Меню
Назад » » »
Дұрыс тәрбие - балаға өмірлік азық
загрузка...

загрузка...
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Бала би ауылы №50 Абай атындағы орта мектебінің психологы Құрманкүл Бекбаева

Дұрыс тәрбие - балаға өмірлік азық
Елдің болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие жолында аянбай, жалықпай, барлық күш жігерімен қажымай, талмай еңбек ететін ұстаз.
Әбу Насыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім құмға сіңген су секілді» - деген. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін ата қанымен, ана сүтімен бойымызға сіңген қасиеттер. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, адамгершілік, ізгілік, ұяндық, пәктік қасиеттерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бекерге айтпаған.
«Әр гүлдің өз түбірі бар, өзінше жайнайды,»
«Әр құстың өзінше үні бар, өзінше сайрайды»- дегендей әр ұстаздың өз ерекшелігі, түрлі қасиеттері, өз шеберлігі бар. Бірақ барлық мұғалімдердің алдындағы міндет біреу – ақ. Ол балғын бөбекке дұрыс тәрбие беру. Мен өз тәжірибемнен түйгенім, бастауыш мектеп оқушыларының оқу белсенділігін арттыру үшін, ең бірінші кезекте, әр баланы терең танып білу керек, оның даралық қасиеттері мен психологиялық ерекшеліктеріне орай жеке даралық қатынас құру керек. Баланың оқуға белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын педагогикалық мадақтау және жазалау сияқты тиімді қолдану қажет. Яғни баланың ерекшелігі мен білімді меңгеру қабілеттігіне орай, қандай да бір іс әрекетті орындауға күш жетпей жатқан кезде 5-10 минут сабаққа тренинг, ойын сабақтарын өтуге болады. Мысалы: бастауыш сыныптармен «Көңілді балақай», «Сиқырлы саусақтар», «Өзің жалғастыр» т.б.
Әрине, бала мақтауды жаны сүйеді, дегенмен, оны орынсыз пайдалану кері әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан, баланың орындаған әрбір ісі мен тапсырмасының нәтижесіне жеке мән беріп, мақтауға ие болудың себебін жан- жақты нақтырақ түсіндірген тиімді болады.
Аса айқын қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл - күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкеесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады.
Балалардың отбасымен, ата-анасымен қарым-қатынасын анықтау үшін ата-аналармен кездесулер, сауалнама және «Менің отбасым» проективті сурет әдістемесі қолданып зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеуде балаға қаншалықты көңіл бөлінетіндігі мен қамқорлықтың, ата-ана тарапынан қажет ететін оқушылар бар. Бұл оқушылармен сынып жетекшілер, психологтар жұмыс жүргізілуде.
Қазақтың тайқы маңдайына құдай далитып дала берген, көмейіне құйылтып сөз берген. Мұны біз көпсінбейміз де, азсынбаймыз да, бәріне шүкіршілік айтамыз. Бұл даланы да бізге құдай «Мә» деп аспаннан алып бере қойған жоқ. Осы дала үшін талай бабаларымыз үйде туып, түзде өлді. Осындай қасіретті заманның өзінде далада тербелген тал бесікке сүйеніп, қазақ анасы сәбиін де тәрбиелеуді ұмытпаған. Ұлды құл, әйелді күң, әкені тұл етпес үшін ат жалын тартып мінуге жаралған еркек кіндік тағы да жорға атына мінген. Артына із қалдыру үшін мәңгі майдан заманында қазақ жұрты «Он үште отау иесі» деген ұғым қалыптастырып баланы ерте есейткен. Тамырын тереңнен тартатын тәрбие деп аталатын киелі ұғым қазақ сүйегіне жөргегінен сіңген.
Халықтың тәлім - тәрбиенің асыл қазыналарын жан тәнімен сезініп өмірге енгізіп жатқандар - қатардағы педагог ұстаздар. Баланы дұрыс тәрбиелеу - жауапты да күрделі міндет, оны іске асыру бала туғаннан бастап, балабақша, мектеп болып жалғасатын үздіксіз процесс.
Ата - бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой – өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Отбасындағы тәрбие дұрыс болса бала бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.
Бала атаулының зейінді, зерек, айтқанды қағып алатын, ең ұғымтал кезең – мектептік шақ. Бүгінгі педагогика ғылымы да бұған айрықша назар аударып, қатты көңіл бөлінді. Ата –бабаларымыздың дәстүрі халықтың тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, осы кезеңде балаларға тәрбие беру ісі жан - жақты тіл үйрету, ақыл - ойын өсіру, еңбекке баулу ең бастысы адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілген көреміз. «Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар» - деп халық ең озық дәстүрлерді дәріптеп, ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Бала - әр жанұяның бақыты. Бала тәрбиесіне байыппен қарап, өз бақытымызды бағалай білейік. Ғұлама ғалым, ұстаз, ойшыл, философ А. Байтұрсынов «Бұл заманда қолы, жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін – өнер, білім, сол өнерге, білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, бізде өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білер едік» - деп армандаған егемдікке жеттік.
Ендеше сауатты да, саналы, белсенді де іскер, елін сүйген ер қылып тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Бала тәрбиесі» журналы, № 7/2013 ж;
2. «Мектептегі психология» журналы, №8, 2011 ж
3. «Тәжірибелік психология» кітабы, І том, 2009 ж Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дұрыс тәрбие - балаға өмірлік азық можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 342 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar