Меню
Назад » » »
Дәлдіктің ғылымы – сызу
загрузка...

загрузка...


ШҚО Семей қаласы

 «А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

жоғары санатты сызу және технология пәндерінің мұғалімі

Жанысбаева Алмагул Адильхановна

Дәлдіктің ғылымы – сызу

Сабақтың мақсаты: оқушының ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
Сызу пәні сұрақтарына теориялық тұрғыда мәдени түрде, сауатты түрде жауап беру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, осы кеш арқылы шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізіп дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Пәнаралық байланыс: математика, психология.
1. Ұйымдастыру
Кештің барысы:
- Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді алып қарап отыру жеткіліксіз. Оқушы ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелендіруде, білімдерін нығайтуда осындай кештер, сайыстардың атқарар ролі зор. Сызу пәнінде әдістемелік оқытудың ең бастысы – фронталь жұмыстан басқа жеке тапсырмамен жұмыс істеу және ой кеңістігін кеңейту.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға «Үшбұрыштар» мен «Төртбұрыштар» тобының қатысуымен өткізгелі отырған сызу пәні кешін ұсынбақпыз. Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып қайтуларыңызға тілектеспіз. Онда біз мақсатымызға жеткеніміз.
 

 

Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді
Қалмаңыздар жасқанып,- дей келе, ортадағы әр топқа өздерін таныстыруына уақыт берелік.
2. Топтардың таныстыруы.
«Үшбұрышар»:
Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен тұратын.
Үш қабырға үш төбе
Үшбұрыш болар құрамым.
Жете алмайтын нүктеге,
Менімен жетті олар
Көп сөйлемей ініме
Сөз бергенім жөн болар.
«Төртбұрыштар»
Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас
Бірақ одан ірімін.
Сөйтсе де мына мені,
Тастамай адам далаға,
Гүл егетін ыдыс қып,
Сыйлаған екен балаға.
 

 

«Үшбұрыштар:»
Үшбұрыш үш нүктеде қосылған үш кесіндінің ретімен бірігуінен пайда болған фигураны үшбұрыш дейді. Үшбұрыш қандай болса да, оның бұрыштарының қосындысы әрқашан 180г. 
Мұны оп-оңай тексеруге болады:
1. Сызғыштың көмегімен қағазға үлкен үшбұрыш сыз. Одан кейін оны кесіп ал. Үшбұрыштың бұрыштарын жыртып ал...
2. ... оларды былай орналастыр. Олар әрқашан түзу сызық жасайды. Бұл бұрыштар қосындысының 180 градусқа тең екенін дәлелдейді.

3. Психологиялық дайындық.
Сайысқа түспес бұрын психолониялық дайындық жасайық. Тапсырмаларды саралап беру, оқытудың зерттеушілік элементтерін пайдалану үшін оқушының ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін зерттеп алған тиімді. Жадының түрін зерттеу барысында оқушыға рет-ретімен есте сақтаулары үшін сөздер оқылады. Сөздерді ретімен (25-сөз оқимын), еске сақтап1 минут ішінде сол сөздерді қайталап жазып шығу керек.
Дыбыстық есте сақтау
(Пирамида, Паралелепипет, Фронталь, Профил, Горизанталь, Вертикаль, Фигура, Шар, Шеңбер, Цилиндр, Центр, Призма, кесінді, Проекция, Куб, Ось, Градус, Эллипс, Аксонометрия, Изометрия, Координата, Түзу, Параллель, радиус, бұрыштық).
Бейнелі есте сақтау
Оқушыларға 10 бейнелі кесте көрсетіледі. 20 секунд ішінде берілген бейнелерді, фигураларды есте сақтап, 1 минут ішінде оны қағазға бейнелеу керек.

4. Сызбаның даму тарихынан.
Адам баласы жануарлардың, өсімдіктердің, құрылыстардың және де басқа заттардың суреттерін салуды өте ерте заманда бастаған. Түрлі мәліметтерді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер пайдаланылған. Ескіден сақтал ған Қаратау жотасындағы және Тамғалыдағы жартасқа салынған кескіндер көпшілікке мәлім. Кейінірек Мысыр иероглифтерін пайдаланып маңызды оқиғалары туралы баяндауға мүмкіндік туды. Қытай, жапон иероглифтері күні бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Сонымен, жазу өнері иероглифтері жетілдірудің нәтижесінде пайда болған. 
Ежелгі гректер «техника» (технэ) сөзі деп шеберлікті, адамдардың тапқырлығын, ақыл-ойын атады. Бертін келе бұл сөздің мағынасы тапқырлардың шыққан еңбектің қаруы деген көзқарастағы сөз мағынасында қалыптасты.
Машина жасау, электротехника, радиотехника, прибор құрастыру, химия, мұнай және газ өнеркәсібі мұның бәрі – жоғарыда атап өткен техниканың қазіргі заманға сай болған техниканың жетістіктері.
Сызу техникада ғана керек емес. Біздің ына заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек қана, «неге мұндай?, неге сондай?, неге қисық?, неге түзу?» т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар, өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл – сызу. Демек, техниканың дамудың тілі.
Архитектура (латын тілінде «құрылысшы») сәулет өнері құрылысты жобалау, оған көркемдік бейне беру өнері. Сәулет өнері техниканы ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша сәулеттік шығармаларда бұлжымайтын үш қасиет болуы керек:
1. беріктік
2. қолайлылық
3. әдемілік-сәулетшінің талант талғамынан тұрады.
Бүгінгі күннің сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты электроника, эскалатор мен лифтер, сантехникалық бұйымдар, ауа тартқыш тетіктерсіз бірде-бір құрылыс салынбайды. Алдыңғы қатарлы технологияны өнердің әдемілік шарттарымен ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, сәулеткерлік ой керек.
4. Сызудың басқа пәндермен байланысы.
«Үшбұрыштар»: Сызудың барлық пәндермен байланысы бар. Мәселен еңбек сабағы сызу сабағымен тығыз байланысты. Оқушылар сызба картасын пайдалану арқылы бұйымдардың жасалу жолдары туралы толық мағлұмат алады. Олар арқылы бұйымдар жасайды. Оқушылар еңбекте орындаған нәрсе техникалық сұранысқа сай және сапалы болады. 
Сызу және физика. Мысалы, көрнекілік түрінде физикадан берілген құралдарға эскиз жасау үшін сызуды пайдаланамыз. Сызба арқылы сол тақырып туралы толық мағлұмат ала аламыз.
«Төртбұрыштар»: Сызу мен геометрия пәні тығыз байланысты. Пішіні әр түрлі геометриялық денелерге жақын нәрселердің сызбасын салу параллепипед, цилиндр, конус, призма және т.б нәрселерді сызуға және дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді.
Сызу мен географияны біріктіретін тұс әр түрлі графикалық жұмыстың орындалуы, жердің топографиялық сызбасы, географиялық карталарды жасауда масштабтарды пайдалану екі пәннің бір-біріне деген сабақтастығын көрсетеді.
5. Өнер өрнектері.
Геометрия мен сызудың айтысы:
Үшбұрыштар: (Сызу)
Кеш жарық амансың ба, құрбыларым,
Бәріңмен сәлемдесіп жөн сұрадым.
Сызу пәні кешінің дәл төрінде 
Шабытты айтыскердей сөз құрадым.
Геометрия сыңарым тек сырласым
Айтысуға шықтық сенімен құрдасым.
Сіз үлкен де мен кіші іні болып
Қағытысып келеміз әлі бүгін.
Геометрия сыңарым,
Алгебра қыраным
Бәріміздің атамыз – 
Математика тұрағым.

