Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дарынды балалармен жұмыс -

Дарынды балалармен жұмыс

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1734 | Размер: | Автор: гость
. Мирзаметова С., Педагог – психолог
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі
Түркістан қаласы. ОҚО

Сабақтың тақырыбы: «Дарынды балалармен жұмыс»

Дарынның жалпы сипаттамасы және жаңа танымдық көзқарастарды дамытудағы шығармашылық дарын.
Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжрибелері дәлілдеп отыр. Ғылымда қоғам, орта мектепте тәрбие нәтижесінде дарынды анықтауға, оны дамытуға мүмкіндік бар. Дарын - адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оын одан әрі дамыта білу қажет. Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші беруілердің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері, өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Ешбір адам анадан данышпан болып тумайды, тек қабілет иесі, дарын иесі болып дүниеге келеді. Демек осы дарын иесін шеберлікке жеткізген қоғам, мектеп. Әрине өте сирек те болса, өмірде дарындылықтың туа болатын жағдайы кездеседі.
Мұғалімнен, білім стандартын, бағдарламада көрсетілген жүктемелерді орындау бірінші талап етіледі. Осыған орай мұғалімге көбінесе оқушының күнделікті сабақтартын жақсы оқып, соны меңгерсе жеткілікті көрінеді. Тіпті кейбір кездері оқушының қайсыбір пәндерді меңгере алмай, өте төмен нәтиже көрсетуіне ренжіп, ол оқушыны сол пәнді зорлықпен үйретуге тер төгіп жатады, бірақ ондай еңбетің еш нәтиже бермейтінін де тәжрибе көрсетіп отыр. Осының нәтижесінде оқушыға жаман, нашар, үлгерімі төмен бала деген көзқарас қалыптасып кеткен, оның жақсы қабілеті, дарырын көрсете білетін баланың шебер зергерлік, сүретшілік, сөз тауып айтатын қабілеті бар шығар, сол қабілетті ашатындай мүмкіндік жасалса мысалы: үйірмелер, сыныптан тыс іс-шаралар баланың еңсесін көтермелейді, өзге балалардан ерекшелігін өзі танып өзін бағалауы артады. Баланың жанын түсінуге, білім алуын жеңілдетуге көмектесетін аранйы маман психологтар қызметі мектеп тәжрибесінде кеңінен орын алуда. Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселені толық шешпейтінімен, әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығын дамуына мүмкіндік береді. Мен өз тәжрибемде, мектеп психологы ретінде төмендегідей зерттеу, бақылау жұмыстарын сынып жетекшілерімен біріге отырып жүргіздім.

№ Оқушылардың
аты-жөні Жақсы көретін
пәні Сурет салу қабілеті Ән айту қабілеті Айналыстанып спорт түрі Кім болғысы
келеді.
1 Абдуваитов Ш Матем + - Волейбол Экономист
2 Абдуллаева М Матем + + Баскетбол Экономист
3 Атажанова М Ағылшын + + Баскетбол Мұғалім

