы құлынның енесінің «бие» деп аталатыны туралы ақпарат беріледі.
III. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Бүгін сабақта Қ. Баянбаев атамыздың «Боз бие»өлеңін оқимыз.
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 - 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
1) Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бие-құлындаған жылқы. Биенің сүтінен қымыз жасайды. Қымызды сабаға құйып ашытады. Ол адамның денсаулығына пайдалы.
2) Мұғалім өлеңді оқып береді.
3) Оқушылар өлеңді шынжырлап оқиды.
4) Сөздік жұмыс (Суреттер арқылы түсіндіріледі.)
Боз, саумал, саба, бие.
5) Синтез. Өлеңнің жеке өзіңе әсері қандай? Не түйдің?
6) Анализ. Боз бие қандай?
7) Қолданыс. Өлеңді оқи отырып , қандай жаңа сөздерді сөздік қорларына енгіздіңдер?
Сергіту сәті «Қара жорға» биі.
Грамматика материалдарымен жұмыс.
26-жаттығу. Сөздерді оқып, алфавит ретімен жазыңдар.
Ақбоз, жирен, күрең, қарагер, құла, торы.
Сабақтың ғылымилығы: Алдын-ала берілген тапсырма бойынша қандай түсті қарындаштар арқылы жылқылардың түстерін шығарып алуға болатынын 1-сынып оқушысы Абатов Еркебұлан көрсетеді,оқушылар бірге бояйды.
27-жаттығу.Сөздерді алфавит ретімен оқыңдар.
Бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жарыс.
(Ұлттық ойындар туралы түсінік беріледі.)
«Құлыншақ» өлеңін оқу.
Жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді мағынасын ашып, кезектесіп оқу.
IV.Бекіту: Өлеңнің авторы кім?
Биеден алынатын өнім не?
Биенің жаңа сауған сүті қалай аталады?
Ашытылатын күбіге пісілген сүт қалай аталады?
Қымыздың қандай пайдасы бар?
Қымызды қандай ыдыста сақтайды?
V.Қорытынды: VI.Үйге тапсырма: 1)25-жаттығу 2) өлеңді мәнерлеп оқып келу,
3)жылқы туралы мәліметтер жинақтау..
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.