Меню
Назад » » »
Цирк
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы, Атырау қаласы
№26 “Жұлдыз” балабақшасының
тәрбиешісі
Калиева Динара Мажитқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Топ атауы: «Бауырсақ»
Білім беру саласы:«Таным» «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: Цирк
Мақсаты:Балаларға аренаның суреті маймылдардың суреті, сайқымазақ түсіндіру арқылы кеңістікті бағдарлауды жалғастыру, ой өрісін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу:мнеокесте арқылы көрсету,танымдылық қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілі.Түсіндіру ,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап. Мнемокесте.
Қолданатын құралдар:аренаның суреті,сайқымазақ,сиқырлы қорапша ит,ойыншықтар,геометриялық пішіндер.
Билингвальды компонент:сайқымазақ-клоун,
Cөздік жұмыс:Арена-цирк алаңы.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:
Біздің топтың ұл,қыздары,
Тату тәтті ойнайды.
Әлемдегі бар адамға.
Тек жақсылық ойлайды-деп балалар келген қонақтармен амандасады.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Өлең тақпақтар арқылы тәулікті таңертең,түс,кеш,түн,
Ертемен біз тұрамыз.
Ата-анамызбен беті қолды жуамыз.
Жаттығуды жасап,
Балабақшаға барамыз.
Өткен оқу іс-әрекетімізде теледидар туралы әңгімеледік балалар теледидардың пішіні қандай екен?
Теледидардан біздер нелер тамашалаймыз.
Ғажайып сәт.
Есік соғылады,Сайқымазақ кіреді.
Балалар мен амандасады.
-Балалар циркке барғыларың келеме?
Менің қолымдағы жай шар емес,сиқырлы шар,Сиқырлы қорапшада не бар екен.Біз тапсырманы жақсы орындасақ, Біздер циркке барамыз.
Сиқырлы қорапшаның ішінен геометриялық пішіндер дөңгелек,сопақша,тіктөртбұрыш,
үшбұрыш алып шығып атауларын айту.
Мнемокесте арқылы көрсету.
Цирк бізді шақырады.
Онда аю бар ақылды.
Сайқымазақтар көңілді.
Ал енді балалар көріп тұрғандай бұл цирк,цирк дегеніміз адамдарға балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мәдениетті орын циркте күлегіштер сайқымазақтар әр түрлі жабайы аңдар неше түрлі өнер көрсетеді.Жабайы аңдардарға арналған аренада қоршалған торы болады қауіпсіздік үшін арналған.Циркті біз теледидарданда тамашалай аламыз.
Cөздік жұмыс-Арена цирк алаңы.Клаун-Сайқымазақ.

Балалармен амандасады.

Қыс мезгілі.
Үш ай бар.Желтоқсан,Қантар,Ақпан.

Балалар таңдана қарайды
Төртбұрыш..

Балалар сайқымазақты көріп таң қалып тамашалайды,

Ия,

Балалар пішіндерді ажыраты.

Балалар арена мен танысады.

Сөздік жұмыс қайталады.

Ізденуші,
ұйымдастырушы Ұжымдық жұмыс.
«Қанша болса сонша»дидактикалық ойыны.
Сурет бойынша сұрақтар қояды.
-Аренада қанша ит?

-Қанша ит болса,онша орындық қойыңдар.Орындық астында ит үстінде,
Cергіту жаттығуы.Музыкамен
«Қалмай қайтала»ойыны.
Үш рет көзімді жұмамын.
Үш рет иықты көтеремін.
Үш рет басымды шайқаймын.
Үш рет оңға солға еңкейемін,
Үш рет орнымда секіремін.
1,2,3,-терең тыныс аламын

«Аңдарды тап»дидактикалық ойыны.
Топтың әрбір жеріне ойыншық аңдарды қояды:
Қонжықты тауып,оның қайда тұрғанын айт
-Итті тауып ал.Оны қайдан таптың ?
-Мысық(қоян,кірпі қайда тұр?
Ойыншықты тауып алған соң,жүрген жолының бағытын қайталап айтып беру.
Жеке жұмыс:Заттардың суретті сандармен сәйкестендіру. Дидактикалық ойынды орындады.

Сергіту жаттығуын жасады.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.

Сұрақтар
қояды
Рефлексивті коррекциялаушы Сұрақтар қойып,тақырыпты қортындылайды.
Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. Сұрақтарға жауап береді.
Нені білу керек:Заттардың орналасуын түсіну арқылы кеңістікті бағдарлап «оң,сол,үстінде,астында»сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Нені игереді:орналастыру реттілігін сақтап заттарды бір қатарға ,солдан оңға қарай орналастыруды.
Меңгерді:бөлме арена ішіндегі заттардың орналасуын түсіну арқылы кеңістікті бағдарлау
Толтырған:Калиева Д.
Күні:16.02.2016 Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Цирк можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 384 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar