Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дара және күрделі етістік -

Дара және күрделі етістік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1185 | Размер: | Автор: гость
. Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №26 мектеп - гимназиясының 2 сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызының ашық сабағы

Қазақ тілі
2 сынып
Тақырыбы: Дара және күрделі етістік
( интербелсенді тақта арқылы)
Мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларғаетістіктің дара және күрделі болып бөлінетін,күрделі етістіктер екі, үш сөзден құралып, құрамындағы сөздердің бөлек жазылатынын меңгерту.
2. Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып,білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Жерін,елін, Отанын сүюге,табиғатты аялай білуге тәрбиелей отырып,құстарға,жануарларға қамқорлық жасау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, салыстыру, талдау.
Формасы: Жекелей, жұптық, фронтальды
Көрнекілігі: Суреттер, сызба, ойындар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қазір қандай сабақ екендігін еске түсірейік.
Қазақ тілім- өз тілім,анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар,ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
ІІ. Өткенді қайталау.
- Сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын сөздерімізді табамыз.
1.Қандай сөз таптарын білесіңдер?
2.Етістік дегеніміз не?
3.Етістіктің сұрақтарын ата.
4.Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
- Сонымен, өткен сабақта етістіктің қандай түрлерін өтіп едік?
Дара етістік дегеніміз не?
Күрделі етістік дегеніміз не?
ІІІ. Негізі бөлім
1.Ой қозғау. «Буындардан сөз құра»
Берілген тем,көк буындарынан сөз құраймыз.
Қандай сөз шықты?
Көктем.
Балалар көктемге байланысты суреттерді тауып, топтастырамыз. (суреттерді әкелеп қояды)

құстар

ұя ағаштар

бүршік

2. Дәптермен жұмыс.
-Дәптерлеріңе осы суреттер бойынша сөйлем құрап жаз.
- Құраған сөйлемдеріңнің ішінен етістікті тауып, қай түріне жататынын ажырат.
Қорытынды: Дара етістік пен күрделі етістікті қалай ажыратамыз? Күрделі етістік қалай жазылады?

3. «Жылдам тап» ойыны
Берілген суретке сәйкес етістіктерді сызба арқылы көрсет.

Жаңбыр ұшады
Кеме гүлдейді
Тікұшақ жауады
Гүл жүзеді
Қорытынды: Етістік қай сөз табымен байланысты? Сөйлемнің қай жерінде кездеседі?

4. Сергіту сәті.
Солға,солға түзу тұр,
Оңға,оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

5. Оқулықпен жұмыс.
-Оқулықтарыңның 130-бетін ашып, 354- жаттығуды оқиық.
1- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып сөздерді оқы.

2- тапсырма. «Ішіне –сыртына» ойыны.
Дара етістіктерді ішіне,сол етістіктерді күрделі етістікке айналдырып, сыртына жаз.

Ішіне Сыртына

күреді күреп жатыр
үйді үйіп жатыр
құйды құйып тұр
сүзді сүзіп жатыр
ұшты ұшып жүр

6.Жұппен жұмыс.
«Сөйлемді аяқта» ойыны.
І нұсқада отырған оқушы нүктенің орнына тиісті дара етісткті,
ал ІІ нұсқадағы оқушы күрделі етістікті қойып жазады.
Арман кітап .......
Айдын футбол .........
Жұптағы балалар бірін –бірі тексереді.
ІV. Қортынды: Етістік турады эссе жазу.
V. Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: 356- жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.