Осы зерттеудің нәтижесінде оқушылардың икем-дағдысын анықтап, мектеп директорымен кеңесу арқылы мүмкіндігінше түрлі үйірмелер ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстарын психолог өз бақылауында ұстай отырып, зерттеу жұмыстарын жалғастыру арқылы баланың бағытын дамытуға көмектседі.
Дарынды балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жаттығулар, тренингтер өткізуге болады. Мысалы: Бастауыш сынып оқушыларына «Бабан», «Сілкіп таста» ойынын қолдануға болады. Орта буын оқушыларына және жоғары сынып оқушыларына «Ақ поезд», «Падушка» ойынын өткізуге болады.
Адамның жығармашылық қабілеті жастайынан қалыптасады. Оның дамуының ең интенсивиі кезеңі 2-5 жас аралығы. Бұл жаста баланың фундаменті қалыптасып, біліне бастайды. Бірінші білінуі әртүрлі қиын жағдайлардан өту әрекеттерінен көрінеді. Яғни, шығармашылық қабілетті осы жерден іздеу керек. Ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің міндеті баланың осы талпынысын қуаттау. Сонымен қатар даму баланың есте сақтау қабілетіне байланысты, ол арнайы таңдалатын және эффектифті талант. Жақсы есте сақтау қабілеті жастайынан сөйлеу қабілеті мен абстрактылы ойлануға негізделеді. Дарынды бала тәжрибені талдау қабілеті мен жиналған білімдерін кең қолдана алу қабілетімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, бір нәрсеге қатты көңіл бөлінуінен, осы қызықтыратын салада нәтижелер алуға тырысуынан көрінеді Оларда жас кезінен әділеттік сезімі қатты дамыған. Олар өзіне және оны қоршағандарға жоғары талап қойып, шындыққа, әділеттікке, табиғатқа жақын болады.
Шығармашылық дарын компоненттері екіге бөлінеді. Біріншісі ішкі компонент деп аталады. Екіншісі сыртқы компонент деп аталады. Бірінші компоненттің өзі бірнеше бөліктерден турады.
1-сі жаңалық табу әрекеті
2-сі шешім қабылдай алу әрекеті
3-сі болжау қабілеті
4-сі жоғары эстетикалық қабілеті
5-сі тәрбиелік және интеллектуалдық бағаларды беретін ойлар.
Екінші компонент тіл мен ойлаудың тез дамуы, жастайынан музыкамен, сурет салумен, оқумен, есептеумен айналысуы, баланың барлық нәрсені білгісі келушілігі ізденіс әрекеттері болып табылады.
Шығармашылық сапасының ішкі құрылымына баланың тынымдық қажеттіліктері жатады. Дарынды баланың танымдық қажеттілігі зерттеу, іздеу әрекерретінен көрінеді. Зерттеу әрекеті баланың дүниеге тануына белгісізді белгіліге айналдырып, образдың тууын қамтамасыз етеді.
Дами келе дарынды бала зерттеу әрекетінен жоғарылап, жаңа нәрсеге қатысты сұрақтар мен проблемаларды өзі табу жағдайына жетеді. Іздеу диапазоны кеңкйеді. Осы этапта дарынды баланың белгісі сәйкессіздік пен қарама-қайшылықты іздеу проблемасынан білінеді. Бір жаңалықты ашуда қиыншылықтарды жеңуден көрінеді.
1.2 Дарынды балалардың ерекшеліктері және олардың алдында тұратын проблемалар.
Баланың дарын қабілеттігі екі факторға бөлінеді.
1. Биологиялық фактор (гинетикалық ұрпақтап-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дарын қабілеттілік)
2. Ұсақ әлеуметтік фактор (қоршаған ортаның жанұядағы ата-ананың дұрыс тәрбие беруі т.б).
Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер.
1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде.
2. Құбылымтар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдамалар жасау.
3. Жақсы есте сақтау.
4. Сөздік қоры үлкен.
5. Дайын шешімді қабылдамау.
Дарынды балалар алдында тұратын проблемалар.
1. Мектепке деген сүйіспеншіліктің жоқ болуы. Мұндай сезім дарынды балаларда көбінесе оқу бағдарламасы қызық емес болғаннан пайда болады. Тәртібінің бұзылуы көбінесе оқу жоспары олардың қабілеттілігіне сай емес болғаннан болады.
2. Ойындық қызығушылық. Дарынды балаларға қиын ойындар қызықты.
3. Философиялық мәселелерді ойлауы.
4. Дарынды балалар көбінесе өзінен үлкен балалармен араласуды қалайды.
5. үлкендердің назарын аударуға тырысады.
1.3 Аса дарынды және талантты балаларды дамыту мен диагностикалау.
Өте маңызды проблемалардың бірі – дарынды балаларды анықтау.
Біріншіден, жанұяда бастапқы кезең дамуында көбінесе балаларды түсінбейді, кейде ата-анасы балалардың белсенді танымдық әрекеттеріне қарсы болады. Қалыптасқан көзқарас бойынша, бала басқа балалар сияқты болуы тиіс. Екіншіден, белсенді шығармашылық қабілеттер балаларда жоғары жүйелік- психикалық сергектікпен жүреді, олар бір орында тұра алмаушылықты, ұйқыларының дембе – дем бас ауруларына соқтыру мүмкін. Сондықтан, дарынды болжау проблемасына арнайы тоқталу керек. Баланың танымдық белменділігі мен оның динамикалық дамуын анықтайтын әдістердің бірі СОНА әдісі. Сона әдісінде, баламен және ата-аналарымен жүргізілетін әңгімелесуден басталады. Бұл әңгімеде дарынды балалардың қандай іспен сүйсіне айналасатындығы туралы сұралады. Бұл әдістің негізінде дарынды балада негұрылым танымдық қызығушылықтары басым болса, соғұрылым ол шығармашылық дарынды болады.

