Меню
Назад » » »
Буындар
загрузка...

загрузка...
Әріптер әлемі 1 сынып ( мектеп компоненті)
Тақырыбы: Буындар
Мақсаты:
1.Оқушылар алған дыбыс туралы мағлұматтарын, буын құрау, буыннан сөз құрау, сөйлем туралы білімдерін қайталау.
2.Оқушылардың жылдам әрекет ету, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық ойлауын,тілдік қорларын дамыту.
3.Ұйымшыл болуға тәрбие .

Көрнекілігі: суреттер,кесте,буындар жазылған қима қағаз, әріптер,презентация
Бағалау: жұлдызшалар арқылы
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: ойын
Сабақтың мазмұны:
1.Ұйымдастыру сәті.2.Сабақтың тақырыбы,мақсаты.Тақырып бойынша жұмыс.
Оқушыларды фигура таңдау арқылы үш топқа бөлу.
-Балалар, қазір біз үш топқа бөлінейік.
І топ: «Дыбыстар» тобы
ІІ топ: «Буындар» тобы
ІІІ топ: «Сөздер» тобы.
-Балалар, ерте, ерте ертеде бір ханның қызы көп оқып, көп білім алыпты. Ол бір күні өз білімін басқаларға үйретуге бел буыпты. Сөйтіп, кітаптарын есекке тиеп, ел аралап, оқу оқытып келе жатса, айдаладағы биік таулардың баурайында бір жылтыраған нәрсеге көзі түсіпті. Ол ғарыштағы басқа планетадан келген келімсек екен. Келімсек оған басқа бір тілде сөйлейді. Қыз ұқпапты. Сөйтіп, ол оған қазақ тілінің дыбыстарын үйретуге кірісіпті. Сөйтіп, келімсектің алдында «Сиқырлы дыбыстар» әлемі ашылыпты. Қызға біз де шамамыз келгенше көмектесейік.
Слайд І-бөлім: «Әріптер сөйлейді»
-Мына шаршыларды таңдайық. ( Б, н, д, о, м, с, л, п, қ дыбыстары) олар қандай дыбыс екенін айта алсаңдар сендерге 5 жұлдыз беріледі.
Слайд ІІ бөлім: «Кім жылдам?» деп аталады.
-Бұл бөлімде жаңағы дыбыстардан құралған буындар шашылып жатыр. Соларды әр топ құрайды.
-ма, та, па, на, қа, ла, са , ба , ақ, па, қа, уа буындарынан сөздер құрау.
Сергіту сәті ( муз.пауза)
Слайд ІІІ-бөлім: «Кім шешен?»
-Берілген сурет бойынша сөйлем құрау

IV – бөлім: «Қалып қойған дыбысты қой»
Қа…ын М..лшы Дуа…ақ о..мақ
Жұмбақ шешу:
-Қабат — қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап)
-Тақтада жазып, жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған. (бор)
-Алты түрлі түсі бар,Сурет салар ісі бар. (қарындаш)
Слайд Ойын «Адасқан әріптер»
Аоғтйр ( торғай), рүткіб ( бүркіт), қуақ ( аққу)
Қорытынды бөлім:
-Мінекей, балалар, біз ханның қызымен және келімсекпен бірге алған білімімізді есімізге түсірдік.
Жеңімпаз топты атап өту.Жұлдыздар үлестіру

Бастауыш сынып мұғалімі Осанова Мая Тугеловна
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
«Асубұлақ орта мектебі» КММ Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Буындар можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 261 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar