Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Даму аймағын ұйымдастыра отырып, бастауыш сынып оқушыларының  функционалдық сауаттылығын арттыру. -

Даму аймағын ұйымдастыра отырып, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1534 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
М.Маметова атындағы №35 жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Тулендиева Нургуль Оразбековна

Даму аймағын ұйымдастыра отырып, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру.

Педагогика жаңалықтарының бірі оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді енгізу болып келеді. Бастысы ол өзгерістер бірінші кезекте мұғалімге, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс. Қазіргі мұғалім барлық балаға білім беру ғана емес, әр баланың бойындағы қабілетін анықтап, ашып соған лайықты білім беруге тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткендей алдымен функционалдық сауаттылық деген ұғымға тоқталсақ. Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі. Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Әрине баланың бастауыш сыныптан бастап функционалды сауатттылығы қалыптастыру үшін, мұғалімнің шеберлігі аса маңызды. Оқыту үдерістерінде баланың функционалдық сауаттылығы арттыру мақсатында алдымен оқушының даму аймағын орнату қажет. Лев Выготскийдің ілімін ескеретін болсақ , оның ЖАДА яғни жақын арадағы даму аймағын ұйымдасты ру. Оқушыға жан-жақты даму үшін, оның сөздік қорын дамуты аса маңызды. Соныдқтан оқушыға оның көзқарасы дұрыс қалыптасуда балаға даму аймағын ұйымдастыру өтое маңызды. Ол өз ортасында немесе біреудің кһөмегіне жүгіне отырып, мысалы ата-ана, бауырлары немесе достарының сыныптастырының көмектеріне сүйене отырып, берілген тапсырманы орындап шығады. Сонымен қатар баланың сөйлеу арқылы оның танымдық қабілетінің өте жоғары дәрежеде дамитынын байқауға болады. Әр бір мектеп оқушыларының олардың жас ерекшеліктері мен олардың қызығушылықтарын, қабілеттерін ескеріп даму аймақтарын дұрыс орнату қажет. Баланың даму аймағын дұрыс орнату үшін әрине түрлі әдістер сонымен қатар қазіргі кездегі оқытудағы жаңа техналогияларды пайдалану тиімді әрі міндетті деп айтуға болады. Түрлі топтық , жұптық жұмыстарға байланысты әдістер мен тәсілдерді өздерінің оқыту үдерістерінде пайдаланса, алдымен баланың диалог арқылы, яғни басқалармен қарым-қатынас жасай отырып, сөздік қоры қалыптасады.
Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Осындай білікі мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Әсіресе бастауыш сыныптарда « Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы» т.с.с технологиялар тиімді болады. Қазақ тілін модульмен оқыту – жаңа әдістемелік жүйе.Сондықтан модульмен оқыту теориясы өзіне тән ұстамдар жүйесіне негізделеді.Оқу технологиясының бір ерекшілігі- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни жадының алуан түрлері (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағыттайды.
Жоғарыда аталған мақсаттарға бағытталуы оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір артыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында өзара коммуникативтік қарым-қатынас жасау үшін міндетті түрде әр сабақта М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша жүргізілетін оқыта – үйрету ойындарын қолданамын. Оған «Өз жартыңды тап», «Мені түсін», «Сандарды есте сақтау», «Сиқырлы сандықша», «Сөз жарысы», «Білімпаздар» ойындары жатады. «Шеңбер бойынша әңгімелеп беру» ойынын қақақ тілі сабақтарында тиімді қолдануға болады.
Ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Артықова Т., Жақанбаева А., Төлеуова М.Алматы: Атамұра, 2006
2. М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 жыл
3. “Қазақстан мұғалімі” жұрналы, 2002-2005 ж.ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.