№ Ата-ананың пікірі Баланың пәнге деген қызығушылығы Баланың әлсіз жақтары Баланың мықты жақтары
1 Баланың жас жеткіншектік кезінде мұғалімдер тарапынан үнемі қадағалануын өтінемін.
Математика, әдебиет, ағылшын тілі пәндеріне өте жоғары деңгейде қызығады. Үйде сол пән үшін 4-5 сағат уақытын бөліп дайындалады. Ұялшаң Барлық сабақтарға жықсы дайындалу, сабақ барысында белсенділік көрсету, бір қалыпты, таза жүру.
2 Психолог ұсынысы: 1. Баланың қызығушылығы жоғары деңгейдегі пән бойынша сабақтан тыс уақытта қосымша материалдар берілсін.
2. Олимпиада, үйірмеге қатысу.
3. Мұғалімдер тарапынан қолдау қажет.



ІІ. Жеткіншектірдің интеллектуалды және психологиялық дарын ерекшеліктері.
Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін бірнеше параметірге бөліп қарауға болады. Оларды бағалау үшін мына төмендегі көрсеткіштер қолданылады.
1-сі Жылдамдық
2-сі Ауытқымалы
3-сі Оригиналдық
4-сі Нақтылық
- Жылдамдық (тездік, жеңілдік)- бұл фактор шығармашылық ойылаудың жылдамдығын сипаттайды.
- Ауытқымалық – бұл фактор ойлаудың бірінен екіншісіне тез көше алу қабілетін сипаттайды.
- Оригиналдық – ойлаудың өзіндік ерекше сипаты, проблемаға бір жақты қарамай жан-жақты қарау.
- Нақтылық – шығармашылық ойлаудың нақтылығын, логикаға сайлығын сипаттайды, ол қойған мақсатқа сай адекватты шешім қабылдай алу факторы.

Дарынды балаларда төмендегі қабілеттіктерді дамыту қажет.
1. Танымдық қабілеттіктері:
- үлкен көлемді ақпаратқа ие болу
- үлкен сөз қоры
- себеп-салдық байланыстарды табу
- қорытынды жасай алу
- курделі мәселелерді шешуге қатысу
- курделі идеяларды қолға алу
- қарама-қайшылықты түсіне білу
- жағдайларды талдау
- талқылай алу
- процестердің өзін және нәтижесін бағалай алу
- идеяларды практикада пайдалану
- өз ойын сынай алу
- бәрін білгісі келушілік
2. Шығармашылық қабілеттіктері:
- тәуекелдікке бару
- ойлау мен іс-әрекетінің жылдамдығы
- тез ойлау
- жаңа бір нәрсе ойлап таба алу
- бай фантазия
- курделі заттарды қабылдай алу
- эстетикалық құндылықтар
- дамыған инструкция.
3. Эмоционалды ерекшеліктері:
- басқаларды сыйлву
- басқа адамдардың ерекшеліктеріне шыдау
- өзін-өзі талдай алу
- сынға шыдау
- тапсырмаларды орындауда алған бетінен қайтпастығы
- ойлау мен іс-әрекеттерінде еркіндігі
- әзілкештік
- мораль проблемаларын талдай алу
- өз күші мен қабілетіне сенімі
- ішкі сезім.
1. Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге кеңес.
1. Баланың бейімдік жақтарына қарай сабақ жоспарын құру.
2. Ең күрделі сұрақтарға берілетін кеңестердің тақырыбын анықтау.
3. Баланы тексеру формасын таңдау. (тест, сұрақтар, т.б)
ІІ. Балаға берілетін мәліметтер
1. Тақырып аты
2. негізгі сұрақтар
3. термин сөздер
4. әдебиеттер тізімі
5. бақылау түрі
6. өзін-өзі тексеруге тапсырмалар
ІІІ. Нәтижелерді талдау үшін кесте құру керек.
1. пән
2. кеңестің уақыты мен күні
3. негізгі қаралатын мәселелер
4. бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар
5. іс жүзінде кеткен уақыт
6. бағдарламаға кірмеген қосымша сұрақтар
7. анықталмаған сұрақтар
8. уақыттан ауытқу себептері.

№ Пән Тақырып аты Қосымша сұрақтар әдебиеттер тізімі
1 Математика
2 Әдебиет
3 Ағылшын тілі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.