Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дүниеде жамандық неден?  Ыбырай Алтынсарин. -

Дүниеде жамандық неден? Ыбырай Алтынсарин.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2403 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Дүниеде жамандық неден? Ыбырай Алтынсарин.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық н
еден?» атты әңгімесі бойынша өмірдегі жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; қиындықтан қорықпайтын, жақсылық пен жамандықты ажырата білетін, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: оқушыларды нөлдермен аяқталатын сандардыжазбаша көбейту тәсілін үйрету; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншлігін ояту.
Мақсаты: жаңа технологияның әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, қәне кім жақсылық-жамандық туралы мақал-мәтелдер біледі?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан.«Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған.
2. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп, көзбен оқу. Топқа бөліп оқу (қарға, көк кептер, жылан, бұғы, Ақжүрек ақсақал)
3.Сөздік жұмыс.
Ақжүрек – адал, ақ ниетті.
Байлаулы – біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті.
4. Мәтіннен автор ойын тауып оқы.(соңғы азат жол).
ІҮ.Түсінгендерін тексеру:
Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан).
Олар қандай сұраққа жауап іздеді?
Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? Өз сөзіңмен айтып көр.
Осы айтылғандардың қайсысы дұрыс деп ойлайсың?
Автор өзінің айтайын деген қортынды ойын кімнің сөзі арқылы береді?
Берілген суреттерді пайдаланып «Жамандық неден екен?» постер жасау, ойын айту.
Математикалық тапсырмалар. Жасырынбақ сөз.
Ж 1.123×10=
А 2.47×100=
Қ 3.860×40=
С 4.120×300=
Ы 5.9500÷100=
Л 6.48000 ÷1000
Ы 7.32500÷10
Қ 8.75000÷100
Қазір балалар, мына видеосюжетті көріп, демалайық.
Қалай ойласыңдар, өмірде не жеңеді екен, жамандық па, әлде жақсылық па?
Осы тақырыпқа мақал – мәтел айтып көріндер.
«Жаманға жан жуымас,
«Жақсы – ай мен күндей, Әлемге бірдей»,
«Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ»,
«Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды»,
«Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы»
Қорыту
Бүгін не жайлы өттік?
Өмірде жамандықты жеңу үшін не тілер едіңдер?
Тілек ағашын әшекейлейік.
ҮІ. Үйге тапсырма:
түсініп оқу, әңгімелеу.
2. Бағалау.
Ыбырай Алтынсарин мынадай өсиет сөз айтқан. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.