Геометрия:
Оу халайық, алдарыңа кез боп қалдық
Аманшылық сұрасақ болмас айып.
Сызу пәні құрбым-ау, құтты болсын
Бүгінгі мерекеміз болған анық.
Мен алғаш шықтым дейсің мейлі болсын,
Үлкен болшы құрбым-ау көңілің толсын.
Екеумізбен математика тік тұрмай ма
Қалайша ажыраймыз тең-тең болсын.

Сызу:
Геометрия, сен өзің жалпылама
Шыққан жоқпыз бұл жерге текке бола
Айтыс деген ортақ мүдде қамқоршысы
Циркульді сірә балалар қолдана ма?

Геометрия:
Сызу пәні құрбым-ау, тоқта, тоқта.
Сен немене қайрайсың мені босқа.
Циркуль, сызғыш қолданбас балалар жоқ
Сұрасаң айтып берер тақта, тақта.
Мектебімде жаңа кабинет жабдықталды
Жұмыс істейміз интерактивті тақта жақта
Геометрия атынан тілек айтам
Сызу пәні көрінсін алдыңғы сапта. 

Сызу:
Біз екеуміз математика тармағымыз
Оқушыға тең түсер салмағымыз.
Сызу, сурет бұлардың тармақтары
Өлшеу салу бұлардың қармақтары
Айтысты создық құрбым білгендерге
Ой тастап, сөз сөйледік үйренгенге
Осымен бұл айтысты доғарайық
Ақ тілек тілеп бізге келгендерге.

Геометрия:
Көп рахмет, құрбым менің инабатты
Бойыңа жинап келген бар шабытты.
Қоштассақ қоштасайық ризалықпен
Қошемет көрермендер соқса мықты.

Сөзді дұрыс орналастыр. Сөзді дұрыс орналастырғанда сызуға арналған термин шығады:
«су-нок», «рик-цуль», «трия-зио-ме», «мет-ди-рия».
10. «Блиц-турнир»
1. Формат қай елдің сөзі? (француз)
2. Тетік бөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен, не кіші екенін көрсететін санды не леп атайды? (масштаб)
3. Әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиыны? (қаріп)
4. Сызбада мына өлшемдердің қайсысы қолданылады мм, см, дм? (мм)
5. Қисықтың екі нүктесін қосатын түзу. (қиюшы)

1. а сызығынан в сызығының көмегімен біртіндеп өтуді не деп атайды? (түйіндесу)
2. Егер екі түзудің ортақ нүктесі болмаса олар қандай түзулер деп аталады? (параллель)
3. Х осі абцисса У осі ординатасы Z осі қалай аталады? (аппликата)
4. Грек сөзі қазақша аударғанда «бірдей өлшем»деген мағына береді. (изометрия) 
5. Табаны деп аталатын көпбұрышпен және бүйір жақтары деп аталатын үшбұрыштармен шектелген көпжақты қандай геометриялық дене деп атаймыз? (пирамида)
11. Өзін-өзі бағалау үшін жеке тұлғаға тән 20 қасиетті оқып, соның ішінен өз ойларынша идеал деген 5 сөзді таңдап алады.

 

 

Біліктілік
Кеңпейілділік
Білімділік
Бауырмалдық
Төзімділік
әділдік
шыншылдық
ақылдылық
тіл
табысушылық
тұрақтылық
ұқыптылық
өз бетінділік
қарапайымдылық
сыпайылық
сабырлылық
ашықтық
өзіне сенімділік
сапалық
батылдылық
еңбекқорлық

 

 

Таңдап алынған 5 сөздің ішінен өз бойындағы бар қасиеттерді белгілейді.
Осы сұрақтарға жауап бере отырып әр оқушы өз бойларындағы көп жағдайларда үнемі байқала бермейтін қырларын толығынан аша түскендей болады.

 

Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дәлдіктің ғылымы – сызу можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 306 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar