Меню
Назад » » »
Д. Әбілев. Туған тілім
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы
Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Зейнова Гүлжамал Жәңгірқызы

Сабақтың тақырыбы: Д. Әбілев. Туған тілім
Сабақтың мақсаты. Өлең арқылы оқушыларға тіліміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы жөнінде түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
2. Сөздік қорын молайту, еркін өз пікірін ашық, еркін айта алатын тұлға дамыту.
3. Ұжыммен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан оқыту технологиясының әдістері
Көрнекілігі: Д. Әбілев суреті, сюжетті суреттер, жекелеген сөздер.
1. Психологиялық дайындық
1. «Жұлдызым жоғары» / үй тапсырмасын тексеру, бекіту
2. «Ол ақын еді» /поэзиялық сәт
3. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
4. «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс
5. «Тілек» /Рефлексия
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет!(қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, о, о(бас бармағын көтереді)

Топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
2. «Жұлдызым жоғары»
К. Ахметованың «Астана» өлеңін мәнерлетіп оқыту.
Үй тапсырмасын бекіту: «Ой шақыру» стратегиясы
- Астана туралы кім не біледі?
Астана біздің Отанымыздың жүрегі.

«Өрмекшінің торы» арқылы оқушылар өлеңді айтып шығады
М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін еске түсірейік
- Осы өлеңдегі ақынның қасиетті тіл дегені қай тіл?
- Қазақ тілі.
- Қазақ тілі біздің қандай тіліміз болып есептеледі?
Қазақ тілі – ана тілім,
Қазақ тілі– мемлекеттік тіл
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында бекіткен.Сондықтан әрбір қазақ азаматы қазақ тілін білуі керек.

« Тіл» деген ұғымды кім қалай түсінеді? әдебиет жүрегі

Байлығымыз мәдениетіміз


Ұлттығымыз намысымыз


арымыз
ІІІ.Жаңа сабақ
«Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
Қазақ халқында өз ана тілі туралы жыр толғамаған адам кемде-кем. Ана тіліміз талай жырға арқау болған екен. Қазақ тілі – сонау Әйтеке, Қазыбек, Төле билер сынды шешендердің, Абай, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Қ. Мырзалиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сияқты ақын-жазушылардың, Б. Момышұлыдай атақты батырлардың тілі. Біздің бүгінгі сабағымыз да осы тақырыпта жалғасын табады.

«Ол ақын еді» /поэзиялық сәт
Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев

1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы,
Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Қазақстанның халық жазушысы,ақын
«Отаным», « Туған тілім», « Менің елім» , « Қазақстан»,

5. «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс
«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы)
Бабам – үлкен ата
далам - туған жер

Оқушыларға оқыту.
Іштей оқу
Тізбектей оқу
«Туған тіл» орнына «қазақ тілі» сөзін қойып, өлеңді мәнерлеп оқу.

ІV Сергіту сәті:
Ананың тілі айбыным менің
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Қ-сы
Анамның; тілі - айбыным менің,
Анамның; тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан

VI Ой толғаныс «Жинақтау тәсілі»
1 топ.«Ойлан, тап!» (мақалды құрастыр)
1.жарады,тас,тіл
бас жарады,тас жармаса
2. қызыл,өнер алды, тіл
3.тіл көтереді, піл көтермегенді,
2 топ Тіл туралы өлең шығару
3 топ Эссе жазу

6.« Жас ақындар » кезеңі. ( өлең құрастыру )
Сүйсем өз тілімді,
… … …
… … …
… … …


V.Бекіту
7.«Ыстық орындық»
1топ
1. ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
2. ҚР-да «Тіл туралы Заң » қашан қабылданды? (1997ж 11шілде)
3.Тіл мерекесі қай күні,қай айда тойланады? (22қыркүйек)
2топ
4. Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?(ана тілі)
5. « Туған тілім » өлеңінің авторы? (Диқан Әбілов)
6.ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991ж16желтоқсан)
3топ
7. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
8.»Отан туралы» өлеңінің авторы (Мұқағали Мақатаев)
9. Еліміздің бас қаласы? (Астана)

Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіліміз. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз бен ата дәстүріміз.
VII. Бағалау:Рефлексия «Алма ағашы» Тілек стикер жабыстыру
VIII. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Д. Әбілев. Туған тілім можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 498 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar