Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дарынды оқушыларды анықтаудағы басты белгілірі -

Дарынды оқушыларды анықтаудағы басты белгілірі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1217 | Размер: | Автор: гость
. Қазақстан облысы ,Сарыағаш ауданы
№131 Абай атындағы
жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ширинбаева Ырыскуль

Дарынды оқушыларды анықтаудағы басты белгілірі

Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Қазіргі мектепті философтар «адамзаттың өзіне - өзі қойған қақпаны» деп айтып жүр. Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық - саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан - жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалды дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.
Жас жеткіншектін бойындағы табиғат берген ерекше қабілеті,дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу әр ұстаздың парызы.
Жалпы дарын , дарынды оқушы деген сөздерге тоқталар болсақ .
Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет.Яғни дарынды бала, асқан талант.
Дарындылық адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалар мен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Ал дарынды бала дегеніміз кім-өз қатарларынан әлдеқайда дамыған,ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша қабілеттілік танытып,жоғары жетістіктермен дараланатын бала.
Дарындылықтың өзі екіге бөлінеді:
1.Айқын дарындылық
2. Жасырын дарындылық
Дарындылық : Жалпы (интеллектуалды )дарындылық.
Нақты дарындылық.
Жалпы дарындылық дегеніміз,жалпы икемдігі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, ойлау қабілеті жан-жақты, кез-келген тақырыпта әңгімелесу, мәселелерді шешу және өз тәжірибесінде үйрену деп тұжырымдалады
Интеллектуалдық қабілеттер -жалпы дарындылық психологиялық ядросы болып табылады .
Нақты дарындылық: Белгілі бір іс-әрекет аймағында,атап айтқанда музыкалық, көркемдік, спорттық т.б қасиеттері бар балалар
Дарынды баланың ерекшеліктері
- Танымдық қасиеті жоғары
- Есте сақтау қабілеті жоғары
- Кез-келген іс-әрекетті «өзінше орындайды»
Дарындылықтын түрлері:
• Интелектуалды дарындылық ;
• Академиялық дарындылық ;
• Көркемдік дарындылық;
• Шығармашылық дарындылық;
• Лидерлік және әлеуметтік дарындылық;
• Спорттық дарындылық ;
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұжымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек,онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық- өзінің жаңашылдығымен, өзгешілігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын,жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы.
Талант- қабілеттіліктің жоғары деңгейі.
Данышпандық – ұғым өмірінде тарихи маңызы бар,шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтын жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылықтын ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалады.
1. Баланың қызығушылығымен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс- әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамудың нақты деңгейде ғана емес, сондай- ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата- аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу кездерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Оқушы дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екеніне айдан анық .
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру.Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызы орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығы,яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Дарынды баланы анықтау,дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан, еліміздегі жоғары оқу орындарында дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты қарастырмаған. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми- әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды.
Ал бұл дарындылық дәрежесін шешуге қиындық туғызады. Сондықтан арнайы дайындықсыз мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:
- көптеген жағдайда олар дарынды оқушыға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі дүниесіне үңіле алмайды;
- тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі,себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
- дарынды оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді ;
- Олар дарынды оушылармен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, ал жұмыс жасағанның өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығының, яғни сапасына гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жібереді;
- дарынды оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми- зеріттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді;
- ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді;
- дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;
- олар дарынды оқушыларға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алды және сол бағытта талмай жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
- жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты қоя біледі;
- оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зеріттеу жұмысына айналысуына көркем жасай алады;
- педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;дарындылықты ақтауда әр түрлі психо-диагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда оқытудың әр түрлі жаңа техналогияларын тиімді қолдана біледі ;
Дарынды оқушымен жұмыс істеитін мұғалімге қойылатын педагогика- психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге балады.

1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптары:
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік –қажеттілігін сезінуі;
- оқушыны жақсы көруге және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым қатынаста болуы;
- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу танытуы және нәтежелі әдіс- тәсілдерді талмай іздеуі
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылу;
1. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейіне білуі;
- қызмет нысанасынан, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білдуі;
- оқушы дарындылығының моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- Дарынды оқушыны оқыту,тәрбиелеу үрдісінде үлгеріміне ғана көңіл бөлмей,оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
1. мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптр:
- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама қарастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүзеге алуы;
- дарынды оқушыны зерттеуге психо -диагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқушымен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;
- дарынды оқушыны нәтежесін нақты бағалай білуі;
- дарынды оқушының ғылыми- ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі.
Демек, дарынды балаларды анықтау- арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.
Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр, өйткені білім мен ғылымды көтеріп, еліміздің абыройын асқақтатып, дүниеге танытатын жеке тұлғалар. Сол жеке тұлғалар бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады. Дарынды оқушының белгілі бір нәтежеге жету қаржылық еңбектің, шығармашылық ізденістің нәтежесінде болатыны даусыз.
Дарынды баламен жұмыс сыныпта сабақ бермеумен шектелмеуі керек. Ол жұмыс- мұғалімнің қаржылы еңбегін көп уақытын, педагогикалық шеберлігін қажет етеді.
Мектепте дарынды балалармен жұмыс істейтін, оның жұмысын бақылап, бағыт беріп отыратын педагогтардан ғылыми кеңес жұмыс жасайды.
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдері қолданамыз;
- баланың отбасы жағдайын зеріттеу;
- шығармашылық қабілетін анықтау ;
- сауалнамалар, психо - диагностикалық тренингтерді өткізу;
- ата-анасымен әңгімелесу;
- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;дарынды оқушыларды жан-жақты дамыту ісінде әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан кейбір мәселелерді де ортаға салғымыз келеді.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, әлі күнге дейін базистік оқу жоспары жасалмаған. Білім беру мазмұнында да дарынды балалардың ерекшеліктері ескерілмеген. Бұл проблема оқулықтар мазмұнында да кездеседі.
Еліміздің ертеңгі болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екені баршаға белгілі.
Сондай-ақ дарынды оқушымен нәтежелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби бейне мынадай қасиеттерден тұрады;Жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-эеріттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Мұғалімнің дарынды оқушымен жұмысқа дайындығының қалыптасуының мәселесі арнайы ғылыми зерттеуді қажет етеді. Ал қазіргі жағдайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интелектуалдық әлеуметтілікті арттыру аса қажет.Сондықтан мұғалімдер жетілдіру арқылы және,әріптестермен тәрбие алмасу арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейді жоғарлату тиіс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.