Меню
Назад » » »
Дүниежүзілік мұхит.
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы Дүниежүзілік мұхит.
Сілтеме Календарлы - тақырыптық жоспарлау, 10сынып оқушыларына арналған «География» оқулығы, энциклопедиясы.

Мақсаты Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, Дүние жүзілік мұхит туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Мәтінді толық талдай білу, өз пікірлерін еркін жеткізу, өз ойларын дәлелдей алу, бірігіп істеген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғыну.
Ресурстар Дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, фломастер, стикер, презентациялар, интерактивті тақта, кескін карта, атлас,
Қолданылған модульдер Сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты коммуникациялы технологияларды пайдалану.
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, сабаққа психологиялық дайындық жасау. Көңіл күйді көтеру.Әуенмен қатар отырған оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. 1 мин
Миға шабуыл Жерде неше географиялық қабық бар?Біз үлкен жер қабығын оқуды бастадық. Ол қандай жер қабығы? Гидросфера, жердің қандай қабаты?.
1 мин
Сыныптағы 3 қатарға жеке тапсырмалар бере отырып , үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл 1 қатар– «сұрақ-жауап»
Гидосфера және дүниежүзілік су ресурстары тақырыптары бойынша сұрақтар дайындау
2 қатар – Аталған тақырыптағы терминдік сөздермен және сандармен жұмыс жасай отырып сұрақтар дайындау.
3 қатар – танымдық ойын
Тірек сызба арқылы дүниежүзілік су айналымын және «жаңару» мезгілдерін көрсету, түсіндіру.

Барлығына – жабық тест
Дәптердің соңғы бетіне тек жауаптарын жазып отырады
1 Қазақстанға ылғал әкелетін мұхит-
2 Күн жүйесіндегі ең сулы ғаламшар-
3 Судың бу күйден сұйық күйге айналуы-
4 Судың тұздылығы артқан сайын,қату температурасы қайтеді?
5 Беткі ағыстардың пайда болуына не әсер етеді-
6 Жер шарындағы тұщы су үлесі-
7 Мұхит суын көп ластайтын зат-
8 Мұхит суларының қату температурасы-
9 Тұздылықты өлшейтін бірлік-
10 Атмосфераның жоғарғы қабатына көтерілген су буы Күн сәулесінің әсерінен нелерге ыдырайды?



6 мин

3мин
Сергіту сәті.
«Мұхит әуені» видео көрсете отырып, жүзу қимылдарын жасау. 2 мин
Жаңа сабақ Гидросфераның ең негізгі кұрамдас бөлігін атаңдар.
Ю А Гагарин алғаш жер шарын ғарыштан неліктен көгілдір түспен көрді деп ойлайсыңдар.
1 мин
Әңгіме-дәріс Дүние жүзілік мұхит туралы мағлұматтар беру
МҰХИТ, Дүниежүзілік мұхит (грек. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). М. құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. 1мин
Топтық жұмыс 1 топ - Тынық мұхитына сипаттама (жоспар бойынша; көлемі, ең терең жері,шайып жатқан құрылықтары, тұздылығы, температурасы,аралдары, түбектері)
2 топ – Атлант мұхитына сипаттама(жоспар бойынша)
3 топ – Үнді мұхитына сипаттама(жоспар бойынша)
4-топ- Солтүстік мұзды мұхитына сипаттама(жоспар бойынша)
5-топ – Теңіздерге сипаттама (сыртқы,ішкі, арал аралық)
6-топ- Шығанақтарға сипаттама
7- топ- Бұғаздарға сипаттама
8- топ - Мұхит суларының қасиеттеріне сипаттама (тірек сызба)
9- топ- Мұхит суларының қозғалыстарына сипаттама (тірек сызба)
10 топ- Аралдар мен түбектерге сипаттама(тірек сызба) 3 мин
Тапсырмаларын қорғау Әр топ өздеріне тиесілі берілген тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып еңбектерін қорғайды. 10×1,5=15мин
Бағалау Бағалауды келесі параметрлер бойынша жеке оқушылар бір-бірін бағалау арқылы, жүзеге асырып отырандығы хабарланады.
Оқушы
Аты- жөні Өткен сабақ Жаңа сабақ Карта
дан білімі Белсен
ділігі Қоры
тынды
баға

1 мин
Деңгейлік тапсырма





«Жасырынбақ» ойыны
Рефлексия

Бағалау

Рефлексия 1-оқушы Аралдың координатасын табу
2-оқушы Алматыдан Ең жақын мұхиттың ара қашықтығын есептеу
3-оқушы Логикалық байланысты жалғастыр
Мұхит—Тіршілік—Адам

4-оқушы
Өзіндік ерекшелігі --------- Мұхиттың атын жаз
Ең үлкені-
Ең үлкені-
Ең жылысы-
Ең ұзыны-
Ең кішісі-
Ең тұздысы-
Ең оңтүстіктегісі-
Ең солтүстіктегісі-
Ең тереңі-
Ең ендісі-

Картаға қарап жасырынған объектілерді атаңдар.
1 Оңтүстік Америка мен Антарктиданың арасындағы бұғаз- Дрейк бұғазы
2 Қызыл теңіз бен Үнді мұхитын жалғастыратын бұғаз- Баб – эль- Мандеб бұғазы
3 Флорида мен Юкатан түбектері құшақтап тұрған шығанақ- Мексика шығанағы
4 Бейнесі азып кеткен айдаһар тәрізді архипелаг-
Жапон архипелагы
5 Ағылшындар мен француз халқын байланыстырған бұғаз- Ла- Манш бұғазы
6 Тынық мұхит пен Солүстік мұзды мұхитты жалғастырады- Беринг бұғазы
7 Гольфстрим ағысының Тынық мұхиттағы аналогы- Куросио ағысы
8 Әлемдегі ең көп найзағай жарқылдайтын арал –
Ява аралы
9 Алғашқы меридиан мен экватор сызығы қиылысатын аймақ- Атлант мұхиты,
Гвиней шығанағы
10 Саргасс теңізі қай мұхитта- Атлант

Оқушылар кімге, қандай баға қойғандарын айтады.

Қандай әсер алдық? Қандай қорытынды шығарар едің? 3 мин

5 мин

1 мин
1 мин
Қосымша оқу және қосымша тапсырма § 12 оқу және сұрақтарға жауап беру, Кесте картадағы тапсырмаларды орындау. 1 мин

Алматы облысы,Талғар ауданы,Еркін ауылы №26 орта мектеп

Ашық сабақ

10 класс

География

Дүние жүзілік мұхит.

География мұғалімі Байгалиева Ж Б


2015-2016 оқу жылы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дүниежүзілік мұхит. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 328 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar