Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Даналар сөзі – адамгершілік көзі -

Даналар сөзі – адамгершілік көзі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2374 | Размер: | Автор: гость
. Сабанбаева
Жанар
Мұхаметбайқызы
№ 68 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Астана қаласы

Тақырыбы: « Даналар сөзі – адамгершілік көзі »
Сабақтың мақсаты: халықтың мол мұрасын оқушы бойына сіңіру арқылы шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері мен адамгершілік тәлім- тәрбиесіне баулу.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, слайдтар,тестік сұрақтар
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы- шешендік сөздер арқылы өзіндік ерекшеліктерін көрсететін жанр.Ауыздан-ауызға көше жүріп,сырланып бүкіл халық қазынасына айналып кеткен.
Шешендік сөз терең ойға,ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.

Шешендік сөздердің түрлері
1.Шешендік арнау
2.Шешендік дау
3.Шешендік толғау
4.Шешендік жұмбақ
I Тапсырма
1. Шешендік...? /Арнау / Данабек
Жер деген – байлық,
Ел деген – халық.
Жер сәні – мыңғырған мал, ағылған аң.
Аққан су, жайқалған ну.
Ел сәні – атаға қарап өскен ұл,
Анаға қарап өскен қыз.
Елді ер көтереді.
Жердің құты күйінде болады,
Елдің құты биінде болады.
2. Әсет Ақтайлақ би, Қуаныш Қазыбек би, Нұрдос Қазыбек би, Ерсін
3. Шешендік ...? / толғау / Ануар
Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді,
Азаматпен дос бол –ақыл-кеіес береді.
Бармен дос болсаң,
Ернің майланады.
Жоқпен дос болсаң,
Есің айналады.
Ұрымен жолдас болсаң,
Алдыңнан дау шығады,
Артыңнан жау шығады,

Шешендік ...?/жұмбақ /
Ағат деген немене ?
Сағат деген немене?
Қанат деген немене ?
Жанат деген немене
Ханым деген немене ?
Ағат емей немене !
Екі жақсы сөйлессе,
Сағат емей немене !
Мінген атың болдырмай,
Мәрелі жерге жеткізсе,
Қанат емей немене !
Тоқтышықтың терісі
Тоңдырмаса суыққа
Жанат емей немене!
Адал болса ,алған жар,
Ханым емей немене!
Жайлы болса мінезі,
Жаның емей немене!

Қазыбек би: Қуандық

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма,
Кесепаты тиер еліңе,
Елім өссін десің,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға
-Қастық қылма,
Қайғысы көшер басыңа,
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа,
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.
4.Шешендік дау
Жақсы туған қыз бала
Батыр туған ермен тең
Ақылы аз болған соң,
Жаман адам пұл мен тең.
Жабырқап көңілі ашылмай
Көз жасын көрер пенде жоқ,
Қаиғының дерті умен тең.
Еркі өзінде бар болса,
Мына отырған жас бола,
Болар еді кімнен кем.
Ақтайлақ би: Айзат.
Өзімшілдік, әдептілік жайында.
Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,
Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді.
Жақсының өзі өлседе, сөзі өлмейді,
Жаман адам ашпаса көрмейді,
Айтпаса сезбейді.
Қалауын тапса қар жауады,
Сұрауын тапса нені бермейді.
Көре алмаған ағайын не демейді,
Тәңірдің ісі таразы,бар мен жоқты теңейді.
Досбол би:
Ер азырында есірік болар,
Адамда бір-бір кесірік болар,
Елдері арам адал болар,
Елдегі жақсы қазан болар,
Жігіт кеселгіш болар,
әйелі өсекші болар,
Елдің шынары болмас,
Үлкеннің ұғары болмас,
Кішінің тұрағы болмас,
Ел тозып, ығыр болар,
Ер қажып, тұғыр болар.
Баққаны базар болар,
Айтқаны азар болар,
Пәле түбі- тұт,
Жақсы мінез –құт,
Күндердің күнінде,
Ел бір жақсыға зар болар.

II Тапсырма Тестік сұрақтар
1. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.Ақылыңды,сөзіңді ақылсызға қор етпе.Кімге, қай жерде,қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл ».
А/ шешендік толғау
Б/ шешендік анрау
В/ шешендік дау
2. «Қазақтар ... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді.Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөздер ұйқасып, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың.»
А/ Радлов В.В.
Б/Пушкин А.А.
В/ Құнанбаев.А.
3.Нағыз шешен сөзге ..., ... болу керек
А/тапқыр, шебер, батыл
Б/ айлакер, шебер
В/ақылды, көреген
4.Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін қайдан көреміз ?
А/ертегі, аңыз әңгімелерден, дастандардан
Б/көркем шығармалардан
В/ мәтіндерден
5.Қайсы бидің сөзі ?
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі.
А/ Төле би
Б/Әйтеке би
В/ Қазыбек би
6. Қайсы бидің сөзі:
Арадан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылағын сөз қиын.
Жазылмаса дерт .
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.!
А/ Төле би
Б/Майқы би
В/ Бәйдібек би.
Атың жақсы болса
ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағың,
Әйелің жақсы болса
Бірінші –иманың,
Екінші –жиғаның
Үшінші – ырысыңның тұрағы.
Қайсы бидің сөзі. Нұрдос.
Ауыл ақсақалы шала болса,
Жігіттері алты ауыз ала болса
Ә десе мә дейтін,
Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе,
Сол ауылдың берекесі кетеді.
III Тапсырма
Би- шешендер бойындағы сан қырлы қасиеттерді топтап көрсетіңдер:





Қортынды сөз
Қазақ халқы жаратылысынан шешендік өнерге өте бейім.оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі , аталы да баталы, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де , өзгелер де таңдай қағып айтудамыз.Бұрынғы уақытты тентегін, бұзығын, ұрысын бір ауыз сөзбен тоқтатқан. Қазақта сөз ұғар адамды сөзбен ұрмай- соқпай талдырып, адамгершілікке, кішіпейілдікке баулыған. Біз аталар мұрасын жадымызда келер ұрпаққа жеткізердей сақтауымыз қажет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.